Мария Маркова – киіз өңдейтін шебер. Оның этникалық бейнелермен көркемделген киіз бұйымдары ерекше дизайнымен көз тартады. Шебер кезекті жинақтамасын толығымен 8 Наурыз мерекесіне арнапты.
Дизайнер өзі қолдан жасаған бұйымдарын көшеге киіп шығады. Оған назар аудармайтындар кемде-кем. Шебердің айтуынша, киізге деген сұраныс қашанда жоғары. Мұндай киіммен қытымыр қыста да тоңбайсың. Ал үйде тұрған шағын бұйымдар адам жанына жылу сыйлайды.
Мария қазір дүкендерден киім таңдамайды. Қажет кезде он саусағының көмегіне жүгінеді. Сырт киім, көйлек, аяқкиім, баскиім, қолғап және дорба – барлығы тек қолдан жасалады. Киізден жасалған бұйымдар мен киімдердің әдемілігімен қатар, адам жанын сауықтыратын қасиеті де бар. Оларға әшекейленіп салынған ежелгі петроглиф бейнелерінің мәні зор.
Пиманы осыдан мыңдаған жыл бұрын ер адамдар ойлап тауыпты. Одан кейін бұл өнерді әйелдер жанына серік етіп, бүгінгі заманға дейін жетіп отыр. Пима жасаудың бейнеті көп. Киіз дайын болу үшін малдың жүні 1-2 сағат ыстық суға пісіріліп, өңделеді. Марияның бұл кәсіппен айналысқанына жарты жылдың көлемі болды. Осы аралықта ол тек киіз пішуді ғана емес, етікшілік өнерді де меңгерді.
Киізден де керемет киім тігеді
Последние статьи автора