Көршісінің төсек қатынасындағы даусынан шаршаған Астана тұрғыны шағымын айтты
Астанадағы су жаңа үйлердің тұрғындары қабырғалардың тым жұқа салынғанына шағымдануда. Олар көршілердің даусын естіп отырудан әбден мезі болған деп хабарлайды NUR.KZ.
"Бірнеше ай бойы ұйқы жоқ. Сол жақ жағалауда пәтер жалдап тұрамын. Пәтер қабырғаларынан көршілердің төсек қатынасына түсіп жатқанына дейін естіледі. Олар дәл қасымда жатқандай әсер қалады", - дейді Айдана.
Бірнеше жыл бұрын ажырасқанын алға тартқан 35 жастағы астаналдық тұрғын мұндай дыбыстар оның өміріне кедергі келтіретінін жасырмады.
"Қасымда сүйіктім болса, түнде қанша айқайласа да үндемес едім. Жұқа қабырғалар әбден мезі етті. Мен де төсек қатынасын қалаймын. Бір жағынан өзге пәтерлерде кішкентай балалар бар емес пе? Бірінші қабатта біреу түшкірсе, бесінші қабатта "сау бол" айтып жатады", - деп шағымданды әйел.
Мұндай қиындықтарға өзге де тұрғындар тап болғанын жарыса жазып, үйді салған құрылыс компанияларына ашулы екенін айтуда.
"Бүгін оятқышты сағат таңғы сегізге қойсам да жетіде шырылдады. Менікі емес, көршімнің оятқышы екен. Ақыры бір сағатқа ұйқым қанбай тұрдым", - дейді Instagram желісінде Малика Уәлиева есімді тұрғын.
"Біресе төбедегі балалар ұрысады, біресе әже теледидар көреді, біресе астымдағы бала ауырып, түні бойы жөтеліп шығады. Астанада эконом-санаттағы пәтерді жалға алған деген осы - 21 ғасырдың үйі", - деп күйінді Лариса Красикова есімді Facebook қолданушысы.