Мәдени қақтығыстар жастарымызды маргиналға айналдырып жіберген жоқ па?

Мәдени қақтығыстар жастарымызды маргиналға айналдырып жіберген жоқ па?

Әлеуметтік зерттеулер «қазіргі Қазақстан жастарының мінез-құлықтарында батысқа тән жекешілдік, дарашылдық бар. Өз басынан қоғамдық мүддені жоғары қоятын әдеттегі идеологияның орнына либерализм принци­пі басым. Жастардың сана­сын­да әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен сабақтасқан прагматизм мен практицизмнің өсу үрдісі орнығып келеді. Жас­тар­дың жартысына жуығы – потен­циалды космополит, рухани құлазуға дайын объект» депті.
Со­ны­мен қатар әлеуметтанушылар ұрпақтар арасында бұрынғы қалып­тас­қан рухани сабақтастық үзіліп, оның ор­нына нарықтық экономикаға бейім­дел­ген жаңа буын қалыптасқан деседі. Бұл жа­ңа буынның басындағы проб­лемалар кос­мополит қатарын кө­бей­тіп барады.
Рас, мемлекет тарапынан жүргізіліп отыр­ған жастар мәселесіне қатысты сая­­сатты жоққа шығаруға болмайды. Мем­­лекет жастарға қатысты жинақтал­ған проб­лемаларды шешуде бірқатар жоба­лар мен бағдарламалар жасады. Оны жү­зеге асырып та отыр. Бірақ ол бағдарла­малар арқылы жастар ісінде бүгінде орын алған мәселелердің бар­лығын шешу мүм­кін емес.
Социологиялық зерттеулер «өмірлік тәжірибесі мен білімі жоқ жастар өзінің саяси мақсаттарын іске асыру үшін жас­тар­ды айналдыратын сыртқы және ішкі ыдыратушы күштердің жетегінде кету қаупіне ұшырайды. Экстремистік көз­қарас­тар мен идеялардың жастар арасына енуі, жастарды құқыққа қарсы әрекеттерге итермелеу қоғамдағы этносаралық, мә­де­ниет­аралық және конфессияаралық ке­лісім­дерді бұзу қаупін туғызады» дейді. Бұл қауіптің салдарын көзіміз көріп те жүр.
Жастарды қоғамның саяси, әлеу­меттік-мәдени, экономикалық сала­ларының толыққанды қалыптасуына тіке­лей әсер ететін әлеу­мет­­тік де­­мог­рафиялық топ десек, жастар саясаты – ерекшеліктері жіті ес­ке­рілуді қажет ететін өте нәзік мәселе. Олай етпейінше, бүгінгі жас, ертеңгі қоғамның бір-бір кірпіші мықты болмасына кепіл жоқ.
Былтыр күзде Еуропа елдері жастар саясатының опық жегізгенін ашық айтып, аурудың алдын алу үшін кеңескені аян. Сонда Еуропа кеңесі бас хатшысының орынбасары Габриелла Баттаини-Драгони: «Жалпы, Еуропада­ғы қазіргі жастардың бей­несі қорқы­ныш­ты: жастарда маргина­лиза­ция жү­ріп жатыр», – депті Еурокеңеске мүше елдер­дің жас­тар ісі бойынша ми­нистр­лердің 9-ыншы конференциясын­да. Бұл дерт Қазақстан жастарында да бар. Статистикалық деректерге сүйен­сек, жоғары білімі бар жастардың саны соң­ғы онжылдықта – үш есе, арнаулы орта білімі бар жастардың саны екі есе­ге арт­қан. Жоғары білімі бар ауыл жас­тары­­ның саны – алты есе, қала жаста­ры­­ның саны төрт есе өсіпті.
Тұтастай алғанда, Қазақстан жастары­ның 40%-ның жоғары, аяқталмаған жоғары және арнаулы орта білімі бар. Бірақ солай бола тұрса да, маргиналдар не­ге көбейіп барады?
Бір мәдениеттен қол үзіп, екінші мәде­ни ортаға кіріге алмай, оның мәдениетін меңгере алмағандарды ғылыми тілде «мар­гиналдар» деп атайды. Бүгінгі жастар­ды маргиналдар деп атауға толықтай негіз бар. Ауыл мәдениетінде тәрбиеленіп, ауыл­дық таным-түсінікте қалыптасқан жас­тар қалаға келіп, қала мәдениетін игере алмай, өздерін жоғалтқан ұрпақ бо­лып тұр.
Деректерге жүгінсек, еліміздегі тұрғын­дардың 26 %-дан астамын 14 – 29 жас аралығындағылар құрайды екен. 2012 жылы олардың саны 4,4 млн адамға жуықтаған. Облыс, сон­дай-ақ республикалық маңызы бар қала тұрғындарының жалпы санынан жастар­дың ең қомақты үлес салмағы Астана және Алматы қалаларына, сондай-ақ Ақтөбе облысына тиесілі, мұнда 14 – 29 жас аралығындағы жастар 29 %-ды құрайды. Тұрғындардың жалпы санынан жастардың ең аз үлес салмағы Солтүстік Қазақстан облы­сына – 22 %, Ақмола, Шығыс Қазақ­стан, Қарағанды және Павлодар облыс­тарына 24 % келеді екен.
24%-ға шаққанда Қарағанды облы­сында жастардың саны 337 905 құ­райды. Бұл – жалпы халықтың үш­тен бір бөлігі. Оның ішінде, қа­ла жастарының саны – 262 620 (78%), ауыл жастары – 75 285 (22%) құрайды. Мәдени, материал­дық құндылықтардан құр қалған ауыл жас­тарының көбі қала мәдениетіне сіңе алмай, маргинал кейіпке түсіп отыр.
Яғни жастардың рухани дамуы тоқырап тұр. Жастардың жоғын жоқтауды мақсат тұт­қан мемлекеттік емес ұйымдардың қыз­меті мемлекеттік тапсырыс негізінде белгілі бір қызмет түрін орындаудан әрі аспай келеді.
Сондықтан да жат, адам ұғып болмай­тын неше түрлі діни ағымдарға жастар кіріп кетіп, шырмалып шыға алмай жүр. Со­нау бір жылдары Мәжіліс депутаты Асхат Бекеновтің: «Еліміздегі жас­­тардың 60 пайызы түрлі діни ағымдардың жетегін­де жүр», – деп дабыл қаққаны бекер емес-ті. Одан беріде бірер жыл жылыстап өткенімен, жастарға қырғидай тиген жат ағымдар біржола құрып кеткен жоқ. Екі мәдениеттің ортасында қалған маргинал жастар олардың жеміне айналған жоқ деп ешкім де кесіп айта алмайды.
Әлеуметтік мәселелері – өз алдына бө­лек әңгіме. Айталық, «жұмыспен қамту органдарына келіп, жұмысқа орналасуға көмек сұрағандардың 52 пайы­зын 16-29 жас аралығындағы жастар құрайды» деген дерек бар. Жастар мәселесінде жауырды жаба тоқуға әсте болмайды. Құрғақ цифрлардың елдің ертеңі – жастардың ұлтын сүйген азамат болып қалыптасуына тигізер пайдасы жоқ. Өркениетті елдердің өзінде жастар саясаты тоқырап тұр деп, шешімін іздеп таба алмай жүрген мәселеде марғаулық танытпауымыз керек-ті.
Бүркіт НҰРМАҒАМБЕТОВ, саяси ғылымдардың кандидаты:
– Баспасөз қозғайтын тақырыптар сан-салалы болып келеді десек те, елдің іргесін бекітер болашағы сана­ла­тын жастарға қатысты тақырыптар өзегі қазіргі қоғамымыз қажет етер келелі мә­селелердің бірі емес, бірегейіне жатады. Бүгінгінің де алтын арқауы – жастардың санасын қалыптастыру мәселесі. Жастық – адамның ерлік пен өрліктің, азаматтық­тың салтанат құруын қалтқысыз діттейтін, қынапта  жатқан ақ алмастың жарқ етіп, суырылған сәтіне пара-пар, бол­бы­раған босбел­беу­лікті көтермейтін, қайрат пен жігер жани­тын қуатты шағы. Халықтың арма­ны жетесіз ұл мен қия­сыз қыз емес, сем­сер сүйіп серт берер, елінің мұқ­тажын жоқтайтын ұланды көксеумен де тікелей ұштасып жатыр. Рас, қазіргі күні жастар ақсап бара жатқаны жасырын емес. Сымдай тартылып жүрер азамат­тың кейбір сәттерде есесін жіберіп, бекзаттық қалпын жоғалтып, нағыз қыз бен ұлға тән мінез көрсете алмауы – соның куәсіндей. Бесік жырын тыңдамай, ұнтақ сүт ішкен ұрпақтан биіктен шалар қасиет көре алмасымыз анық. Қазіргі жастардың саяси санасын қалып­тас­тыруды көпшілік болып ойланған абзал.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста