Ғимараттарды қалай қазақыландырамыз?

Ғимараттарды қалай қазақыландырамыз?

Қазір Алматы мен Астанада құрылыс қарқыны басыла қойған жоқ. Алайда қос қаладағы салы­нып жатқан зәулім сарай­лардың 90 пайызында қазақстандық сәу­лет­­ші­лердің қол­таң­басы жоқ, бар­лы­ғы шетелдік сәулет­керлердің жобасымен салынып жатқандығы жасырын емес. Біз бүгін осы тақырыпқа аз-кем тоқ­тал­ғанды жөн көрдік.
Еліміздің кейбір сәулетшілері республикамыздың бетке ұстар қос қаласының келбетіне, сәулеттік әсемдігіне алаңдау­шы­лығын білдіріп отыр. Олар соңғы жылдары қарқынды жүр­ген құрылыстардың ешқай­сысында ұлттық бояу жоқтығын, ғима­рат саларда тарихи құндылықтарымызға назар ауда­рыл­май отырғандығын айтуда. Әрине, еліміздегі кез келген қа­лаға кіргенде, біріншіден, оның ұлттық бояуы көрініп тұ­руы тиіс емес пе?! Сондықтан қандай да болсын биік ғи­ма­рат саларда көнеден қалған архитекторлық сызбалардың кіш­кене де болса элементтерін енгізіп отырғанымыз дұрыс се­кіл­ді. Себебі қазіргі заманға бұрынғы архитекторлық эле­мент­терді енгізсек, ол біздің кім екенімізді, қайдан шыққа­ны­мызды, жалпы тарихымыздан сыр шертіп тұрмай ма?! Алай­да қазір Алматы мен Астанада көтеріліп жатқан зәулім сарай­лардың ешқайсысында ұлттық нышан байқалмайды, «супер современный» қалаға айналып барады.
Асқар ТҰТЫБАЕВ, Алматы қалалық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы:
— Негізі, қандай ғимарат болсын ұлттық нақышта салынуы керек деген мәселе Үкімет деңгейінде көтерілген. Тіпті бұл жергілікті жерлердегі сәулет және қала құрылысы басқармаларына тапсырылған болатын. Оларға «жобаны бекітер алдында ұлттық нақышқа үлкен көңіл аудару керектігі» айтылған. Алайда жоба жасаушылар ғимаратқа киіз үйдің ою-өрнегін салып, осы ұлттық нақыш деп жатады. Біз сәулет және қала құрылысы басқармасы емеспіз, біз сәулет-құрылысты бақылайтын мекемеміз. Сондықтан бізге жоба бекітіліп келеді, біз сол бойынша жұмыс істейміз. Ал бекітілген жобаға өзгеріс енгізу біздің құзыретімізде жоқ. Сондықтан архитекторлар ұлттық нақышты ескеріп жатыр деп айта алмаймын.
ҚР Сәулетшілер одағының прези­денті Ақмырза Рүстембековтің айтуын­ша, қазіргі салынып жатқан құрылыс­тардың ешқайсысында ұлттық нақыш жоқ. Көбісі шетелдік сәулеткерлердің жобасымен салынып жатыр екен. «Мен мына нәрсені баса айтқым келе­ді. Кеңес заманында үлкен кесенелер, биік ғимараттар салар алдында жер­гілікті басшылар Сәулетшілер одағына келіп ақылдасатын. Қазір бұл жүйе жойылған. Сәулетшілермен ақылда­сып отырған ешкім жоқ», – дейді ол.
Гүлнар ӘБДІРАСіЛОВА, Қазақстанның Құрметті сәулетшісі:
– Кез келген ел өзінің ерекшелігін көрсететін сәулет өнері болғанын қалайды. Ұлттық архитектура – бұл үлкен ғылыми мәселе. Қандай да болсын, бой көтерген ғимараттар жергілікті халықтың тарихынан, мәдениетінен, рухани құндылықтарынан сыр шертіп тұруы керек. Сондықтан егер де қаламызды ұлттық нақышта жасайтын болсақ, онда ертеңгі күні ұятқа қалмайтындай етіп жасауымыз қажет. Бұған жүрдім-бардым қарай салуға болмайды. Кейбір күмбезді ғимараттар қарапайымдылық пен формалдылықты ғана көрсетеді. Мен оны кәсіби сәулеткерлік деп есептемеймін. 1928-30 жылдары Алматыда М.Гинзбург деген белгілі сәулетші Үкімет үйін (қазіргі Жүргенов атындағы Өнер академиясын) салған кезде оның сыртқы архитектурасын еуропалық стильге негіздегенімен, ішкі құрылымын шығыстық шырайда жасап шықты. Демек, Батыс пен ұлттық құндылықтарды бір-бірінен алшақтатпай, жаңа заманауи негізге көшкенімен, жергілікті аймақтың кеңістіктік философиясын енгізе алды. Ол — қазірге дейін көпшілікке үлгі. Сондықтан ғимараттың үстіне күмбез қойып, елді алдарқатудың керегі жоқ. Осыны архитектура саласында білім алып жатқан студенттер жете түсінсе, ертең олар басқаларға еліктемей, ғимарат саларда жергілікті жердің философиясы мен тарихын ескеретін болады.

Міне, жоғарыда мамандардың айтып отырған пікірі осы. Енді бұл мәселені қалай шешуге болады? Қос қаламыздың сәулеттік келбетіне ұлттық реңк, ұлттық бояу беру үшін не істеуіміз керек? Мүмкін, ҚР «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңымызға «биік ғимараттар салар кезде міндетті түрде онда ұлттық нышан байқалуы тиіс» дейтін арнайы бап енгізуіміз қажет шығар? Сонда архитекторлар өздерінің жобасын тендерге ұсынар кезде ұлттық нақыштарымызға назар аударатын болар. Біздің міндет – ой тастау, ал оның іс жүзінде жүзеге асуы құзырлы органдардың құзырындағы мәселе. Қалай десек те, ұлттық архитектураға назар аударатын уақыт әлдеқашан жетті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста