Краншылардың жағдайын кім ойлайды?

Краншылардың жағдайын кім ойлайды?

Қала үстінен қарайтын адамдарымыз бүгінде аз. Расында, күн ұясынан шапағын шашып ата бастағанда атқа қонып, бүкіл қаланың үстінен төне қарап, сұлу табиғатына сүйсіну де ғанибет қой. Бірақ мұндай мүмкіндік әркімге туа бермейтіні тағы анық. Ондай мүмкіндік краншы мамандарға бұйырған. Қалта томпайтары көп болғанымен, қауіпі де жоқ емес. Әрі сұранысқа да ие. Жарнама біткеннің жалаулатқаны да – осы маманға зәрулік. Бүгінгідей бәсекелестік заманында бәсекелесі жоқ жалғыз мамандық та – осы.
Ана бір жылдары еңбек рыногындағы сұранысқа қарамай, өзінің баласы көршісінің, құрдасының баласынан еш кем еместігіне сенімді қазақ елімізді қаптаған заңгерлер мен экономистердің «отанына» айналдырып жіберген-тін. Олар бүгінде қытайдың өтімсіз тауарындай сүрлігіп жүр. Колледж бен лицейге ұсақ-түйек деп қа­рай­тын қазақтың көбі бүгінде жоғары бі­лімді жұмыссыз. Сөйте тұра, прогрестің ғы­лымның дамуын қажет ететін уақытта бі­лімді кадрларды күндіз шам алып іздесең де таптырмайтын жағдайға жетіп қалдық. Краншыға көкенің де, жәкенің де керегі жоқ. Орта арнаулы оқу орнын бітіріп, бір ті­лім қағаз алса, жетіп жатыр. Тәжірибе жи­нақтаса, тіпті қатып кетеді. Құрылыс қар­қын­ды дамып отырған бүгінгі заманда кран­шының табанын жерге тигізбей қағып ке­теді. Содан мұрты майланып, май шай­қап отырғаны. Қаланың үстінен қарап... Иә, бүгінде кран машинисі мамандығын бі­тіргендер – жоғары оқу орындарының емес, колледждердің түлектері. Қара жұ­мыс демесең, нағыз мал табар кәсіптің өзі, әрі кірістің көзі де. Маман бар, сол маман жұ­мыс атқаратын жүк көтеретін кран­дарымыздың халі нешік? Бүгінде құрылыста ұзын мойнын ырғап қызмет көр­сетіп жүрген крандардың дені – ке­ңес­тің сарқыты. Көбінің қызмет көрсету мер­зімі өтіп кеткен. Ал Қытайда құрастырылатын крандар қаншалықты қауіпсіз? Бұған жа­рытымды жауап беру қиын. Нәтижесі – құ­рылыста краннан құлап кетіп зардап шек­кендердің көбеюі. Осыдан екі жыл бұ­рын Шымкентте билбордқа жарнамалық пла­кат іліп жатқан жұмысшы 8 метрлік биік­тіктен құлап кетіп мертікті. Сөйтсек, жүк кө­тер­гіш кранның темірі сынып кетіпті. Со­дан бүкіл жауапты органдар алашапқын бо­лып, кран біткенді тізімдеп, тексеруге кі­ріс­кен. Ақыр аяғында құмға сіңген судай тын­шыды. Не жұмыстың нәтижесі жоқ, не ті­зім­нен алынған кран жоқ. Әйтеуір, тым-тырыс болды. Жұмыс кезінде мер­тік­кен еңбеккерлері жоқ болса да, жам­был­дық­тар көтергіш крандардың ахуалын на­зар­дан тыс қалдырмапты. Бүгінде Об­­­лыстық төтенше жағдайлар де­пар­та­мен­­тінде жалпы саны 2333 жүк көтергіш кран тізімге тіркелген. Ауыр техникалардың ба­сым бөлігі өткен ғасырдың 70-80 жылдары қолданысқа берілген. Тізімдегі крандардың 85 пайызының пайдалану мер­зімі біткен. ҚР «Қауіпті өндірістік ны­сандардағы өнеркәсіптік қауіпсіздік ту­ралы» Заңы, аты айтып тұрғандай, қауіпті ны­сандардағы апаттардың алдын алуға бай­ланысты кәсіпорындардың қауіптіліктің ал­дын алуға қаншалықты мән беріп отыр­ғанын, сол сияқты басқа да қатынастарды зер­делейді. Аталмыш заңның 11-бабы 18-тар­мағына сәйкес, барлық кәсіпорын бас­шы­лары мерзімі өткен жүк көтергіш кран­дар­ды, техникалық құрылғыларды бел­­гіленген уақытта ауыстыруға мін­детті. Кран­дардың жұмыс істеу мерзімі аяқ­тал­ған жағдайда, лицензиясы бар ме­ке­ме­лерден техникалық куәландырудан өт­кі­зі­луі тиіс. Одан кейін әрі қарай пай­да­ла­нудың ық­тимал мерзімін анықтау үшін са­раптама жүр­гізілуі қажет. Өткен жылғы жә­не ағым­дағы жылы тексеру жүргізу ке­зінде 53 кә­сіпорында жүк көтергіш тех­ни­ка­лардың қа­уіпсіздігі тексерілген болатын. Тек­серу нә­тижесінде қауіпсіздікті сақтауға мән бер­меген кейбір кәсіпорындарға сақ­та­луға тиіс­ті нормалар мен талаптардың орын­­дамағаны үшін ұйғарымдама жі­берілді.
Шыңғыс МЕЛДЕБЕКОВ, Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы:
– Облыс аумағындағы крандардың жұ­мысын пайдаланатын заңды тұлға­лар мен жеке кәсіпкерлердің өнеркә­сіп­тік қауіпсіздік талаптарын қатаң сақ­та­уы ғана өндірісте қауіпті жағ­дай­лардың орын алмауына септігін ти­гізіп тұр. Соның арқасында өндірісте жұ­мыс­шылардың қауіпсіздігіне төнер қа­уіп жоқ. Әрі бақытсыз жағдайлардың ал­дын алуға да сеп.

Сондай-ақ департамент тарапынан осы саладағы мамандардың біліктілігі және жұмысшылардың аттестациядан өтуі назарға алынады. Әрине, мұның бәрі де өндірісте еңбеккерлердің бақытсыз жағдайлардан сақтандырылуы үшін қажет. Елімізде құрылыс крандары шыға­рыл­майды. Олардың барлығы да шетелдерден тасы­малданады. Әсіресе қытайлық кран­дар бүгінде құрылысымызға қызмет етуде. Бір сағатының өзі пәленбай долларға жал­ға берілетін ондай крандарды сатып алу – кейбір құрылыс компанияларына арман ға­на. Сол себептен де оны жалдауға мәж­бүр. Қарқынды жүргізіліп жатқан құрылыс сала­сына аса қажетті техниканың қауіп­сіз­дігі басты назарда болса, сонда жұ­мыс­шы­мыз да аман, құрылысымыз да тоқ­та­мас еді.
Жуырда Төтенше жағдайлар ми­нистрлігі шағын және орта бизнес субъекті­леріне әкімшілік кедергілерді жою мақ­сатында бірқатар шараларды қолға алған болатын. Министрліктің Мемлекеттік өртті бақылау басқармасының бас инс­пек­торы Мейрамбек Қайсанов: «Министрлік жүк көтергіш механизмдер мен өздігінен жү­ретін крандарды пайдалану, апатты-құт­қару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қыз­меттерді лицензиялаудан толығымен бас тартып отыр. Сонымен қатар өнеркәсіп қа­уіпсіздігі мәселелерін шешуде же­делділікті арттыру үшін Өнеркәсіптік қа­уіп­сіздік комитеті өз өкілеттігін аумақтық ор­ган­дарына бөліп берді. Бұған қоса өрт қа­уіп­сіздігі саласы бойынша ли­цен­зия­ла­натын қызмет түрлерінен монтаждау, жөн­деу сияқты бірқатар шаралар алынып тас­талды», – деген болатын. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста