Маңғыстау - өнбейтін тірліктің емес, өлмейтін бірліктің өнегелі бесігі - Дархан Қыдырәлі

Ақтауда «Маңғыстау» газетінің 50 жылдығы, облыстық, қалалық, аудандық газеттер мен ақпараттық порталдың басын қосқан «Маңғыстау-Медиа» ЖШС-нің 10 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.

 

Салтанатты жиында сөз сөйлеген Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі: «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Елдің киесін сақтаған, ұлттық дәстүрдің өзегін жалғаған Маңғыстау өңірі әрқашан елдіктің тірегі болады» деген сөзі майлы қиянның тарихы мен тағылымына шын ықылас пен құрметтен туса керек. Сондықтан Маңғыстау - өнбейтін тірліктің емес, өлмейтін бірліктің өнегелі бесігі. Төрт бірдей мерейтойды атап өтіп жатқан осы маңғаз мекеннің төрт құбыласы түгел болсын!», - деді министр.

 

Сонымен бірге Д.Қыдырәлі: «Еліміздегі ұлттық БАҚ-тың атасы «Қазақ» газеті екені белгілі. «Маңғыстау» газеті де сол «Қазақтың» жолын қуған ізбасарының бірі. Біз биыл сол «Қазақ» газеті жарық көрген - 2 ақпанды Ұлттық басылым күні деп жариялау туралы ұсыныс бердік. Өңірдің атын иеленіп отырған Маңғыстау басылымына да сол «Қазақтың» жолын тілейміз», - деді.

 

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев «Маңғыстау» газеті аймақтың жарты ғасырлық тарихын талмай парақтап келе жатқанын атап өтіп, газеттің ардагерлері мен оқырманын, бүгінгі ұжымын құттықтады.

 

– Бүгінгідей аласапыран ақпаратта, жаңалығы мың құбылған заманда баспасөз қызметінің маңызы аса зор. Соның ішінде ақпарат және насихат құралы ретінде газеттің орны бөлек. Алаш ардақтысы Міржақып Дулатұлы «Қай жұрттың баспасөзі мықты болса, сол елдің өзі де күшті», - деген екен. Осы орайда газеттердің ықпалын арттыру, журналистердің мәртебесін көтеру мәселесі де назардан тыс қалмауы керек. Маңғыстаудың баспасөз-ақпаратының қуаты артып, медиа орталықтарыңыз өркендей берсін! Қалам ұстаған қауымға шығармашылық шабыт, баршаңызға толағай табыс тілеймін!», – деді Нұрлан Ноғаев.

 

Іс-шараға Парламент Сенаты және Мәжілісінің депутаттары мен қаламгерлер қатысты.

 

 

 

 

ҚР АҚДМ баспасөз қызметі

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста