Кеденші қыз-келіншектер мерекені жетістіктермен атап өтеді

Кеденші қыз-келіншектер мерекені жетістіктермен атап өтеді

Еңбектің ауыр-жеңіліне қарамастан, ортақ мақсат үшін бар қызметкері бір адамдай қимылдап, жұдырықтай жұмыла білетін ұжымдар бар. Сондай ұжымдардың қатарына Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің қызметкерлерін де жатқызуға болады. Барлық қиындықтарға қарамастан, экономикамыздың қауіпсіздігін сақтауға атсалысып келе жатқан ұжымның нәзікжандыларын әйелдердің халықаралық мерекесімен құттықтау үшін жуырда біз аталған департаментте болып қайтқан едік.
Алматы облысы бойынша Кедендік ба­қылау департаментінің қызметкерлері бүгінде тек қызметте емес, өнерде де көп­теген табыстарға қол жеткізіп келеді. Мәселен, жуырда департаменттің көр­кем­өнер шеберлері Алматы облысы бойынша өткізілген көркемөнерпаздар жарысында үшінші орынды иеленді. Әрине, бұл ұжым­дағы қыз-келіншектердің еңбегі мен өнері арқылы қол жеткізген табыс деуге болады. Мереке қарсаңында біз осындай биік жетістіктерде көрініп жүрген ұжымның қыз­меткерлерін сөзге тартқан бола­тын­быз.

Фарида ӘБІЛХАЛЫҚОВА, кедендік кірістер басқармасының бөлім бастығы:
– Мен бұл қызметте сонау 90-жылдардан бері жұмыс істеп келемін. Ол кезде Қазақстанның кеден қызметі енді ғана дамып келе жатқан болатын. Ал қазіргі күні кеден саласының қызметі өзгерген. Барлық үдерістер автоматтандырылып жатыр. Барлық жерде адамдарға көмекке компьютерлер келуде. Бүгінгі күні Қазақстанның барлық әйелдері үй мен жұмыс тірлігін қатар алып келеді.

Әсел ИСАЕВА, Алматы облысы бойынша кедендік бақылау департаменті кеден бекетін бақылау басқармасының бастығы:
– Біздің ұжымның қызметкерлері бір үйдің жан­да­рындай өте тату. Ер-азаматтар қыз-келіншектерді үнемі қолдап отырады. Өзіме келер болсам, менің үш балам бар. Жұмысыма өте ризамын. Барлық қыз-келіншектерді мейрамдарымен құттықтаймын!

Аида СҮЛЕЙМЕНОВА, ұйымдастырушылық жұмыс және бақылау бөлімінің маманы:
– Жақында Талдықорған қаласында мемлекеттік қызметкерлер арасында өнер сайысы өтті. Оған біздің ұжым да қатысты. Өз басым онда би биледім, басқа ұжым қызметкерлері ән айтып, күй тартты. Нәтижесінде біз үшінші орынды еншіледік.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста