Көп адам жиналған той өткізу тыйылар емес

Қызылорда облысында карантин талабы сақталуын қадағалайтын мониторинг мүшелері тұрғындар тарапынан көп адам жиналған той өткізу деректерін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде бұдан бұрын карантин талаптары кезең-кезеңімен жеңілдетілген еді. Десе де әлі де бірқатар шектеу бар. Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 11 наурыздағы №4 қаулысы негізінде ойын-сауық іс-шараларын, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар) ұйымдастыруға мүлдем болмайды. Оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге, мерекелік корпоративтерді ұйымдастыру мен өткізуге тыйым салынған.

«Осындай шектеулерге қарамастан тұрғындар арасында әлі де тойға шақыру, тойға бару, көп адам жиналған іс-шаралар өткізу жалғасуда. Атап айтқанда, жыл басынан бері үй жағдайында ұйымдастырылған отбасылық 28 әртүрлі ұлттық дәстүрлік шаралар анықталған. Олардың қатарында қыз ұзату, үйлену, тұсау кесу, құда күту, беташар, туған күн секілді шаралар бар. Сондай-ақ, банкеттік залдарға тек шектеулі адамдар санымен ас беруге рұқсат етілгеніне қарамастан мейрамханаларға 100-ден аса қонақтар жинап той өткізу деректері белгілі болды. Бұл кәсіпкерлік нысандарына әкімшілік айыппұлдар салынды», - деп мәлім етті облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

Талдау жүргізу барысында халық тарапынан ұлттық дәстүрдегі той-жиындарды тек демалыс күндері емес, сонымен қатар жұмыс күндері де жиі ұйымдастырылатыны анықталды. Сондықтан жұмысшы топ жұмыс күндері де жеке тұрғын үйлер мен мейрамханаларға, жалға берілетін коттедждерге жүргізілетін рейдтік шараларды күшейтіп отыр. Себебі, былтыр наурыз айында облыста эпидемиологиялық ахуал өршіп, инфекция жұқтырудың топтасқан жағдайлары осындай жиын-тойлардың себебінен орын алған болатын.

Сондай-ақ, бұдан бұрын Қызылордада карантин талабын сақтамаған ауыл әкіміне айыппұл салынды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста