Күлтөбеде емес, қымызханада күнде жиын

Күлтөбеде емес, қымызханада күнде жиын

Иә, бұл қымыз исі бұрқыраған ауылда жылдың төрт мезгілінде қымыз ішіледі. Алдына төре табақ ет тартып, тостағын қымызбен қайырған қарттар осында іші пысқаннан жиналады десеңіз, мықтап қателесесіз. Мұнда елдік мәселелер шешіледі. Бүгінгі күні Жоғары сот тарапынан медиатор деп әспеттеліп, тәжірибеге енгізген бітістіруді бұл қариялар жарты ғасырдан бері іске асырып келеді.
Анығында, ауылдың тентегін тезге салып, жақсылығын асыратын «прокурор», «судьялардың» рөлін ондағы қариялар атқарып жүр. Осындайда, есіңе «...Араздасып ағайын кетер еді, Бір қария болмаса бір ауылда»,- деп келетін Мұқағали ақынның жыры түседі. Иә, осындай жақсы салтты ұстанған ауылдар қатарында киелі Қазығұрт ауданының Жаңабазар ауылында құрылған ақсақалдар алқасын айрықша атап өтуге болады. Қырықшақты қария қатысатын мәжілісті жергілікті жұртшылық «Қымызхана» деп атап кеткен. Ауылдағы ардагерлер үйінде өтетін бұл кеңеске тек Жаңабазар ауылының ақсақалдары ғана емес, арысы Отырар, берісі Төлеби мен Қазығұрт аудандарының да аузы дуалы қариялары жиналады екен. Аптаның әр жексенбісінде өтетін жиынның негізгі мақсаты өңірдегі, елді-мекендегі қордаланған мәселерді қарап, ауыл-аймақ арасындағы дау-дамайға әділ төрелік айту. Әр жиында төрт тегене сары қымызды сарқып ішіп, өткен қысты қорытып, келген көктемнің, жаңа тіршіліктің жұмысына нұсқаушылық жасау да осы «абыздардың» еншісінде.
Жаңабазардың тарихынан сыр шерткен Қазығұрт ауданының құрметті азаматы, еңбек ардагері, тоқсанды алқымдаған қария Тілабай Мақұлбаев алғашында ұжымдық меншікте дамыған ауылдың замандар ағысымен дамып, қазір шаруа қожалықтарын қамтыған, бірлігі бекем ауыл екендігін айтып өтті.
Шындығында, «Қымызханадағы» кеңес күні кеше ғана қолға алынған емес, ол ұрпақтар сабақтастығымен келе жатқан дүние көрінеді. Бұл жайында «Қымызхананың» биі Жақсылық Спатаев: «Ұлы Отан соғысынан кейін аз-кем жаймашуақ кезең орнаған шақта осындағы ауылдың басшылары ақылдаса келе сөзінің салмағы бар, орынды шешім қабылдай алатын ел арасын бекемдейтін қариялардың басын қосқан екен. Ондағы мақсат-соғыстан азып-тозған жұрттың еңсесін көтеру болыпты. Сонан бері аттай желіп 80 жылдай уақыт өтіпті. Алайда, қалыптасқан кеңестің доңғалағы тоқтап көрмепті. Әкеден балаға, ағадан ініге жалғасты. Бізге жеткені де осы. Мұнан бұын әр үйде өтіп келген жиынды неге бір жерде өткізбеске, – деген ой келді. Мұнымызды аудан әкімі Болатбек Қыстауов інімізге жеткіздік. Әкімнің бастамасына жергілікті кәсіпкер жігіттер қолдады. Ардагерлер үйі бой көтерді.  Ендігі жиын осында өтіп келеді», – деді.
Заманауи үлгіде салынған үйдің құрылыс инженері Сейтмат Қалтай бір жылдың ішінде көрме залы, намаз оқу үйі, қонақ бөлмесін қамтыған ірі құрылысты тәмамдап пайдалануға беріпті. Жобаға жалпы құны 21 миллион теңге қаржы жұмсалған. Ғимарат ауыл кәсіпкерлерінің қаржысына тұрғызылған. Игілікті іске олбыс әкімі Асқар Мырзахметов арнайы келіп, жаңа ғимараттың лентасын қиған екен. Бүгінде осы «Қымызхананың» іс басқарушысы қазыналы қарттардың батасын алып, шаруашылығы шалқып жатқандығын айтады. Көне-көз қариялардың айтуынша, «Қымызхана» ақсақалдар алқасының құрылғанына жарты ғасырдан асыпты. Мәжілісті бастаған біздің бабаларымыз. Мұнда отырғандар солардың 4-5 ұрпақтары. Бұл дәстүрлі үрдіс атадан балаға мирас болып қалуда. Құрамымызға қосылам деушілер көп. Қатарымызда еңбектеген баладан жасы тоқсанға келген қарияға дейін бар дейді олар.
Мұнда айтылатын әңгіменің көптігінен ішілетін қымыздың да қоры көп болмақ. Жер және жесір дауы қаралып, мал ұрлығы орын алған жағдайда кінәліні анықтап, шешімін айтатын осындағы қариялар. Бірақ бүгінгі отырысты жанжал емес жақсы істерге мұрындық болу кеңінен сөз болды. Исаев Наухан қажының айтуынша, ауыл билерінің талқысына түсіп шешімін тапқан кішігірім дау-жаңжалдан тыс, ауылдағы өзекті мәселелерді де биліктің назарына ұсынуда, онан дұрыс шешім шығаруға «Қымызхана» кеңесінің қызметі ерекше екен. Жаңабазар ауылынан 4-5 шақырым шалғайда орналасқан Бейнеткеш ауылында шешілмей келе жатқан мәселе бар еді. Онда орталықтағы меткепке балалар жаяу қатынап оқиды екен. Міне осы мәселені аудан әкімінің алдында көтерген «ақсақалдар алқасы» жуырда сол ауыл арасына оқушыларды тасымалдайтын көлік мәселесін шешіп беруге септігін тигізді. Мұнан тыс, өз еңбегімен шаруа қожалығын ашып, кәсіптенуге бет бұрған азаматтардың еңбегін көпшілік алдында айтып, жалқау жандардың намысын қамшылап отыруды да әдетке айналдырыпты. Сондай-ақ ақсақалдардан ақыл сұрап ел билейтін ағалар мен атқа мінер қалталы азаматтар да келеді екен мұнда. Қиналғандарға қол ұшын созып, кеңес айтып, ақ батасын беру «Қымызхана» мүшелерінің міндетіне айналған.
Ал, «Қымызханадан» қымыздың исі мүңкіп тұр. Арнайы тапсырыспен қырдағы ауылдан алдырылған қымыздар кіл бабында. Саумал, дөнен, құнан, бесті мен сары қымыз болып таң асқан сайын атауы арта беретін қулық бие сүтінің емдік қасиетін ерте бастан білген қарттар салауатты өмір салтын ұлттық тағамды қастерлеуден бір тынбапты. 1989 жылдан бастап, 2000 жылға дейін «Қымызхананы» сусынмен қамдап келген Арынтаев Өнер қажының қымыз жөніндегі білімі өте терең. Бие құлындағанда  «Қымызмұрындықтан» бастап, алдымен бір сауымды тегін таратып жіберіп отырғандығын, қамбар ата түлігінің емдік қасиетін жіпке тізген маржандай етіп жеткізген қарттың сөзіне сүйенсек, қасиетті сусын бір ай бойы тұрсада бұзылмайды екен. Тіпті, бұрынырақта, жаз жайлаудан көшкенде, келесі жылдық «қымызмұрындыққа» арнап, арнайы қымыз құйырлыған торсықты морошақтың астын кеулеп жерге көміп кетіп, келесі жаз жайлауға келгенде аршып алып, сабаға құйып отырған. Бұл дегеніміз, қор үзілмесін, құтты қоныс ақтан айрылмасын деген жақсылықтың нышаны болғандығын тілге тиек етті.  Иә, қымыз исі бұрқыраған Жаңабазарда әр жексенбі күні ішілетін қымыз мәнді мәжіліс арқауы талай ғасырды артқа қалдырары хақ.
Біз бұл ауылға бас редакторымыздың тапсырмасымен бардық. Мұнда әр жылдары болған Бақтияр Байдуллаұлы көкібелдік генерал Сабыр Рақымовқа ескерткіш қою мәселесі нақ осы қымызханада көтерілгенін айтқан. Рахметолла Жамашев сынды ағамыздың «Қымызханадағы» бір тақырыпқа Әзілхан Нұршайықовтың шығармаларын талқылауға алып шыққаны кейінгі буынға өнеге болса керек. Бір сөзбен елдік мүдде жолында Кетбұғадай билерден, кеңес сұрап, шалғынына бие байлап, орындықтай қара сабадан, қымыз ішіп, еңсесі биік Ардагерлер үйінде, елдің жайын сөз еткен бұл дәстүр өзге аудан-ауылға үлгі болса құба-құп болар еді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста