Көне жәдігерлерді көлікке айырбастап жүрміз...

Көне жәдігерлерді көлікке айырбастап жүрміз...

Осы уақытқа дейін қазақ топырағында тарихымызға тың үлес қосатын нешеме мыңдаған жәдігерлер табылды. Басым бөлігі жер астынан қазылып алынды. Дегенмен солардың барлығы да мұражайдың төрінен орнын таба алды ма? Жоқ. Ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткен небір жауһарларымызды да жоқ дей алмайсыз. Олардың бәрін түгендеуге дұрысы қолда бар заң талаптары тосқауыл бола алмай отыр. Заң солқылдақ.
Негізі көне бұйымдар бизнесі өте көп табыс түсіретін қомақты сала болып есептелінеді. Тіпті әлемдік мүйізі қарағайдай сарапшы-мамандар оны табысы жөнінен үшінші орынға шығарып жүр. Әрі көне жәдігерлердің әлемдік нарықтағы құны жыл жылжыған сайын 20-30 пайызға дейін өсіп отыратынын алға тартады. Сол себепті де шетелдік коллекционерлер анау-мынау кәсіпкеріңді шетке ығыстыра алады. Осы уақытқа дейін табылған қорған, қалашық сияқты тарихи орындардағы небір асыл мұраларымыздың шетел асып кетпегеніне ешкім де кепілдік бере алмайды. Өйткені археологтар іздеп-тауып, қала орнын аршып алғаннан кейін тоналып қалған жағдайлар да жиі болған. Тарихтың сарғайған парағынан сыр шертетін сынған құмыра, ыдыс, аяқтан гөрі көпшілікті алтын мен күміс секілді бағалы тастар қызықтыратыны белгілі. Кезінде Сарайшық қаласын қазған кезде көптеген алтын күмістерді жергілікті жұртшылық шетелдіктерге саудалағанын айтады ғалымдар. Ал оларды «заң талабын бұздың, бұл мұражайда тұруы керек» деп әрқайсысын жетектеп сотқа тартатындай заң талабы қатты емес. Облыс аумағындағы мұражайларға алтыннан жасалған, күмістен ойылған найза, қылыштардың сынығын әкеліп саудаламақ болғандар да бар көрінеді. Дегенмен оларды бәрін сатып алуға көбіне мұражайлардың қаражаты жете бермейді. Сол себепті бір шетелдіктің қалтасында кетті деп санауға негіз бар. Әлемдік стандарт деп аузымызды ашып, көзімізді жұмуға құмармыз. Негізі әлемдік талап бойынша жеке коллекционерлердің қолындағы ұлттық мұраға жататын көне жәдігерлер тізімге алынып, арнайы сертификат берілуі тиіс. Алайда елімізде жеке жәдігер жинаушылар туралы ескі нормативтік актілер болғанымен арнайы заң жоқ. Жыл сайын жер астынан табылатын жылт еткен жаңалық көп. Былтыр Тараз қаласында тұрғын үйдің ауласынан құмыра табылды. Тасын түртсең тарихы сөйлейтін көне Тараз жерінен мұндайлардың әлі талайы табылары сөзсіз. Тіпті, сансыз бабтар мекені Сайрамда да әр қабырғаны түртсеңіз бір жәдігер табылуы мүмкін дейді мамандар. Себебі, кеңес заманы құрсауынан қорыққандардың дені асыл жәдігерлерінің басым бөлігін қабырғаға сылап, жер астына көмгендері көп көрінеді. Оның бәрі де де ертеңгі күні топырақ бетіне шығары сөзсіз. Сол кезде ұлттық мұражайымызда емес, өзгелер өңгеріп кетпесін деңіз. Тарихын көне дәуірлерден тартатын өте ескі бұйымдарды алып сатумен айналысатындар қазір де жоқ емес. Көненің қадірін біліп, бағасын бағамдайтындар да баршылық. Әсіресе жер астынан табылған көне заттарды алып сатумен айналысып, нанын айырып жүргендер саны артып келеді. Олар әрине жеке қалтасының қамын күйттейтіні сөзсіз. Қолындағысын мұражайға тапсыра салмайды. Ол үшін марапат алмайтынын да біледі. Одан гөрі жолын тауып шетелдіктерге саудалағанды жөн санайды. Жеке коллекционерлердің немен айналысатынын бір сәт лупамен қарап қойған да артықтық етпес. Елімізге дәл қазіргі таңда антиквариат туралы заң ауадай қажет. Біздің бұл саладағы сауатымыздың кемшіндігін ұққан әрі көне жәдігердің әлемдік нарықтағы бағасын тап басып білмейтіндігімізді пайдаланған шетелдіктер ұлтымыздың небір баға жетпес зергерлік бұйымдарын болар болмас тиын-тебенге сатып алып кетіп жатыр. Бүгінде бардың бағамын білетін, көзі қарақты жандардың арасында бір-біріне антиквариат тарту ету сәнге айналған. Бұл дегенің құнды жәдігер ешуақытта да құнын жоймайды деген сөз. Ел ішінде әлі де болса бәлен батырдың, түген қолбасшының қылышы не болмасаа тұтынған заттары әлі де болса кездеседі. Атадан балаға беріліп келе жатқан мұндай асыл заттарды мұражайға өткіз деп ешкім де мәжбүрлей алмайды. Тіпті сондай атақты жәдігерлерді іздеп жүріп, астына көлік, басына баспана әперіп айырбастап алғандар туралы арагідік болса да есітіп қалып жатамыз. Мемлекеттік мұражайларда болсын, мейлі жеке жинақтаушылардың қолында болсын, әйтеуір жәдігерлеріміз тізімделініп, бақылау мен қорғауға алынуы тиіс. Елден жиып сатып алу үшін мұражай қорына көптеп қаржы бөлінсе, бұл мәселенің түйіні өз өзінен тарқатылар еді. Алайда мемлекеттен мұражайға көне жәдігерлерді сатып алуға бөлінетін қаржы там-тұм ғана. Өзге мемлекеттердегідей ұлттық құндылықтарды тіркеп отыратын арнайы ұйым қажет. Сондай-ақ, қандай да бір көне бұйымның тек мемлекет ішінде ғана сатылуын қадағалаған дұрыс секілді. Сонда асыл жауһарларымыз шетел асып кетпес еді. Мәселен, Ресейде антиквариат дүкендеріндегі заттарды тек ресей азаматына ғана сатуға рұқсат бар. Мұндайда әрине шетел асыру деген түске де кірмейтіні белгілі.... Әлі де кеш емес. Ұлттың тарихына қызмет етуі тиіс құнды жәдігерлеріміз әлдебір тиыннан теңге сауған саудагердің қалтасында кетпес үшін қам жасау керек. Қазірден....
Гүлнар Жұбаниязова, мұражайтанушы:
- Расында бүгінде ел ішінде небір құнды жәдігерлеріміз бар. Олардың бәрінің шетел асып кетпеуі үшін қазірден қам жасамасақ кеш қалуымыз мүмкін. Ертеңгі ұрпаққа өткеннен өнеге болып, мұражайдың төрінде тұруы үшін қандай да бір заң талаптарының болғаны жөн.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста