Мәдениет министрі Алматыдағы ерлі-зайыпты әртістердің қазасына қатысты түсініктеме берді

Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Алматыдағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында көз жұмған Мұхитдин Шынтаев пен Гаухар Шәріповаға қатысты түсініктеме берді деп хабарлады ҚазТАГ.

«Онда (оқиға орнында – ҚазТАГ) тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. (…) Тергеу қорытындысын күтейік, өйткені ауыр жағдай, екі бала қалды. (…) Біз тума-туыстарымен қоңырау шалысып жатырмыз, бәрінен бұрын бұл отбасылық өзара қарым-қатынастар», — деді Мұхамедиұлы ҚазТАГ агенттігіне.

Өз кезегінде театрдың бұрынғы директоры Талғат Теменов қаза болған ерлі-зайыптылардың талантты актер болғанын атап өтті.

«Мұхит Шынтаев пен Гауһар Шәріпованы мен білетінмін, олар менің кезімде танысты, артынша үйленді, сондай керемет жұп болатын, екеуі де әдемі, екеуі де талантты, зиялы адамдар еді. Мұндай қайғылы жайдың орын алғаны басқа да кіріп шықпайды. Ол мүлде діндар емес, қалыпты түрде түзу ойлайтын адам болатын», — деп атап өтті Теменов.

Дереккөздің ақпарына сәйкес, Шәріпова бұған дейін Шынтаевтың тарапынан болған қорқытуларға байланысты құқық қорғау органдарына жүгінген.

Сонымен қатар, БАҚ актерлердің қаза табу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілгендігін хабарлады. Алайда Алматы ІІД мен Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен ресми түсініктеме алу мүмкін болмады.

Еске сала кетейік, Алматыдағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрда өз киінетін бөлмелерінде театрдың екі актері өлі күйінде табылған, олар ерлі-зайыпты – Мұхитдин Шынтаев пен Гәуһар Шәріпова.

Алдын ала болжам бойынша, ерлі-зайыптылар жанжалдасып, әртіс әйеліне өлімші ететін пышақ жарақатын салған. Кейін түзетілмес іс жасағанын түсініп, ер адам өзіне қол жұмсаған.

Дерек көзі: КазТАГ

www.nur.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста