Ил-2: Талғат Бигелдиновтың ұшағы
Ил-2 – Ұлы Отан соғысы жылдарында кең пайдаланылған кеңестік шабулшы ұшақ. Машина аты конструкторы – Ильюшин Сергей Владимирұлы құрметіне қойылған. Тарихтағы ең көп шығарылған соғыс ұшағы. Жалпы саны – 36 мың. Кеңес әскерінде Ил-2-ге «бүкір» (фюзеляжының сұлбасына байланысты) атауы берілген. Ал, ұшақты құрастырушылар «ұшатын танк» деп атаған. Оның маневр жасау қиындығы мен қалқанының берік болуына байланысты неміс ұшқыштары оны Betonflugzeug – «бетонды ұшақ» немесе Zementbomber «цементтік бомбылаушы» деп атаған.
Ұшақтың аспанға бірінше рет шарықтауы 1939 жылы 20 желтоқсан күні болды. Ил-2-ні алғаш рет (1941 ж. ақпан) сериялы түрде Воронеж қаласының № 18 зауыты шығара бастаған. Сонымен қатар ұшақ Куйбышев және Мәскеу қалаларында шығарылған. Аз уақыт аралығында Ленинград және Төменгі Тагил қалаларында құрастырылған. Ұшақ өндірісі 1945 жылы аяқталды.
Пайдаланылуы
Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңес Одағы әскерінің негізгі ұрыс ұшықтары қызметін атқарған. КСРО Әскери әуе күштері және Әскери теңіз флотында, Болгария, Чехословакия, Польша, Моңғолия, Югославия Әуе күштерінде пайдаланылды. Ил-2 1954 жылы эксплуатациядан шығарылды. Бірақ Ил-2-нің түбегейлі модификациясы болған Ил-10 ұшақтары 1962 жылы ғана істен шығарылды. Әлі күнге дейін Ил-2 және оның модификацияларының бірнеше данасы оқу жаттығу ұшақтары, тарихи экспонаттар ретінде қолданылады.
© patriotcenter.ru/Andrey_18
Ил-2 шабуылдаушы (штурмовик) қызметін атқарған. Жердегі және судағы нысандарды жоюға арналған. Негізгі тактикасы: 400-1000 метрлік биіктіктен шабуыл жасау. Сонымен қатар 10-50 метрлік биіктіктен тіке шабуылда кең таралған. Жаудың тірі күші мен техникасын жоюда жоғары көрсеткіштерге жеткен. 1943 жылдан бастап танктерге қарсы арнайы снарядтардың пайда болуы, Ил-2 тиімділігін арттыра түсті. 1941-1945 жылдар аралығында Кеңес әскері 23,6 мың Ил-2-ні жоғалтты. Оның тек 12,4 ғана шабуылдан жойылса, қалғандары машинадағы ауытқуларға байланысты болды.
Сипаттамасы (басқа нұсқалары ескерілмеген)
Техникалық сипаттамасы
Ұшқыш: 1
Ұзындығы: 11,6 метр
Қанатының ұзындығы: 14,6 метр
Биіктігі: 4,17 метр
Қанатының көлемі: 38,5 шаршы метр
Ұшақ салмағы: 3990 кг (құрал-саймандармен 5310 кг)
Қосымша алуға болатын жүк: 1320 кг
Жанармай көлемі: 470 литр
Ұшу сипаттамасы
Жылдамдығы: 450 км/сағ
Ұшу биіктігі: 2460 метр
Ұшу қашықтығы: 638 км
Жерден көтерілу жылдамдығы: 10 м/с
Қару-жарығы
Пулемет: 2х20 мм 210 оқ; 2х7,62 мм 750 оқ
Ракета: 8х РС-82 немесе РС-132
Бомба: 400-600 кг
Модификациялары:
Ил-2 (бір орынды)
Ил-2 (екі орынды)
Ил-2 АМ-38Ф
Ил-2 КСС
Ил-2 М-82(Ил-4)
Ил-2 ШФК-37
Ил-2 НС-37
Ил-2 НС-45
Ил-2Т
Ил-2-Әлемдегі ең көп шығарылған ұшақ
Ил-2 ұшақтары туралы видео
Ил-2 КСС ұшақтары
Ил-2 ұшағында соғысқан Кеңес Одағының батырлары (екі мәрте)
(Түпнұсқадағы тақырып: Ил-2: әлемдегі ең көп шығарылған ұшақ)
el.kz