Ғалым жақын арада орын алатын жаһандық апаттың қаупі туралы айтты

Ғалым жақын арада орын алатын жаһандық апаттың қаупі туралы айтты

Егер адамзат алдағы 30 жылда ғаламшардың орташа температурасы бір жарым градустан асатын болса, апаттық табиғи өзгерістер орын алады. Бұл туралы ресейлік климатолог Вернадский атындағы ҚФУ Агротехнологиялық академиясының доценті Владимир Рябов мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.

Осыған ұқсас ескерту Париж климаттық келісімінде айтылды. Ғалымның айтуынша, табиғи апаттар, атап айтқанда дауыл мен топан су – бұл тек бастамасы болады.

Ғалымның айтуынша, жаһандық жылыну адамның іс-әрекетіне байланысты ғана емес, негізгі себеп-табиғи процестер. Адамдар кейбір өзгерістерді тездетуі немесе баяулатуы мүмкін.

Рябов соңғы 40 жыл ішінде планетадағы жылыну бұрынғыдан да күшті болғанын түсіндірді: орташа температура екі градусқа көтерілді.

"Климаттың тез өзгеруі табиғи апаттардың стихиялық түрде жүруінен байқалады. Өзгерістер неғұрлым жаһандық тұрғыда болса, апаттар соғұрлым қауіпті бола түседі", – деп ескертті ол.

"Үлкен апаттардың басталуына мұхиттарда, одан кейін тау шыңдарында мұздың еруі себеп болуы мүмкін. Бұл жағдайда жердің 30 пайызы су астында қалады",  – деп жалғастырды ол.

Климатолог халық тығыз қоныстанған аумақтар су астында қалатынын атап өтті. Ғалымдар үнемі жаһандық жылынудың қауіптілігі туралы ескертеді.

Процесті тежеу үшін 2015 жылы 190-нан астам ел Париж климаттық келісіміне қол қойды, оның мақсаты бөлінетін шығындар көлемін азайту, технологиялық тұрғыда өзгерістерге дайындалыу және бейімделу.

Сондай-ақ, жаңартылатын энергия көздерінің үлесін арттыру көзделіп отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста