Маңғыстау соты туған қызын зорлады деп айыпталған ер адамды ақтады

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья туған қызын бес жыл бойы зорлады деп айтыпталған ер адамды ақтады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Halyq Uni тілшісі заңгер Қарлығаш Қожағалиеваға сілтеме жасап жазды.

Іс 2021 жылы 6 шілдеде қозғалған. Жаңаөзен қаласының прокуратурасында ер адамға қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлігі (зорлау) және 124-бабының 2-бөлігі (жас балаларды азғындық жолға түсіру) бойынша айып тағылған.

 

Тергеу соты тергеу барысында жәбірленушінің және куәгердің жауабын алған. Жасөспірімнің айтуынша, әкесі 2016 жылдан бастап оқтаумен ұрып, қорқытып, 2021 жылға дейін зорлаған. 2021 жылы оқиғаны отбасының екінші қызы көрген.

 

2021 жылы сотталушы тергеуден жасырынып, қашып жүрді. Ол тамызда Астанада ұсталды. Қашып жүрген уақытында сотталушы бірнеше рет әйеліне хабарласып, кінәсін мойындаған. Есірткі шеккеннен болғанын айтып, кешірім сұраған. Тағы бірде хабарласып, өлетінін айтқан. Осының бәрі жазылған аудио-видео қылмыстық іс барысында дәлел ретінде келтірілді. Қылмыстық іс материалдарына бәрі тіркелді, - деді заңгер.

 

Ал жасөспірім сотта жауап берген кезде психолог қатысқан. Соттағы жауабы барысында ешқандай қысым көрсетілмеген деген қорытынды берілген.

 

«Қыздың анасы сол жағдайды білгеннен кейін бірден арыз жазбаған. Туыстарының «ұят болады», «қызыңның тағдырына балта шабасың» деген сөздерінен кейін арыз бермеген. Содан кейін әйел психологқа онлайн режимде жазылып, бес жыл бойы күйеуінің туған қызын қорқытып зорлап жүргенін айтқан. Психологтар бұл жағдайды жасырын қалдыруға болмайтынын айтқан», - деп түсіндірді Қарлығаш Қожағалиева.

 

Заңгердің айтуынша, судья Бұлғақбаева ер адамға қатысты ақтау үкімін шығарған.

 

«Судья Бұлғақбаева бәрін жоққа шығарып, заңсыз үкім шығарып отыр. Бұл шешіміне жемқорлық әсер еткен болуы мүмкін. Тергеу амалы барысында жасалған медициналық сараптама қорытындысында зорлық-зомбылық әрекет болмаған делінген. Сараптаманы заңсыз деп тануын сұрадық. Алайда бұл өтінішімізді қанағаттандырмады. Сараптама бойынша сарапшылар нақты сұрақтарға жауап бере алмады. Сол сараптаманы сот заңды деп санап, сотталушыны ақтау үкімін шығарды», - дейді заңгер.

 

Сот жәбірленуші мен куәгерден сотталушының көзінше жауап алған. Заңгердің айтуынша, жәбірленуші тарап бұған қарсы болған.

 

Сот кәмелетке толмаған куәгерден психологтың қатысуынсыз жауап алды. Жәбірленуші тарап бұған да қарсылық білдірдік. Содан кейін куәгерден қайтадан жауап алынды, - дейді Қарлығаш Қожағалиева.

 

Іс бір жарым жылға созылған. 2022 жылдың 16 қарашасында ақтау үкімін жариялаған.

 

2022 жылдың 12 желтоқсанына дейін жәбірленуші тарап үкімді ала алмадық. Апелляцияға беруге 3-4 күн қалды, - дейді заңгер.

 

Заңгердің сөзінше, жарыссөз барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушыны 25 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Жәбірленуші тарап та мұны қолдаған. Сондай-ақ моральдық өтемақы ретінде 30 миллион теңге сұрап отыр.

 

Halyq Uni Маңғыстау облысы сотының баспасөз қызметіне сауал жолдап, істің мән-жайын нақтылауды сұрады.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста