Климаттың өзгеруі қысқы Олимпиадаға қауіп төндірді

Қазірдің өзінде Қытай билігі Бейжің ойындарында жасанды қар қолдануға мәжбүр. Климаттың өзгеруі салдарынан 2050 жылға қарай қалалардың көбінде кәдімгі қар жетіспейтін болады, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл қысқы Олимпиаданы қабылдайтын шаһарларға қиындық тудырады. Зерттеу жүргізген британдық ғалымдар осылай дейді. Мамандарды жасанды қарға суды көп мөлшерде қолдану алаңдатып отыр. Мәселен, Бейжіңдегі сайыстар алаңына 145 миллион литр су кеткен екен. Ал өңірде тіршілік нәрі тапшы. Ғалымдар енді бұл аймақтағы қуаңшылық проблемасын одан бетер ушықтырып жібереді дейді. Зерттеуге сәйкес, 1924 және 2050 жылдар аралығында Олимпиада ойындарын өткізу үшін таңдалған 21 орынның тек 10-ында ғана климаттық жағдай мен кәдімгі қар деңгейі жарыс ұйымдастыруға жеткілікті көрінеді. Алайда Бейжіңдегі ұйымдастырушылар дода өңірдің экологиясына кері әсер етпейтінін алға тартады.

Ян Цзяронг, Бейжің олимпиадасын ұйымдастыру комитетінің ресми өкілі: – Бейжіңдегі дүбірлі дода БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуді көздейді. Біз «жасыл Олимпиада ойындары» концепциясын қолдаймыз. Суды қолдану жағына келсек, ойындар өтетін Чжанцзякоуде жасанды қар үшін өңірдегі судың жалпы мөлшерінің 9,8 проценті жұмсалды. Жасанды қар жасау жүйесінде біз суды үнемдейтін ең озық технологияларды қолдандық. Олар қоршаған ортаның өзгеруіне қарай ресурстардың жұмсалуын қадағалап отырады.

Британиялық ғалымдарды спортшылардың қауіпсіздігі де алаңдатып отыр. Себебі жасанды қардан салынған тау-шаңғы жолы табиғи қардан қатты болады. Бұл атлеттердің ауыр жарақат алу қаупін арттырады.

АВСТРАЛИЯ БИЛІГІ РИФТЕРДІ ҚОРҒАУҒА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛДІ

Ал Австралия билігі климаттың өзгеруінен зардап шегіп отырған Үлкен тоқсауыл рифін құтқару үшін қосымша бір милилард доллар бөлетін болды. Бұған дейін осы мақсатқа екі есе көп сома жұмсалған. Жаһандық жылыну кесірінен маржанды рифтердің көбі түссізденіп барады. Кейінгі 30 жылда Үлкен тоқсауыл рифінің көлемі екі есе азайған. Билік қаржыландыруды арттыру арқылы қоршаған ортаны қорғап қана қоймай, туризм саласын да қолдауға ниетті. Өйткені рифті көру үшін жыл сайын мұнда көп саяхатшы ағылады. Салада 64 мың адам еңбек етеді.

Скотт Моррисон, Австралия премьер-министрі: – Біз бөліп жатқан ақшаға жаңа технология енгізіледі. Су сапасын жақсарту әдістері қолданылады. Балық аулауды азайту қарастырылған. Климаттың өзгеруіне келетін болсақ, біздің мемлекет 2050 жылға дейін көмірқышқыл газының мөлшерін 20 процентке қысқартады.

Авторы: Жұлдыз Атагельдиева

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста