Кененің белсенділік кезеңі басталды

Кененің белсенділік кезеңі басталды

Алматы қаласы жұқпалы аурулар бойынша эпизоотологиялық және эпидемиологиялық ахуалы тұрақсыз аумақтардың қатарына жатады. Себебі, Алматы қаласының аумағы кене энцефалит бойынша эпидемиялық аумақ болып табылады. Жыл сайын кене энцефалитінің табиғи ошағы белсенді қалыптасып келеді.
Жалпы, Алматы қаласы және оның маңайы кене энцефалитіне эпидемиологиялық қауіпті аймақ болып есептеледі. Сондықтан қала тұрғындарына кене энцефалитін жұқтыру қаупі бар. Себебі табиғатта кенелер кене энцефалиті ауруы вирусының таратушылары және қоздырушылары болып табылады. Бұл ауру наурыз айынан қазан айына дейін кездеседі. Кене жайлаған аймақтар – таулы, қыратты жерлер. Бізде Іле Алатау ауданы, соны­мен қатар Талғар, Қарасай, Еңбекшіқазақ және бас­қа да аудандар. Мұнымен қатар бізге Қапша­ғай, Балқаш көлдері және Іле өзендері маңынан да тұрғындар келіп жатады. Бұдан байқағанымыз, таулы аймақ­тармен қатар, далалы алқаптар да кененің мекені болып санала береді. Қала тұрғындарының арасында жыл сайын кенеден зардап шеккен 1000-нан астам адам дәрігерлік көмекке жүгінеді.
Жыл сайын «Алматы қаласының дезинфекция станциясы» алдын алу бойынша дератизациялық және дезинсекциялық шараларды ұйымдастырып, жүзеге асырады. Негізінен еліткіштік әдіс қолданылады.
Дератизациялық улау 2 рет сәуір-мамыр және қазан-желтоқсан айлары аралығында жүргізіледі.
Бүгін таңда елімізде кене энцефалиті ауруының эпидемиологиялық энтомологиялық жағдайы қолайсыз. Кене энцефалиті – адамның орталық жүйке жүйесін зақымдайтын, кене шағу салдарынан пайда болатын аса қауіпті ауру. Энцефалит вирусын тасымалдаушы кене шағудың 20-30% жағдайыныда адам өте ауыр кеселге ұрынып, сал ауруына шалдығып, мүгедек болып қалуы, тіпті өлімге ұшырауы мүмкін. Оның басты себебі – дезинсекция уақытында жүргізілмеуінде болып отыр. Ауру – кене шаққанда жұғады. Кеселдің алдын алу үшін олардың табиғи ошақтарын залалсыздандырып отыру қажет.
Иксодид кенелері медицинада ерекше маңызға ие. Олар бактериялық және вирустық инфекциялардың 20-дан астам қоздырғыштарын тасымалдайды.

Сақтық шаралар:
Ашық түсті киім кию, кене сескенетін заттар қолдану, әлсін-әлсін өзінің үстін тексеріп отыру, үйге келгенде киімдерді қағып, жуып, себілгіге түсіп, денені, әсіресе шашты мұқият қарап, тексеру керек. Егер денеге жабысып тұрған кенені байқасаңыз, жедел дәрігерге көріну қажет. Мұндай жағдайда Алматы қаласында тәулік бойы, ақысыз жедел жәрдем көрсететін ауруханалардың травматология бөлімдері жұмыс жасайды.

Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорының директоры, А.М.Құрбанов

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста