Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса көпбалалы ананың өтінішіне ренішпен жауап берген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Нalyq-uni.kz тілшісі 716.kz сайтына сілтеме жасап жазды.
Бұл ретте әйел өзі тұратын екі қабатты тұрғын үйде орталық кәріз жүйесі жоқ екенін, шенеунікке егер мәселе шешілмесе, көшені жауып тастайтынын айтқан.
Мердігер келіп, әкімдік ақша бөлмегенін жеткізді. Сіз әлі рұқсат бермегенсіз. Неге? Біз не істеуіміз керек? Болмаса, мен көшені жауып, сол жерде тұрамын, - деді әйел.
Әкім бұл қоқан-лоққыға тіксініп қалған. Сосын әкімдіктің кәріз жасауға міндетті емес екенін, ол мәселені шешуге әлі біраз уақыт керектігін түсіндірген.
Қаржы бөліну үшін сессия өткізу қажет. Сосын конкурс өткізуге тағы уақыт керек. Бұл жыл бойы жалғасады. Егер бірдеңе ұнамаса, біз сізге бұл кәріз жүйесін жасауға міндетті емеспіз. Бұл – сіздің үйіңіз, оны түсінгіңіз келмейді. Кәрізді де, үйіңізге сантехникалық жұмысты да өзіңіз жасауыңыз керек. Сіз оны қалай істеймін деп шештіңіз? Егер бізден көмек сұрасаңыз, онда күтуіңіз керек. Маған шарт қоюдың қажеті жоқ! Мен міндетті түрде көмектесемін, шыдаңыз! - деді Бауыржан Ғайса адуынды әйелге.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz