«Кенжехан» базарындағы бопсалау қашан тоқтайды?
Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесті. Кездесуде «Кенжехан» базарында жұмыс істейтін тұрғын әкімге базар иелерінің модернизациялау үшін жалға алушылардан ақша жинайтынын айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі jasqazaq.kz-ке сілтеме жасап.
«Базар әкімшілігі бізден ақша жинайды. Базарды өз қаражаттарына саламыз деген болатын, алайда ақшаны халықтан қысым, бопсалау арқылы алып жатыр. «Кенжехан базарының бопсалауы қашан тоқтайды? Қала басшысы ретінде бізге назар аударуыңызды сұраймыз», — деді алматылық тұрғын.
Шаһар әкімінің айтуынша, қалада 56 базар бар, «Кенжехан» — ең ірілерінің бірі.
«Алматы базарларының дамуы әкімдіктің ерекше бақылауында. «Кенжехан» осы жылдың 1 қаңтарына дейін жаңғырту жұмыстарын аяқтауы тиіс еді. Бірақ пандемияға және басқа жағдайларға қатысты аяқталмай қалды. Олар базарды жаңғыртуға қатысты шешім қабылдап, қаражат жинайтындарын айтқан болатын. Өкінішке қарай, шарттық қатынастар бар, адамдар қағазға өздері қол қояды», — деді Ерболат Досаев.
Алматы прокуратурасы қазір «Кенжехан» базарына қатысты кешенді тексеру жүргізіліп жатқан көрінеді.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz