ГАИШНИКТЕН ҚҰТЫЛУДЫҢ ЖАҚСЫ ЖОЛЫ — КЕҢЕС

ГАИШНИКТЕН ҚҰТЫЛУДЫҢ ЖАҚСЫ ЖОЛЫ — КЕҢЕС

Шыны керек, өмірімде МАИ қызметкерлеріне ешқашан ақша беріп көрмеппін, бірақ бүгін түнде, қызық болды, гайшниктердің өзі маған ақша ұсынды. Егер төзімділік танытып, заңдық деңгейге жүгінсек, алынбайтын қамал жоғы рас екен... 

Бұл оқиға былай басталды: кешкі 22.15 уақытында офистен шығып, үйіме қайтып бара жатқанмын. Айнадан артыма жол көлік полициясының ілесіп келе жатқанын байқадым. Көпке бармады, олар Наурызбай батыр-Мақатаев көшелері қилысына келгенде дауыс зорайтқышпен менің машинамның нөмірін айтып, тоқтауымды сұрады. Жол шетіне келіп, көлік тізгінін тартқаныммен, сыртқа шықпадым (өйткені заңдағы соңғы өзгерістер бойынша МАИ қызметкері көлікке өзі жақындауы тиіс). Көлік әйнегін сырғытып, маған тақағанында: «Лейтенант, мені тоқтатуыңыздың себебі не?» деп сұрадым. Ол не үшін тоқтатқанын түсіндіріп жатпастан менің құжаттарымды кезек-кезек сұрай бастады: сақтандыру қағазын, дәрі қобдишасын және т.б. Осы процесс кезінде мен оның өңіріндегі белгіні, Мақатаевта адамдардың өтуіне кедергі келтіріп тұрған олардың көлігін соткаға фотоға түсіріп алдым, сөйтіп оларға жол көлігі ережесін бұзып тұрғандарын ескерттім. Ар жақтан екіншісі кеп қосылды. Енді олар «жақсы-жаман», Қазақстан жағдайында «есі дұрыс-есі дұрыс емес полиция» рөліне еніп, мені алма-кезек қақпақылай бастады. Есі дұрыс емесіне екі рет Сіз деп айтуды, сыпайы сөйлесуді ескерттім. Әр ескертуім сайын «аузыңды жапшы, өтінем» деуден ол да жалықпады. Ал есі дұрысына ешқашан пара бермегенімді, болашақта да олай етпейтінімді, егер қандай да бір жол ережесін бұзсам, оны тезірек тіркеп, айыппұл жазып беруін айтып қойдым. Тығырыққа тірелгендей еді, бірақ олар қағазды сапырылыстырып жүріп менің техникалық сараптама құжатымның мерзімі өтіп кеткенін анықтайды (оны байқамай жүре беріппін). Олардың менен бір кінәрат тапқанына қуанған түрлерін көрсеңіз, ашына бір мырс еттім. Енді шын іске кіріскендей кейіп танытып, оның біреуі хаттама толтыра бастады: әдеттегідей, яғни адамның аты-жөнінсіз, көлігінің нөмірінсіз (білуімде кейін жұмыс уақыты аяқталар сәтте бұл қағазды олар алдынан жолыққан байқұс біреудің атына толтырып, мойнына іле салады, өйткені қағаздың әрбіріне есеп жүргізіледі). Дау-дамай 40 минутқа созылыпты, ал ГАИшниктер сабасына түсер түрі жоқ. Осыларды ескеріп, сенім телефоны нөмірін тере бастадым (87172715825, 87272935456). Әрине, олар нағыз керек - кешкі кезде жұмыс істемейді. Қайда қоңырау шалып жатқанымды білген ГАИшниктер мені бір күлкі қып алды. Одан кейін 102-ні тердім. Олар да бірден көтере қоймады, бірақ жауап берді-ау әйтеуір. Жол полициясының хаттама толтыруда сақтауы тиіс белгілі бір мерзімі бар ма деп кеңес сұрадым, содан кейін мені осындай төсбелгісі бар екі полиция, пәленше деген нөмірдегі көлікпен тоқтатып тұрғанына 40 минут болғанын хабарлаған фактіні тіркеулерін сұрадым. Ондағылар мені бір телефонға қосып жіберді. Сенім телефоны болса керек. Әрине, жауап болмады. Қайтадан 102-ні тердім де жаңағы айтқандарымды қайтадан қайталауға көштім. Олар бірден рациясы бар біреуге шықты, «Боран» секілді. Өстіп тұрғанда әлгі ГАИшниктердің машинасына қоңырау кеп түсті. «Сендерде не боп жатыр» дейді ар жақтағы дауыс. Ал бұлар алаңдауға дәнеме жоқ деп оны сендіріп, әбден бәйек болды. Енді олардың маған шындап жыны келген секілді. Өйткені менің нөмірімді шешіп алмақшы боп жүр, бірақ қолдарында нөмірді шешіп алғанды тіркейтін акті жоқ екен. Бірақ оған да тоқтайын демеді. Жолай патруль жүргізіп жүрген төрт көлікті тоқтатты, олардың ешқайсысында акті болмады (түнде патруль машинасы көп жүретінін осы кезде байқадым). Осының барлығын мен бейнетаспаға түсіре бастадым, олардың сөздерін, көлік нөмірін және тағы басқасын. Бейнежазба, шынымен де қызық әрі күлкілі боп шықты, оны ютубке салайын деп ойлағам. Енді олар хаттаманы шындап толтыра бастады. «Қайда жұмыс істейсіз» деген сауалға келгенде қызық болды. Мен шетел компаниясының атын атап, бастарын қатырмайын деген оймен «Интернетте жұмыс істеймін» деп жауап бердім. Олардың келесі қойған сұрағы, тіпті ішек қатырарлық: «Е-гов-та ма әлде Мой мирде ме?» дейді жастауы, мен де қисық жауапқа көштім: «Жоқ, в Вашем мире» дедім. Қайтадан 102-ні тердім де «мені әлі ұстап тұрғандарын, МАИ көлігі жолаушылар жолына тұрып алғанын, «Зенит» пен «Байер» ойындары басталып кеткендігін, гайшниктердің кесірінен оған жете алмай жүйкем тозып, моральдық зардап шегіп жатқанымды тіркеуді сұрадым. Ондағылар да мені біліп алған, бірден бір телефонға қосты. Ол рациямен менің жанымдағы гаишниктерге тағы шықты. Мен одан МАИ қызметкерлерінің заңға қайшы әрекеті үшін қайда шағымдануға болатынын сұрадым. 5 минуттан соң ол маған қайтадан хабарласып, Алматы прокуратурасының - 8727250-44-55, кезекші бөлімнің - 8727261-06-06, ІІД қауіпсіздік басқармасының 8727254-43-88 сынды телефон нөмірлерін береді. Мен бұл телефондарды жазып алып жатқанымда әлгілер акті қағаз тауып, оны толтырып, менің нөмірімді шешіп алып кетіп қалыпты. Бір де бір қағазды қолыма ұстатпастан. Осы кезде радиодан «Зенит» 1-2 ұпайымен жеңілді деп хабарланады. Бұл ашу отына май құйғанмен бірдей болды. Ендігі кезекте мен әлгі ГАИшниктерден өш алмай қоймайтын жағдайға жеттім.
Өзіме таныс 102 нөмірін тердім, басымнан өткенді әбден түсіндірдім, сөйтіп нөмірімді кім ұрлап кеткенін жақсы білетінімді айтып, бұл қоңырауды тіркеуді сұраймын. Мені Алмалы ауданының кезекші бөліміне қосты. Райхан деген қыз, «бізге келіңіз, мәселені шешеміз» деді. Мен оған нөмірсіз көлікпен жүре алмайтынымды жеткіздім. «Оған алаң болмаңыз, мен рациямен барлығына ескертіп қойдым, Сізді жолда ешкім тоқтатпайды» деді ол өз кезегінде. Келе жатып, көшеде толып жүрген ГАИшниктерді байқадым. Бір-екі жерде өз елі азаматтарын шырылдатып жатыр. Жолда заңгер досыма хабарластым, одан мен қандай құжаттар талап етуімді сұрадым. Ол тым артық кетіп бара жатсаң көлігіңе есірткіні байқатпай тастап, өзіңе бас салуы мүмкін дегенді ескертті.
Мені бекеттен өткізбеді, қайтадан 102-ні теріп едім, кезекші бөлімге тап болдым, ондағы кезекші жігіт нөмірді тәркілеу актісін өзің жоғалтып алғаныңды мойындасаңшы деп бастырмалап көрді, бірден оның да өңірбелгісін суретке түсіріп алдым. Сөйтіп капитан М-нің алдына да келдім. Уақыт түнгі 00-25 болған, капитан өткізіп кеткен хаттамаларды қабылдап отыр екен. Ол менің күте тұруымды өтінді, осы кезде хаттама процесінің ІІД ішінде қалай жүргізілетінін көз қиығыммен байқап отырдым. Жоспар бар секілді, күніне үш хаттама өткізу керек. Капитанның міндеті - санын есептеу, кім артық хаттама толтырды, ал қайсысы кем шықты, сөйтіп оның барлығына қол қойып шығу. Ойша есептесем әлгіндей бір көлік күніне 80-100 мың теңге ақша табады екен...
Ақыры маған да кезек келді. Бәз-баяғы таптауырын айла-шарғыларына тағы да тап болдым: алдымен бастық сөйлесті: «Ештеңеге алаң болмаңыз, нөміріңізді өзіңізге әкеліп береді, телефон нөміріңізді қалдырыңыз, өздері хабарласады» деді ол. Одан кейін өзіме таныс екі ГАИшникпен бөлмеге қалдырып кетті. Екеуі екі жақтап психологиялық шабуылға көшті. Біреуі машинамды айыппұл тұрағына қоямын деп қорқытты, екіншісі әйелі босанғалы жатқанын айтып, жыларман болды, қойшы әйтеуір мен мыңқ етпей қойдым. Тағы да 102-ні тердім. Осы кезде барлығы сыртқа шығып кетті, әбден ақылдасқан секілді. Бастық келді. Сөзі тым артық кеткен қол астындағылары үшін кешірімнен басталды. Нөміріңізді өзіміз бұрап береміз деді. Кешірдім делік, нөмір орнына келді делік, бірақ 102-ге тіркелген фактілерді, толтырылған айыппұл хаттамасын қайтеміз дедім мен. «102-ге жәй сөзге кеп қалдық, артық ештеңе болған жоқ деп түсініктеме жазыңыз, ал айыппұлды әлгі екі қызметкерім төлеп, түбіршек қағазды қолыңызға әкеліп береді» деді бастық. Осы кезде кәсіби қызығушылығым оянып, бейнетіркегіш әлеуетін сынағым кеп кетті: «Жылдамдықты асырғанымды тіркеген айыппұлдар бар еді, оның мәселесін шешуге бола ма» деп сұрадым. Менің басына бастағаным ақырындап жынына тие бастаған секілді, бірақ айыпты болғандықтан, мұны да көтеруге олар көнді. Ана телефондағы бейнежазбаңды өшір деді. Көздерінше өшіріп салдым. Менде айыппұл жоқ-тын. Сондықтан бір танысым ват-сап арқылы маған жеке басын куәландыратын құжат көшірмесін жіберді, соны қарап көрелік дедім. Бірақ оның атында да тіркелген айыппұл болмай шықты. Әйтпесе, сөздерінен ұққанымдай, айыппұлды мәліметтер базасынан жою қиын емес секілді. Бұдан мынандай қорытынды шығаруға болады: біріншіден, пара бермеу керек, екіншіден, 102-нің гайшниктермен байланысы бар болса-дағы, мұнда тіркелген факті оларға проблема тудыра алады, үшіншіден, олар прокуратурадан гөрі өздерінің ішкі қауіпсіздік қызметінен қатты қорқады. Ендеше көлік тізгініндегілерге бұл телефон нөмірлерін жазып алуға кеңес беремін.

Константин Горожанкин, ғаламторшы
Facebook-тегі жазбасынан алынды

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста