«Киімің қайда?»: Жаңаөзенде жезөкшедерді ұстау сәті (видео)

Жаңаөзенде жергілікті сауналардың бірін тексеру кезінде "тығылып жезөкшелікпен" айналысып жатқандарды полиция қызметкерлеріне қолға түсірді. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

21 желтоқсанда кешкі уақытта облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі және Жаңаөзен қалалық полиция бөлімінің криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері жеңіл жүрісті қыздарды анықтау мақсатында рейд жүргізді.

Үш сағатқа созылған рейд барысында, Жаңаөзеннің полиция бөліміне 10 жеңіл жүрісті қыз-келіншек жеткізілді. Бір өкініштісі, ұсталған 10 адамның 9-ы қазақ қызы болса, біреуі ғана өзбек ұлтынан екендігі анықталды.

Саунадағыларды ұстау кезінде түсірілген видеода оқиға орнынан бір қорап мүшеқап табылғаны көрсетілген. Полиция қызметкерлері "Қыздар, киініңдер, киімің қайда?" дегеніне қарамастан, беттерін матамен жауып, халат киген әйелдердің басқа бөлмеге қарай қашып бара жатқанын байқауға болады. Дәл осы видеодағы кадрлардан бетін матамен бүркемелеген келіншектерді көрген ютуб қолданушысы "Беті ашылмағандар отыр ғо" деп мысқылдапты.

Тәнін саудалап, жеңіл жүріске салынғандардың ісіне тосқауыл қою мақсатында ұйымдастырылған шараның нәтижесінде, ұсталғандардың атына түрлі дәрежедегі хаттамалар тіркелді. Енді олар ҚР-ның заңдары бойынша айыппұл төлеп немесе жазасын өтеуі мүмкін.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста