Мафия басшысының алғашқы сұқбаты

 Insider.​pro мексикандық наркобарон Хо­аки­н Гу­сма­нның (негізінен Эль Чапо деген лақап атпен танымал) өмірінде бірінші рет баспасөзге берген сұхбатын Rolling Stone журналынан алып орысшаға аударыпты. "Шын" ақпарат агенттігі қазақшаға тәржімалап назарларыңызға ұсынып отыр.
Хо­акин Гу­сман мек­си­кан­ың «Си­на­лоа» нар­ко­кар­телін басқарады. Олар АҚШ-қа жеткізілетін есірткінің көп бөлігіне жауапты. 2012 жылы Forbes жур­налы Эль Чапоны әлемдегі мил­ли­ар­де­рлердің қатарына қосыпты, ал, 2013 жылы ол осы журналдың версиясы бойынша әлемдегі ең ықпалды тұлғалардың тізімінен 67-ші орын алды. Сарапшылардың есебінше, Гу­сма­нның картелі жылына 3 млрд дол­ла­р пайда табады.

2015 жылы шілдеде Аль­мо­лойя-де-Ху­а­рес түрмесінен қашып кеткен Эль Чапо жақында, 8-қаңтарда қайта қолға түсті. Соның алдында ол актер Шон Пеннмен сұқбат барысында әлдемдегі есірткіге тәуелділіктің артуына өзін жауапты санамайтынын айтты. Оның пікірінше, наркотрафик әлдеқашан "аталардан келе жатқан мәдениеттің" бір бөлігіне айналған. Мексикада солай және бүкіл әлемде де солай. Эль Чапо есірткі қолданбайды және өзін жауыз адам деп санамайды: «Мен бар болғаны өзімді қорғаймын. Бары сол. Мен бірінші болып мәселе тудырамын ба? Ешқашан».
— Балалық шағыңыз қандай болды?
— Балалық шағым алты жасымнан бастап есімде қалыпты: ата-аналарым, өте жұтаң және кедей отбасы. Анамның сату үшін нан пісіретіні есімде. Мен оны сататынмын. Апель­си­н, га­здалған су, кәмпиттер сататынмын. Анам көп жұмыс істейтін. Біз жүгері мен бұршақ егетінбіз. Мен әжемнің қойларын жайып, отын шабатынмын.
— Наркобизнеске қалай келіп жүрсіз?
— Мен өскен жер—Ба­ди­ра­гу­а­то му­ни­ци­па­ли­тетінде — сол кезде де, қазір де ешқандай жұмыс жоқ. Ақша табудың, күн көрудің жалғыз жолы мак, марихуана өсіру. Мен 15 жастан бастап осыларды өсіріп, саттым. Міне, мен саған осыны ғана айта аламын.
— Ары қарай не болды?
— Мен фермамыздан 18 жасымда Ку­лья­канға кетіп қалдым, кейін Гва­да­ла­ха­рға табан тіредім. Бірақ ферманы ұмытқан емеспін. Қазір де келіп тұрамын. Себебі, құдайға шүкір, анам тірі, біздің фермада тұрады.
— Сіздің отбасылық өміріңіз содан бері қалай өзгерді?
— Бәрі орнында — менің балаларым, аға-бауырларым, жиендерім бар. Біз керемет тіл табысамыз, бәрі жақсы.
— Қазіргі күйіңіз, яғни, бостандықта жүруіңіз сізге қалай әсер етуде?
— Мен еркіндіктемін, демек, бақыттымын. Еркіндік — бұл тамаша, ал, қудалану мен үшін қалыпты жағдай, себебі, мен бірнеше жылдан бері кейбір қалаларда сақ жүруге мәжбүрмін. Жоқ, мен өзімнің денсаулығым мен ақылыма әсер ететін ештеме сезбедім. Өзімді өте жақсы сезінемін.
— Есірткі адамзатты құртып, орасан зиян әкеледі деген сөз рас па?
