Ю.Ильин: АЭС құрылысына екі аймақ таңдалды
Атом электр санциясы салынатын жерді таңдауға Төтенше жағдай министрлігі қатысты, деп хабарлайды Хабар 24.
Бұл жөнінде ведмоство басшысы Юрий Ильин мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір 2 орын таңдалған. Оның бірі – Алматы облысына қарасты Үлкен ауылында. Екіншісі – Шығыс Қазақстандағы Курчатов қаласы.
Енді осы жерлерге қатысты жобалық-сметалық құжаттар дайындалады. Оның ішінде барлық талаптар, әсіресе, төтенше жағдайлар министрлігі құзіретіндегі мәселелер де ескеріледі деді министр.
Юрий Ильин, ҚР төтенше жағдайлар министрі:
– Аталған аумақтарда елді мекендер жоқ. Бұған қоса, жер сілкінісі, тас көшкіні не судың тасуы болмайды. Біз бұл тетіктерге ерекше мән бердік. Министрліктің ұсыныс-кеңестері ескеріліп, осы жерлерде құрылыс жүргізуге болады деген тоқтам жасадық.