Голландияға «ұзатылған» қызғалдақ өз Отанында жойылып барады

Голландияға «ұзатылған» қызғалдақ өз Отанында жойылып барады

Елбасы сонау 2002 жылы Нидерланды корольдігіне жасаған ресми сапары кезінде сол елдің ханшайымы Беотрикс ханым президентімізге қызғалдақ жайында ағынан жарылып, мынадай әңгіме айтыпты: «Ұлы Жібек жолы ғасырлар бойы Еуропаны –Азиямен, сондай-ақ Қазақстанды Нидерландымен байланыстырып тұрды. Осы байланыстар біздің елімізге қызғалдақ гүлін әкелді. Бұл гүл осылайша Нидерландыға жол тапты. Саудада ол ең өтімді өнімге айналды. Қазіргі кезде қызғалдақ гүлі нидерландылықтардың нөмірі бірінші экспорттық тауары ретінде бағаланады. Сол үшін де сіздің елге қарыздармыз».

 Ақиқаттың негізінде өрбитін аңыз-әңгіме бабаларымыздың қаны тамған жерлерге араға бірнеше жылдар салып қып-қызыл қызғалдақтар жайқалып шыққан дейді. Осылайша, қан майданнан қалған қызғылт дақтар уақыт өте келе гүл падишасы – қызғалдаққа айналыпты.

Осыдан бірнеше жыл бұрын қыз­ғалдақтың отаны Қазақстан екенін ғылыми тұр­ғыдан жан-жақты дәлелдейтін жаңа ту­ынды жарыққа шыққан болатын. Ғалым Анна Иващенконың «Қазақстанның қыз­ғал­дақтары және өзге де жуа тұқымдас өсімдіктер» атты бұл кітабы баз біреулер үшін анау айтқан жаңалық болмас, әрине. Алайда онда бізге таныс һәм бейтаныс қызғалдақтың тарихы мен өсу процесі, кө­­беюі секілді жайлар талданып жа­зылған.
– Менің қызғалдақтар табиғатын зерт­тегеніме қырық жылдай уақыт болды. Қа­зақ халқы ежелгі дәуірден бері дала гүлі қыз­ғалдақты құрметтейді және оның көр­кіне қызығып қана қоймайды. Шипалы қасиеті бар өсімдік оңтүстік өңірде емдік мақ­саттарға кеңі­нен пай­да­ланылады, – дейді ғалым Анна Ан­дрей­қызы.
Қызғал­дақтың тұқымы Ұлы Жібек жолы арқылы Қазақстаннан – Түркияға, одан әрі Голландияға жеткен көрінеді. Дала қызғалдақтары еліміздің барлық об­лыстары мен аудандарында баршылық. Алайда мамандарды бұл күндері қыз­ғалдақтың келешектегі тағдыры қатты алаңдатуда. 1981 жылы «Қызыл кітапқа» қыз­ғалдақтың 13 түрі енгізілген. Өкі­нішке қарай, тізім мұнымен бітер емес. Сон­дықтан да дала гүлдерін жүйелі түрде қорғау бүгінгі таңдағы басты мәселе бо­лып тұр. Қызғалдақтың кешегісі бәрі­мізге белгілі, болашағы бұлыңғыр. Ал бүгінгі хал-жағдайын мамандар былай тар­қатады.
Оразәлі Ахтанов, ОҚО ішкі істер басқармасының табиғатты қорғау полициясының аға инспекторы:
– Қызғалдақ гүлі «Қызыл кітапқа» енгендіктен, ерекше қорғауға алынған. Жоғалып, құрып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарларды қалай қорғау керектігін үйретіп жатудың өзі тым артық. Десек те біздің елде экологиялық сауат ашуды қажет ететін жағдайлар өте көп. Егер азамат қызғалдақты жұлу кезінде қолға түссе, онда ҚР Қылмыстық кодексінің 290-бабымен оның үстінен қылмыстық іс қоз­ғалады. ОҚО Түлкібас ауданына қа­расты Қызыл төбешік дейтін жердегі грейг қызғалдағы ерекше қорғауды қажет етеді. Және сол төбеден өзге аймақтан бұл гүлді кездестіре алмайсыз. Ерте көктемде осы жерде сұқ көз бен сұғанақ қолдар кө­бейеді. Мәселен, былтырғы рейд қоры­тын­дысы бойынша, үш-төрт факт тір­келсе, биыл оның саны тағы артып отыр. Әсіресе, мейрамдар қарсаңында қыз­ғал­дақтың «жаулары» көбейеді. Аяусыз жұлу­дың ке­сірі бірнеше жылдардан кейін қыз­ғалдақтардың жаппай жойылуына алып келе ме деген қауіп бар. Осы жағдайды бол­дырмау үшін тырысып-ақ жатырмыз. Заң бойынша, бір дана қызғалдақты жұ­луда келтірілген залалды өндіру үшін 360 теңге айыппұл төленеді. Менің ойымша, браконьерлікпен күресу үшін қатаң шара­лар қолдануымыз қажет сияқты. Ер­теңгі күні өкініп қалмас үшін.

Әмірбек Сиқымбаев, ОҚО «Сайрам-Өгем» ұлттық табиғи паркінің эколог-маманы:
– Өгем МҰТП-тың территориясында қызғалдақтың бір­неше түрі кездеседі. Атап айтсақ, грейг, кауфман, шымған, түркістан, жалғантүкті, жалған қосгүлді, кү­мән­ді деп ата­латын қызғалдақтар. Мен эколог-маман ретінде мерзімді басылымдар арқылы оқырмандарға «қыз­ғалдақты жұл­маңыздар» деп әрдайым айтып жү­ремін. Өйткені олардың пиязшығына зиян келетін бол­са, ол жерден дала гүлі қайтіп шықпайтынын біреу білсе, біреу білмейді. Тіпті қызғалдақ ұрығын қайта шашқан күннің өзінде оның өсіп-жетілуі үшін кем де­генде 10 жыл керек болады.

Нұрахан Жұмағұлов, эколог:
– Егер қызғалдақты гүл падишасы дейтін болсақ, грейг қызғалдағын қызғалдақ падишасы деу әбден жа­расымды болар еді. Өйткені грейг – ең әдемі және ең аз кездесетін қызғалдақ түрі. Оның қалың көкшіл жапырақтары мен 12-15 см дейін жететін бокал тәріз­дес гүліне сұқтанбайтын жан кемде-кем. Қызғал­дақ­тың бұл түрі тек өзінің әсемдігімен ғана емес, емдік қасиеттерімен де ерекшеленеді. Мәселен, гүлдің пиязшығының құрамында 40-60 пайыз крахмал және қант бар. Бас ауруы, бауыр ауруларына пайдала­ны­латын бөліктері де бар. Өкінішке қарай, оның сұлулығы өзіне сор болып жабысып отыр.

P.S.
Қазақ жерінен сонау Голландияға ұзатылған қызғалдақ өз отанында құрдымға кетіп барады. Тарихын білмегендіктен, балалар әуестеніп жұлса, бір сәрі, ал оларға тыйым салып отыруы керек ересектердің өзі қызғалдақ ғұмырын жалмауға даяр тұрады. Сол қызғалдақты жұлмай тұрып, қызғалдақ сөзінің төркіні «қызғылт дақ» жайлы әрбіріміз ойланып көрсек қой, шіркін...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста