Кредиторлар компания бизнесіне қатысуға құлықты емес

Кредиторлар компания бизнесіне қатысуға құлықты емес

 

– Өткен аптада қол жеткізген «Астана-Қаржы» АҚ-пен Кредиторлар комитетінің өзара меморандумында қарыздарды өтеу бойынша жаңадан құнды қағаздар түзілетіндігі туралы айтылған. Соған кеңірек тоқтала кетсеңіз.

– Өзара келісілген келісімшартқа сәйкес, «Астана-Қаржы» компаниясының шетелдік және жергілікті кредиторлардың қолындағы еурооблигациялары немесе займдары бойынша қарыздарын олар қайтадан қаржыландыру процесі кезінде қарызды жою бойынша жаңадан жасақталған еуробондтарға, акцияға және бағалы қағаздарға айырбастай алады. Теңгемен белгіленген жергілікті бағалы қағаздарды ұстаушылар 20 жылға созылған қарыздың пайызы бойынша, ал субординациялық қарыз иелері компания капиталының белгілі бір үлесіне қол жеткізуде өз ақшаларын қайтара алады. Жаңа еуробондар бойынша негізгі өтелетін қарыздың көлемі 350 миллион доллар, яғни бастапқы кезде тартылған инвестицияның ол шамамен 35 пайызын қамтиды. Аталған құнды қағаздар доллар түрінде айналымға енгізіледі. Ал қарызды төлеу мерзімі жеті жылға белгіленді. Яғни жыл сайынғы қарыз төлемі 32 миллион доллар, ал жылдық пайыз – 6,25 пайыз. Бұл құнды қағаздардың кепіліне компанияның Ресейдегі «Астана-Қаржы банкі» ААҚ-тың 99,98 пайыз акциясы қойылады.

– Ал бұл құнды қағаздар қандай нарықтарға қойылмақшы?

– Кредиторлар комитетінің мақұлдауымен, олар халықаралық сауда алаңына, сонымен қатар жергілікті қор биржасы айналымына шығарылады.

– Егер компания банк активтерін сатқысы келсе ше?

– Онда компания кредиторларға 125 миллион доллар төлеуі керек болады. Бұл арада бізді қандай да бір активті сатудағы пайда емес, компанияның болашақтағы табыстылығы қызықтырады. Жалпы, кредиторлар компания бизнесіне толықтай қатысуға құлықты емес.

– Шетелдік кредиторлар компанияның еуробондарынан басқа үлесіне ортақтаса ма?

– Иә. Еуробондар айналымындағы қаржы ағымының 60 пайызына иелік етеді. Ол құнды қағаздардың қарызды өтеу мерзімі 8 жылға белгіленген. Сонымен қатар шетелдік кредиторлар компанияны қайта қаржыландырудан кейін дауыс беруге мүмкіндігін беретін акциясының 58,9 пайызын иемденеді. Ал сондай акцияның 25 пайызын кредиторлар үлесіне қызмет ететін арнайы компанияға беріледі. Демек, шетелдік және жергілікті кредиторлар компанияның 75 пайыз акциясын өзара бөліседі.

– БТА және Альянс банктің сыртқы қарыздары келісімшарт жасауда кедергі келтірген жоқ па?

– Иә, «Астана-Қаржы» АҚ-тың шетелдік кредиторларының бір мүшелері Альянс банк пен БТА банктің кредиторлары болып табылады. Сондықтан оның қандай да бір ықпалы болды деп айтуға болады. Қалай дегенмен де, аталған банкпен салыстырғанда, «Астана-Қаржы» компаниясының жағдайы тіптен басқаша.

– Сондағы айырмасы қандай?

– Мемлекет «Астана-Қаржы» АҚ-қа қарағанда сыртқы қарыздарды өтеу бойынша аталған екі банкті қолдап отыр. Бұл – бір айырмасы. Екіншіден, сол банктердің басты акционерлерінің «Астана-Қаржы» АҚ акционерлеріне қатысы жоқ. Жалпы, біз банктерге көмектескен секілді «Астана-Қаржы» компаниясына да Үкімет көңіл бөлсе деген ниетте билікпен келіссөз жүргізуге ықылас танытып отырмыз.

– Үкіметтен қандай көмек күтесіздер?

– Біз Қазақстан Үкіметінен бір нәрсе талап еткелі жатқан жоқпыз. Тек шетелдік кредиторлар мен Үкімет мүддесіне сай, өзара ымырада келісімшарт жасауға ат салысуын сұраймыз.

– Бұл арада сыртқы қарыз – 1,1 миллиард доллар туралы сөз болып отыр. Жасалған келісімшарт бойынша сіздер осы қарыздың бәрін қайтаруға мүмкіндік ала аласыздар ма?

– Иә, бұл үлкен сома. Бірақ, өкінішке қарай, оның бәрін қайтару мүмкін емес. Шетелдік кредиторлар қазіргі әлемдік қаржы дағдарысының салдарымен санасып отыр. Сондықтан келісімшартта талаптарды жұмсартуға мүмкіндік алдық.

– Сонда сыртқы қарыздың қанша көлемінің қайтарылуы туралы сөз болып жатыр?

– Жоғарыда атап өткенімдей, 35 пайыз...

– Бұл арада кредиторлар бірнешеу екені белгілі. Кім қандай үлеске қол жеткізетінін айта аласыз ба?

– Жоқ. Бұл сол компаниялардың мүддесіне сай құпия ақпарат.

– Біздің білуімізше, компания инвестиция ретінде зейнетақы қорларындағы ақшаны пайдаланған. Оның жайы не болады?

– Бұл мәселе келісімшарттың екінші пунктінде қаралған. Бізге жергілікті жинақтаушы зейнетақы қорларының жұмыс істегені маңызды. Сол себепті зейнетақы қорларының міндеттемелерін жою бойынша ешқандай ұсыныс қабылданған жоқ. Зейнетақы қорлары қарызды қайтару мерзімінің ұзартылуына байланысты өздерінің ақшасын бүтіндей кері қайтара алады. Бұл жергілікті зейнетақы қорларының мүддесін қорғау тұрғысында жасалған қадам деп есептеймін.

– Алдында компанияның «оффшорлармен» байланысы болған деген ақпарат тараған болатын. Оны жалған мәлімет деп тапқан компания басшылығы «халықаралық кредиторларымыздың имиджіне нұқсан келтірдіңдер деп» сол басылымдарды сотқа тартқан еді. Шынымен де, сондай жағдай орын алды ма?

– Мен ондай ақпаратпен таныс емеспін. Қалай дегенмен де, компания аудитына халықаралық аренада аты дардай үш фирма тартылды. Қазір олар жүргізген есептерін бір-бірімен сәйкестендіріп қарап жатыр. Сіз айтқандай ақпараттар болса, олар әлдеқашан бізге белгілі болуы тиіс еді. Әзірге ондай мәлімет бізге келіп түскен жоқ. Әрі бұл аудиторларға арналған сауал болуы тиіс.

ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК
«Астана-Қаржы» АҚ Қазақстанның банктік емес ұйымдары арасындағы қаржы қызметі нарығының алдыңғы қатарлы холдингі болған. 2009 жылы қаңтар мен шілде айлары аралығындағы компания активі 1,8 миллиард долларды құраса, жеке капиталы «минус» 138,4 миллион долларға жеткен. Яғни аталған мерзім аралығындағы компанияның таза шығыны 469,8 миллион долларды құрады. 19 мамырда компания негізгі қарызын өтеудегі төлемдерін тоқтататындығын мәлімдеді. Соған сәйкес, Қаржы нарығы және ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі 4 маусымда компанияның үш лицензиясын үш айға тоқтатты. Ал қыркүйекте Қаржылық қадағалау агенттігімен берілген барлық лицензияны компания өз еркімен аталмыш агенттікке қайтарып берді. Осыған байланысты сыртқы кредиторлар алаңдаушылық білдіріп, 16 шілдеде қарызды қайтару бойынша Кредиторлар комитетін құратынын мәлімдеді. Сөйтіп, Кредиторлар комитеті тамыз айында заңды түрде ісіне кірісті. Ондағы мақсат – өзара екіжақтың да мүддесімен санаса отырып, халықаралық кредиторлардың ақшасын қайтару бойынша бір ымыраға келу.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста