Физикадан – үш, химиядан бір алтын алдық

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы қуанышты хабар жеткізді. Таиландта, Түркияда және Тайваньда өткен үш халықаралық олимпиададан қазақстандық оқушылар алтын, күміс және қола медальдармен оралды!
«Дарын» орталығының баспасөз қыз­ме­тінің хабарлауынша, шілденің 9-18-і ара­лы­ғында Түркияның Анкара қаласында хи­мия пәнінен өткен халықаралық олимпиадада қазақстандық команда бір алтын, бір күміс, бір қола медальды жеңіп алды. Алтын медальды Тараз қаласындағы қа­зақ-түрік лицейінің 11-сынып оқушысы Абылай Шахизадаев иеленіп, күміс медальды Астана қаласындағы қазақ-түрік лицейінің 11-сынып оқушысы Мирас Бекбергенов алса, қола медаль Петропавлдағы «Лорд» да­рынды балалар лицейінің 10-сынып оқу­шысы Владимир Должниковқа бұйыр­ған. Ал Таиланд астанасы Бангкокта шілде­нің 10-18-і аралығында физикадан өткен ха­лықаралық олимпиадада (IPhO-2011) Қа­зақстан құрамасының мүшелері үш алтын, бір күміс, бір қола медальды та­ғы же­ңіп алды. Әлемнің балғын физиктері ара­сы­нан ең жоғарғы көрсеткішке ие бол­ған Павлодар қалалық №8 мектеп-ли­це­йінің 11-сынып оқушысы Жасұлан Ба­­ра­йыс­­­ов жә­не Тараз қалалық қазақ-түрік ли­­цейінің 11-сынып оқушылары Нұржас Айдынов пен Қайсарбек Өмірзақов алтын медальмен марапатталды. Олимпиадада Қайсар­бек­тің тапқырлығы ерекше еленіп, оған «Ең үздік теория» үшін арнайы құрмет грамотасы да берілді. Осы білім сайысында №173 физика-математика лицейінің 11-сы­­нып оқушысы Тайман Сабырғалиев – кү­міс, ал О.Жәутіков атындағы Республика­лық да­рын­ды балаларға арналған ма­ман­данды­рылған физика-математика орта мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Дар­хан Нұрлыбай қола медальды қан­жы­ғаға байлады. Тағы бір қуаныш – да­рын­ды бала­ла­рымыздың Тайпейдегі же­ңі­сі. Шіл­денің 11-18-і аралығында биология пә­ні­нен өткен ха­лықаралық олимпиадада «Да­рын» ор­талығынан тәлім алып жүрген қа­­зақстандық үш оқушы күміс және қола ме­­даль­дарға ие болды. Олар: петро­павл­дық Жасұлан Шай­хығали, астаналық Ал­ты­най Нарманова мен тараздық Ернар Тұр­сын­бай.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста