Күн мен түн теңескенде қандай өзгерістер болады?

Күн мен түн теңескенде қандай өзгерістер болады?

Наурыз – өте көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін Жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналып отырған бұл мерекенің қашаннан бері тойланып келе жатқанын дөп басып айту қиын. Әркім әрқалай айтады. Алайда жуанның жiңiшкерiп, жiңiшкенiң үзiлер шағында малдың аузы – көкке, адам аузы – аққа тиедi. Қытымыр қыстың қаһары қайтып, тiршiлiк бiткен құлпырады. Күн мен түн теңесiп, жаңа жыл басталады. Осы ретте «Күн мен түн теңескенде табиғатта және адам организмінде қандай өзгерістер болады?» деген сауалға көпті көргендер не дейді екен?

Совет-Хан Ғаббасов, медицина ғылымының докторы:
– Күн мен түн теңелгенде бүкіл ғаламшарда үлкен космологиялық құбылыс болады. Әсіресе, Жер ғаламшарында мұның артықшылығы ерекше байқалады. Үш түрлі сипаттағы: өсімдіктер, жан-жануарлар, адамдар болмысында өзгерістер орын алады. Адам бойындағы қан сұйылып, жүйке, жұлын жүйелері, сондай-ақ қарапайым жандарға аса белгісіз гуморальдық жүйе бүкіл адам бойындағы секреция, мәйектік дүниелерді шығарады. Мәйек дегеніміз фермент деген мағынада. Осылайша, мәйектік дүниелер жаңғырады. Қыз-келіншектердің махаббат сезімі оянады. Бұған адам баласы алдын ала дайындалу қажет. Егер әлсіз адам көктем келе жатқанда өз ағзасына үлкен мән беріп, қажетті дәрумендер қабылдамаса, оның соңы ауруға душар етуі мүмкін. Сондықтан қандай дүние болмасын, жаратылыстағы ерекше құбылыстарды жақсы түсінген адам осы кезде өз денсаулығына аса мән бергені жөн.

Зейнеп АХМЕТОВА, жазушы:
– Астрономия ғылымы бойынша, наурыз айында аспан дүниелері өздерінің бастапқы жылжыған нүктелеріне қайтып айналып келіп, бір сызықтың бойына түседі. Міне, осының өзі-ақ жаратылыста үлкен бір тылсым ғаламат өзгерістің болып жатқанын айғақтайды. Қысың жазға өтіп, күн мен түн, ыстық пен суық теңеледі. Бүкіл өсімдік тамырына жан бітеді. Адамның өзі де түлейді, қаны сұйылып, әлсірейді. Қыз-келіншектердің махаббат сезімдері оянады. Ұйқыашар, селт еткізер дегендердің барлығы осы кезден бастау алған. Демек, наурыз – барлық тылсым дүниенің жаңаратын күні. Мал төлдейтін уақыт. Қазақтың уызға жаритын кезі. Бұрындары әжелеріміз Наурыз мейрамына бір ай бұрын дайындалып, үйлерін тазалап, текемет, алашаларын далаға шығарып қағатын. Балалардың шаш-тырнақтарын алып, үлкен кісілер сақал-мұртын басып, үлкен дайындықпен келетін. Қазақ наурыз айында мал соймаған, тұзақ құрмаған, аңға шықпаған. Қыстан шыққан сүр етімен дәмді тағамдар жасаған. Әжелеріміз наурызда ашамын деп сақтаған қарындағы сары майын, тығып қойған жентін, сүр еттерін осы кезде ортаға салған. Оның себебі неде? Өйткені көктемде адамдар әлсірейді. Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін шағы. Ал бұл ретте қазақтағы наурыз көженің жасалуының өзінде үлкен мән-мағына бар. Оны бекерден-бекер жеті түрлі тағамнан жасамайды. Жетеуінің де адам денсаулығына пайдасы зор болғаннан кейін, әл беретін болғаннан кейін жасаған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста