Granta орнынан 206 км\сағ жылдамдықпен қозғалған. "Сергек" әзірлеушілері видеоны түсіндірді
Желіде жылдамдықты асырғаны үшін полицейлер тоқтатқан семейлік жүргізушінің видеосы тарап жатыр. Полиция планшетіндегі деректерге сүйенсек, Lada Granta көлігі орнынан сағатына 206 шақырым жылдамдықпен қозғалған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Дәл осы уақытта "Сергек" камералары түсірген суретте Lada Granta көлігінің алдында Land Cruiser Prado келе жатқан.
"Қалай мен бұлай маневр жасадым?" – деп жүргізуші аң-таң болады.
Абай облысының Полиция департаменті Tengrinews.kz сауалына жауап беріп, бұл жағдайдың техникалық ақауларға байланысты туындағанын, осыған байланысты "Сергек" әзірлеушілеріне шағым жіберілгенін айтты. Нәтижесінде Lada Granta жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған. Сондай-ақ, автокөлік жүргізушілерінің шағымдануға құқығы бар екені, ол үшін әкімшілік полиция бөліміне хабарласу керек екені ескертілді.
Сергек тобы өз кезегінде жолдың осы бөлігінде құрылғы істен шыққанын хабарлады. Мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін мамандар тиісті жұмыстарды атқарып жатқаны айтылды.
"Lada Granta жүргізушісінен туындаған жағымсыз көңіл күй үшін кешірім сұраймыз. Камера істен шыққанына қарамастан, заңбұзушылық картасы тіркелмеді және Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі орталығына жіберілмеді. Тиісінше, жүргізуші айыппұл алмайды. Жүйе тек нұсқау бойынша әрекет ететін полиция қызметкерлеріне хабарлама жіберген", - деді компанияның баспасөз қызметі өкілдері.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz