Киіктің мүйізі шетел асатын "желі" неге жабылмайды?

©Wordpress.com фото

Ресми-бейресми деректер киік аулау ұйымдасқан, топтасқан қылмыс түрін иеленгені айтудан ада емес. Бірақ одан киіктерге келген зауал кеміген жоқ. Қайта, сол ауланған киіктердің мүйізі емін-еркін шетел асып кете баратын «желі» қалыптасқан дейтін де сол деректер. Ендеше, сол желінің жолы неге жабылмайды? Мұны жабуға құлықсызбыз ба, әлде қауқарсызбыз ба?
Сол себепті сайынның сайғақтары сая таппай жүр. Көңілдің көліндей мөлдірген көзін көргенде, кез келгеннің қару оқтауға батылы бара бермейтін құралайға қырғын жорықтың дамылдар түрі жоқ. Мәліметтер 15-20 жыл бұрын еліміздегі киіктің саны 1 миллионнан асқанын айтады. Ал бүгінде олар небары 85 мыңды ғана құрайды екен. Көлденең келген індет өз алдына. Атуға, аулауға тыйым салынғанына қарамастан, киікке қынадай тиіп жатқандар тыйылар емес.
«Сайғақтың, киіктің мүйізін қымбатқа сатып аламын» деген жарнама, хабарландырулар да жиі кездеседі. Олай болса, киікке жорық жалғасуда. 1 милионнан 85 мыңға кемігендігі - соның бұлтартпас, айқын дәлелі. Кісінің кесапатынан қорқып, құлан түзде жортқан жануарлар қорғауға алынғанымен, оларға қорған бола алдық па? Қайдам?! Оңайға соқпай тұр.
Ресми деректер, егер бұған тосқауыл күшеймесе, киіктердің құрып кету қаупі бар деп зар қақсайды. Өйткені, бұл киелі жануар – киік Қазақстаннан өзге елде жоққа тән. Моңғолия және Түрікменстан, Өзбекстан, Қарақалпақстан аумағында ғана аздап кездескенімен, киік жарықтықтың тұрағы біздің ел болса керек. Бүгінде тағдыры түз тағысына емес, кісіге тікелей тәуелді болған киіктің соры мүйізінде болып тұр. Оның мүйізі - аса құнды тауар.
Деректер, қазіргі күні бір елік мүйізінің құны - 35-50 мың теңге тұрса, Алматыда - 200 мың теңге, ал оның бағасы көршілес Қытайда 4 мың АҚШ долларына жетіп жығылады дегенді айтады. Киіктің мүйізі дәстүрлі Қытай медицинасының өндірісі үшін таптырмайтын шикізат. Сондықтан да Қытай азаматтары Қазақстаннан киіктің мүйізін қандай бағаға болса да, сатып алуға дайын. Осылайша көршілес елде мүйіз бағасының артуы Қазақстанда киік аулау оқиғасын өрши түсірген.
Киікті сұраусыз, оңай олжа көргендердің толастар түрі жоқ. Ал киік құрып барады. Далиған дала оларға пана бола алар емес. Киелі жануарға апат адамнан төніп тұр. Қалмақтар қапы қалмас үшін қамданып жатыр. Олар бірер жыл бұрын «Сайғақ жылы» деп атады. Моңғолдар да қол қусырған жоқ. Сайғақтарды сақтау бойынша Альянс отырысын Ұлан-Батырда өткізіп, осы бағыттағы жобаларға шағын гранттар беруді қарастырды. АҚШ-тың балық және аңшылық шаруашылық қызметі бір жылдары Ресейдің сайғақтарын қорғауға қомақты қаржы беріп те тастаған.
Алдыңғы жылдары Мәскеуде өткен Биологтар мен аңшылық жүргізушілердің халықаралық XXIX конгрессінде ғалымдар сайғақтардың құрып кетпесі үшін оларды қатаң бақылау мен қорғау ғана аман алып қалады дескен. «Сайгак в России» зерттеуінің авторлары - зоологтар В.Мельников пен С.Сидоров бүгінгі бұл саладағы қаржыландыруды 15 есеге арттыру қажет деп таниды. Алайда, Ресей мен Қазақстан ондай қаржы жоқ деп аузын қу шөппен сүрткен секілді. Дегенмен, «солай екен» деп, еңсесі түскен көршіміз емес. Басқа да көптеген бағыттар ұсынуда. Соның бірі - сайғақтарды шаруашылықтарда өсіру, тағысын тағылар. Әйтеуір, әлдері келгенше сайғақтарын қызғыштай қорып әлек. Біздің ел. Қандай қарекет қылады екен? Ғылыми-зерттеу орталықтарын ашу туралы сөз болған. Одан басқасынан жұрт бейхабар. Броконьерлер де айылын жияр емес. Тек бір күні «Жез киік, біздің жақтан қайда кеттің?» демесек, жарады.
Қытайға тонналап кетіп жатқан киіктің мүйізінің ақыры күйік болмасын дейік.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста