Кітапханашылар мен архив мамандарының жалақысы 20% өседі

Кітапханашылар мен архив мамандарының жалақысы 20% өседі

Биыл еліміздегі кітапханашылар мен архив ісі мамандарының жалақысы артады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

«Биыл кітапхана қызметшілері және архив ісі мамандарының еңбеақысын 20%-ға, 2027 жылға дейін екі есе өсіру жоспарланып отыр. Бізге білім саласындағы кітапханашылар, мәдениет саласындағы қосалқы қызметшілер проблемаларын айтып хабарласты. Яғни олар жалақысы көтерілетіндердің қатарына кірмей қалған. Осы орайда аталған санаттағы жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын қалай көтереміз деген сұрақты талқылау үшін, бірнеше құзырлы органдардың өкілдерін шақырып отырмыз», - деді Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова «AMANAT» партиясы алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

 

Депутаттың есептеуі бойынша бүгінде 25 жыл өтілі бар кітапханашының жалақысы орта есеппен 140 мың теңге.

 

«Бұл жерде жалақыдан бөлек, жұмысшылардың еңбек демалысы, сауықтыруға арналған төлемдер де кіреді. Жалақы, әлеуметтік қолдау мәселелеріне келгенде, мәдениет және білім саласындағы кітапханашыларды қатар қарастыру қажет. Сонымен қатар қосалқы қызметшілерді ұмытпау керек, мысалы кітапханада жұмыс істейді, бірақ кітапханашы емес», - дейді ол.

 

Мәдениет және спорт вице-министрі Арман Жүдебаевтың мәліметінше, еліміз бойынша кітапханашылардың орташа жалақысы 125 980 теңге. Ал басшылық қызметтегілер 214 мың теңге маңайында жалақы алады.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста