Ол "Гиперборей" арнасына сұхбат беріп, елдегі соңғы жағдайларға пікір білдірді, деп хабарлайды Экспресс К.
Павлодар облысының бұрынғы әкімі, экс-саясаткер Ғалымжан Жақиянов мемлекет басшысын қолдауға шақырды.
Бұл мәселеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау керек. Ол өзі бүге-шегесіне дейін шешетінін айтты. Тоқаев мемлекетке модерницазия жасамақ. Қазіргі кезде оның бойында елге деген шынайы жанашырлық бар, — дейді Ғалымжан Жақиянов.
Ғалымжан Жақиянов 1963 жылы дүниеге келген. Семей, Павлодар облыстарын басқарды.
2001 жылы "Қазақстан демократиялық таңдауы" қозғалысын құрушылардың бірі болған.
2002 жылдың тамызында ҚР Қылмыстық кодексінің 307, 308 баптары бойынша қызмет бабын асыра пайдаланды деген айыппен 7 жылға қамалады. Арада төрт жыл өткенде, мерзімінен бұрын босатылды.
Қазіргі кезде Моңғолияда тұрады.