— Иә, есірткінің өмірді қор ететіні ақиқат. Өкінішке орай, жаңа айтқанымдай, мен өскен жерде басқа күнкөріс көзі болған емес және әлі күнге дейін жоқ.
— Қалай ойлайсыз, әлемдегі есірткіге тәуелділіктің артуына сіздің көп үлесіңіз бар деген рас сөз бе?
— Жоқ, олай емес, сесебі мен өлген күні мәселе шешіле қалмайды.
— Сіз түрмеде болған кезіңізде бизнесіңіз өсті ме?
— Менің білуімше, бәрі бұрынғыдай. Ештеме азаймады. Артып кеткен де ештеме жоқ.
— Мұндай іспен айналысатындар адамға күш көрсетеді ғой?
— Мұның ішінара себебі мынада: кейбір адамдар проблемамен бірге өседі. Ол деген қызғаныш, ол деген біреуге қарсы құпия ақпарат. Міне, күш қолдануға апаратын жайттар.
— Сіз өзіңізді жауыз адам деп санайсыз ба?
— Жоқ, мырза.
— Сіз күш көрсетуге құштарсыз ба, әлде ондайға амалсыз барасыз ба?
— Тыңда, мен бар болғаны өзімді қорғаймын. Бары сол. Мен бірінші болып проблема тудырамын ба? Ешқашан.
— Мексикадағы жағдай туралы не айтасыз, Мек­си­каның болашағын қалай елестетесіз?
— Нар­ко­тра­фик әлдеқашан аталардан келе жатқан дәстүріміздің бір бөлігіне айналды. Және тек Мексикада емес. Бүкіл әлемде солай.
— Сіз өз әрекетіңізді, өз ұйымыңызды кар­те­ль деп санайсыз ба?
— Жоқ, мырза, мүлдем олай санамаймын. Себебі, өмірін бұл іске арнаған адамдар маған тәуелді емес.
— Бизнесіңіз бастағаннан бері қалай өзгерді?
— Қатты өзгерді. Бүгін есірткінің түрі көп. Ал, ол кезде біз бар болғаны ма­ри­ху­а­на мен макты ғана білетінбіз.
— Ол кез бен бұл кездің адамдарында айырмашылық бар ма?
— Үлкен айырмашылық бар, себебі, қазір күн сайын ауыл-аймақтар үлкейіп, адамдардың саны өсіп келеді. Біз көбейіп келеміз, соған сай ойлаудың да түр-түрі көбейді.
Бизнесіңіздің болашағы туралы не ойлайсыз? Ол жойылады деп ойламайсыз ба? Немесе, керісінше, өсе ме?
— Жоқ, ол жойылмайды, себебі, жер бетінде адамдар күн сайын көбейіп келеміз және бұл өсім тоқтамайды.
— Қалай ойлайсыз, тер­ро­ри­стердің Орта Шығыстағы белсенділігі наркотрафиктің болашағына әсер ете ме?
— Жоқ, мырза. Ешқандай әсері болмайды.
— Сіз Эс­ко­ба­рның соңғы күндерін көрдіңіз. Мына бизнеспен соңғы күндеріңіз қалай болуы мүмкін?
— Мен әйтеуір бір өлетінімді білемін. Табиғи себеппен көз жұмамын деп үміттенемін.
— АҚШ үкіметі Мек­си­ка үкіметі сізді тұтқындағысы келмейді деп айыптады. Олардың қалауы - сіздің өліміңіз бе? Бұл туралы нендей ойдасыз?
— Жоқ, менің ойымша, олар мені тапса тек тұтқындайды, әрине.
Сіздің іс-әрекетіңіз бен беделіңіздің Мексикаға қандай да бір әсері бар ма?
— Жоқ, мүлдем жоқ.
— Неге?
— Себебі, нар­ко­тра­фик бір адамға ғана байланып тұрмайды. Ол көптеген адамдардың қолындағы дүние. Сен қалай ойлайсың, кімді кінәлаған дұрыс: есірткі сатып пайда табушыларды ма, әлде сұраныс тудырушы нашақорларды ма? Өндіріс, сату мен қолдану қандай байланыста? Тұтыну болмаса, сатушылар да болмас еді. Есірткі тұтыну күн сайын өсіп келе жатқаны шындық. Демек, ол сатыла береді, сатыла береді.
— Біз аво­ка­до пайдалы, лайм пайдалы, гу­а­на­ба­на пайдалы дегенді естиміз. Бірақ, біз ешқашан әлдекімнің есірткіні жақтап сөйлегенін көрген емеспіз. Ал, сіз өзіңіз адамдардың есірткіге қызығушылығын арттыру үшін бірдеме жасап көрдіңіз бе?
— Ондайға мүлдем бармадым. Олай жасау адамдардың назарын аударар еді. Былайша айтқанда, адамдар оның қалай әсер ететінін білгісі келеді. Ал сосын тәуелділікке ұрынады.
— Арманыңыз бар ма? Нені армандайсыз?
— Бәрінікі секілді қарапайым арман. Ал күн сайын арманға берілмеймін. Жоқ.
— Бәрібір де сіздің бір арманыңыз бар шығар? Бір нәрседен үміттенетін боларсыз?
— Мен Құдай берген ғұмырымды отбасыммен бірге өткізгім келеді.
— Егер сіздің қолыңызда болса, әлемде нені өзгертер едіңіз?
— Жеке өз басыма әлем осы күйінде ұнайды.
— Анаңызбен қарым-қатынасыңыз қалай?
— Тамаша. Өте жақсы.
— Сыйлайсыз ба?
— Иә, мырза, құрмет, жақындық және махаббат.
Ұл-қыздарыңыздың болашағын қалай елестетесіз?
— Жақсы жағынан. Олар жақсы тіл табысады. Отбасымыз берік.
— Өз өміріңіз ше? Қашып кеткеннен бері өміріңізде қандай өзгерістер болды?
— Көп қуаныш — себебі, мен еркінмін.
— Сіз есірткі пайдаланып көрдіңіз бе?
— Көп жыл бұрын дәмін көргемін. Бірақ нашақор болмадым. Жоқ.
— Көп жыл дегеніңіз қанша уақыт?
— Мен есірткі қолданбағаныма 20 жыл болды.
Сіз қашқан кезіңізде зияным отбасыма тиеді деп алаңдамадыңыз ба?
— Иә, мырза, алаңдадым.
— Соңғы рет қашқан кезде сіз нар тәуекелге де бел буып, ешкімді аямаймын деп ойладыңыз ба?
— Мен ешқашан біреуге зиянымды тигізуді ойлаған жоқпын. Мен тек Құдайдан жолымды оңғаруын сұрадым. Сәтін салып, бәрі жақсы өтті. Міне, мен осындамын, Құдайға шүкір!
— Иә, сіз екі рет қашқанда да ешқандай күш қолданбағаңызды білеміз.
— Мен ондайға жеткізбедім. Кейбір жағдайда оқиға басқаша өрбіп жататынын көріп жүрміз. Бірақ біз күш қолданбадық.
— Сіз туралы не жазылғанын, теледидардан не көрсетілгенін, мексикалықтардың не деп жүргенін ескере отырып Мексика тұрғындарына не айтар едіңіз?
— Мен бұл қалыпты жағдай деп айта аламын. Яғни, адамдардың әртүрлі көзқараста болуын. Себебі, кейбір адамдар мені біледі, кейбіреулер білмейді. Міне, сондықтан бұл қалыпты нәрсе. Себебі, мені танымайтындар менің жақсы немесе жаман екенімді қайдан білсін.
— Егер мен сізден өзіңізді Хоакин емес, әлемдегі оны ең жақсы танитын адам ретінде елестетіп өз-өзіңізді суреттеп бер десем, қалай мінездеме берер едіңіз?
— Егер мен оны танитын адам болсам сыйласар едім, себебі, ол адам ешқашан проблема іздемейді. Ешқандай...

Түнпүсқа Insider.pro: https://insider.pro/ru/article/62050/
"Шын-ақпарат"

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста