Кенеден келетін кісі өлімі!

Шындығын айту керек кенеден келер қауіп көп. Елімізде 2017 жылдың 1 қаңтарына Конго Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша ( бұдан әрі – КҚГҚ) 287 қолайсыз елді мекен тіркелді (2015 жылы – 239). Оның ішінде Жамбыл облысында 66, Қызылорда облысында 100, Оңтүстік Қазақстан облысында 121. Айта кетерлік мәселе Жамбыл облысында КҚГҚ – ның қолайсыз елді мекен саны 2015 жылы 60 елді мекеннен 2016 жылы 66 елді мекенге, ал Оңтүстік Қазақстан облысында 2015 жылы 79 елді мекеннен 2016 жылы 121 елді мекенге артты. Осы мәліметтердің өзі кенеден келетін қауіп – қатердің көптігін дәлелдейді.


Былтырғы жылы КҚГҚ – ның қауіптілігін анықтау мақсатында 1443 елді мекеннен 148377 кене жиналып, 14098 кене сынамасы зертханада зерттелініп нәтижесінде 562 (4,0%) сынамасынан КҚГҚ – ның вирусы анықталса, Қызылорда облысында – 6,1% және Жамбыл облысында – 4,2% құрады. Бұл көрсеткіш 2015 жылы республика көлемінде – 2,7% болса, былтыр 4,0% өскен. Республика бойынша 2016 жылы кене шағуынан медициналық көмекке 8896 адам жүгінген (2015 ж. – 5637) кене шағу 100 мың тұрғынға шаққанда көрсеткіші 50,7 құрады (2015 ж. – 32,1). Бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда республика көлемінде 1,6 есеге өссе, Жамбыл облысында – 2,4 есеге, Қызылорда облысында 1,7 есеге және Оңтүстік Қазақстан облысында – 1,4 есеге өсіп отыр. Тұрғындар арасында Конго Қырым геморрагиялық қызбасы 2015 жылы тіркелген 12 жағдайдан 2016 жылы 27 жағдайға өсті. Республика көлемінде 2016 жылы КҚГҚ мен ауырған 27 науқастың, 7 – уі Жамбыл облысында, 5 – уі Қызылорда облысында және 15 – і Оңтүстік Қазақстан облысында тіркелді. Айта кету керек КҚГҚ мен тіркелген 27 науқастың 3- уі (11,1%) қайтыс болды (Жамбыл облысы – 1 және Оңтүстік Қазақстан облысында 2 жағдай). Осыған орай, жоғарыда көрсетілген КҚГҚ-нан қолайсыз облыстарында эпидемиологиялық маусым кезінде (наурыз-қазан айлар аралығында) әр адам кене шағуынан зардап шеккен жағдайда, немесе дене қызыуы, бас ауыру, қан кетіуі т.б шағамдары болса, жергілікті емдеу - алдын алу мекемесіне дәрігергер қаралып, медициналық бақылауға тұру керектігін хабарлаймыз. Жоғарыда көрсетілген науқастар көбісі кенеден зардап шекендер және малдарды союмен айналысқан. Қазіргі уақытта малдарды кенеден тазарту үшін ветиринариялық дәріханалардан кенеге қарсы препараттарды сатып алуға болады.
Өкінішке орай, бұл ауру ересек адамдармен қатар балалар мен жасөспірімдер арасында да жиі кездеседі. Мысалы шалғай ауылдарда күнделікті уақытта және оқу демалыс кезінде көптеген балалар үй шаруашылығымен (мал қора тазалау, шөп жинау, мал бағу) айналысып, кене шағуы жиі кездеседі.


Жалпы иксод кенесі жылы қанды организмнің қанымен қоректенетін болғандықтан, адамдар мен жануарларға аса қауіпті жұқпалы ауру жұқтырып, зиянын тигізуде.
Кене адам ағзасының температурасын 100 метр қашықтықта сезеді, жүру жылдамдығы 5-7см/с, қоректенуі тәулігіне - 200 мг қан, ал қорексіз кене бірнеше жыл тіршілік етеді. Кенелер қора-жайларда, қи қоқыста, құс ұясында, тышқан інінде, өсімдік түбінде болады. Аналығы 5-18 мыңға жуық жұмыртқалайды. Кенелер жұқпалы індет вирустарын 25 ай сақтап, ұрпақтарына береді.
Сонымен, кенеден таралатын індеттің бірі - Конго Қырым геморрагиялық қызбасы (Көкала). Бұл, жұқпалы вирус кене шаққанда, кенені жалаң қолмен езу - жаншу, жануарларды сою, бөлшектеу кезінде және індетпен ауырған науқастың қанымен жанасу арқылы жұғады.
Адам ауырғанда дене қызуы көтеріледі, бас, буын және бел ауырады, қан сұйылып, қан (мұрын, тістің қызыл егі) кетеді, денеде қан бөртпелері байқалады, індет, көбінесе, өліммен аяқталады.
Аталған індет мамыр, маусым және шілде айларында өршиді. Оған себеп жартылай шөлді және шөлді аймақтарда «көкала» ауруын таратушы кененің түрі H. аsiaticum «Г. Азиатикум» кенесі тіршілікке бейімді өте белсенді, наурыз айында шығады да, қыркүйекке дейін белсенді өмір сүріп, өсіп - өнеді.
Кене шаққан жағдайда шаққан жерге қарапайым әдіспен 2-3 тамшы сұйық майын тамызып, пинцетпен немесе қолғап киіп, кенені асықпай, мүмкіндігінше, тұмсығымен бірге денеден алу қажет. Алынған кенені қақпағы бар ыдысқа салып, денедегі шаққан орнын кез келген залалсыздандыратын медициналық (спирт, дезинфекциялық ерітінді) ерітінділермен сүртіп, тез арада медициналық көмекке жүгінген дұрыс.
Әр адам жеке басының қауіпсіздігі және кенеден қорғану үшін - Табиғатқа шығатын тұрғындар мен саяхатшылар ұзын жеңді, көйлек киіп, жеңдерін түймелеп, ұзын балақты шалбарды шұлықтармен қымтап кию, аяқ киім, бас киім киіп, өзімен бірге дененің ашық жерлеріне себетін медициналық дәрілік заттарды алып жүру қажет және өзінің қасындағы адамдардың денесінде кененің бар жоғын жиі тексеріп отыру керек.
Ауру байқалған жерді, мал қораларын және маңайын, үй ішін т.б. дезинсекциялау керек. Бұл жұмысқа мал шаруашылығы қызметкерлері (мамандары), әсіресе сол жердің тұрғындары белсенді түрде қатысулары қажет. Сонымен қатар, тұрғын үйлерде, мал қораларында кенелердің болмауын қадағалау керек.
Ауырған адамдардың қаны үй заттарына жанасудан сақтанған жөн. Маңайдағы керексіз заттар, мал қораларындағы қи - қоқыстар жиналып өртеледі. Малды механикаландырылған шомылдырғыштарда тоғытқан дұрыс. Мал қораларды, сарайларды дезинсекциялау керек. Бұл жұмыстар міндетті түрде мамандардың бақылауымен жүзеге асырылуы шарт.
Естеріңізде болсын, жеке бастың сақтық шараларын сақтай отырып, ауруды ауыздықтай аламыз.

 Ө. Б. Үсенов,

ҚР ҰЭМ ТҚҚК – нің СЭСжМҒПО- ның
карантиндік және аса қауіпті
жұқпаларды мониторинг департаментінің зоологы

З. С. Турлиев,

ҚР ҰЭМ ТҚҚК – нің СЭСжМҒПО- ның
карантиндік және аса қауіпті жұқпаларды
мониторинг департаментінің дәрігер эпидемиологы 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста