Ет бұзылса, тұз себеміз, тұз бұзылса, не себеміз?

Иә, шынында да, ет сасыса, тұз себеміз, ал тұз сасыса ше? Жауап беру, қиын. Оңтүстіктің тәртіп сақшылары жөнінде де осыны айтуға болады. Рас, бір қарын майды бір құмалақтың шірітетіні бар. Алайда сол қарынға түскен құмалақтың біреу ғана болмай тұрғаны..
...2009 жылдың 10 қыркүйегінде Аягөз таңертең сабаққа кетіп, үйге қайтып орал­маған соң, ата-анасы полицияға арыз­­данады. Жоғалған азаматшаны іздеу кри­миналдық полиция бөлімінің шұғыл уә­­кілі, полиция лейтенанты Н.Тәңір­бер­ге­новке жүктеледі. Ал ол шұғыл-іздестіру ша­­ра­ларын жүргізудің орнына арызды тарт­­па­сына тастап, тып-тыныш отыра бер­ген. Ке­­лес өзенінен белгісіз мәйіттің та­был­ға­ны ту­ралы ақпараттан құлақтанған ата-ана Таш­кентке аттанады. Олар мәйітханада қызды танығанымен, өзбекстандық құқық қор­ғау орындары Аягөздің денесін бе­ру­ден бас тартады. Амалы құрыған байғұс ата-ана Сарыағашқа келіп, мәйітті алу үшін по­лициядан көмек сұраған. Алайда тәртіп сақшылары бұл өтінішке де құлақ аспаған. Қара жамылған ата-ана Өзбекстанның құ­қық қорғау орындарына қайта-қайта арыз­данып жүріп, ақыры Аягөздің жансыз де­несін елге алып қайтады. Осыдан кейін ға­на Сарыағаш аудандық ішкі істер бас­қар­масы мәйітті күтіп алып, онда қыл­мыс­тық белгілердің бар-жоғын анықтауға кі­ріс­кен. Бұл міндет тағы да Н.Тәңір­бер­ге­нов­ке жүктеледі. 
Өзбекстанның тәртіп сақшылары мә­йіт­пен бірге марқұмның зорлықпен өл­ті­ріл­гені  туралы сот-медициналық са­рап­та­ма­ны қоса тапсырады. Бірақ Н.Тә­ңір­бер­ге­нов мәйіттің өзге елде табылғанын алға тартып, өзбекстандық  әріптестері ұсынған құ­жаттарды алудан бас тартқан. Ол – ол ма, шұғыл уәкіл марқұмның зорлықпен өл­ті­ріл­генін біле тұра, мәйітке қайта сараптама та­ғайындамаған.
Аягөздің қылмыстың құрбаны бол­ға­ны­на ешқандай шек келтірмеген ата-ана әлі де үміттерін үзбей, полицейлерден кісі өл­тірушіні тауып, тиісті жазасын беруді та­лап етеді. Алайда  2009 жылдың 24 қыр­кү­йегінде полиция марқұмның өліміне бай­ланысты қылмыстық іс қозғаудан бас тар­ту туралы қаулы қабылдайды. Шыдам­ды­лықтың жеткен жері де осы еді. Жә­бір­ле­ну­шілер Сарыағаш аудандық про­кура­ту­расына арызданады. Прокуратураның пәр­менінен кейін ғана тәртіп сақшылары іс­ке кіріскен. Шұғыл іздестіру шараларының нә­тижесінде, марқұмға тиесілі ұялы те­лефонның жоғалғаны анықталады. Жіптің ұшы белгісіз «Ауди-80» маркалы көлігінің иесіне барып тіреледі. Ұзамай бостандықта сайран салып жүрген қандықол қылмыскер құ­рыққа түседі. Былтыр сот үкімімен ол қыл­мыскер 19 жылға бас бостандығынан айы­рылды. Ізін ала жедел уәкіл Н.Тә­ңір­бер­генов те сотталушының орынтағына ба­рып отырды.  Облыс прокуроры Берік Құл­тасовтың тікелей нұсқауымен оның үс­ті­нен Қылмыстық кодекстің 307-бабы, 2-бөлімімен (қызмет өкілеттігін теріс пай­да­лану) қылмыстық іс қозғалды. Өткен жылғы 26 қарашада Сарыағаш аудандық соты Н.Тәңірбергеновке 294 950 теңге айып­пұл салып, екі жыл құқық қорғау ор­гандарында қызмет ету құқығынан айыр­ды. Ал Облыстық ішкі істер департаментінің бас­пасөз қызметі осы қылмыстың ашылуы жайында мүлдем басқаша, тіпті кереғар мәлімет таратқан болатын.
Әбутәліп МҰСТАФАЕВ, облыстық прокуратураның арнайы прокурорлар басқармасының бастығы:
– Жылына прокуратура органдарына шамамен 18 мыңға жуық арыз-шағым түссе, соның 35-40 пайызы құқық қор­ғау органдарының заңсыз әрекеттері мен өрескел қимылдары жайында бо­ла­­ы. Өткен жылдың өзінде полиция қыз­­м­еткерлерінің заңсыз іс-әре­кет­теріне қатысты қозғалған бес бірдей қыл­мыстық іс сотқа өтіп, сегіз тәртіп сақ­шысы темір тордың тұтқынына ай­налды.

Ә.Мұстафаев келтірген көптеген факті­лерге орай «тұз бұзылса, не себеміз?» деген мақалды қайталауға тура келіп тұр. Ішкі істер департаменті бас бухгалтерінің сце­нарийі бойынша төрт тәртіп сақ­шы­сы­ның қатысуымен ұйымдастырыл­ған қыл­мыс­тық іс-әрекеттің салдарынан бюджеттің 18,5 миллион теңге қаражаты жеке қал­та­ға басылған. Бас бух­гал­тердің өзі бастама көтерген соң, «Жап­пар­құлда жан бар ма?» Қызметке ор­на­лас­ты­рып береміз деген уәдемен әлгі төр­теу по­ли­цияға үш қайнаса сорпасы қо­сыл­май­тын ағайын-туыста­ры­ның, та­ныс­та­рының құжаттарын жинап, қа­ғаз жү­зінде же­дел уәкілден бастап, учас­келік инс­пек­торға дейінгі түрлі қызметтерге ор­­на­лас­ты­рады. Сөйтіп, оларға шыққан жа­ла­қыны ай сайын өздері шытырлатып са­нап алып отыр­ған. Ал мақтааралдық құ­қық қор­ғау­шы уақытша ұстау абақтысында отыр­­ған кү­дік­тілермен қосылып арақ ішіп, ста­кандастарына «жақсылық» жасаймын де­ген оймен абақтыдан босатып жіберген. Кен­­таулық қос полицей болса, тергеу ке­зін­­де жасөспірімдерге жұдырық жұмсап, қор­қыту арқылы олардың ата-аналарынан қо­мақты ақша алған. Ал «көлік қозғалысы ере­жесін сақтайды» деген екі «гаишник» көлік жүргізушісін себепсіз тоқтатып, оны­сы­мен қоймай соққыға жыққан. Міне, ай­та берсек, осындай олқылықтар аз болмай тұр. Сонда қалай, құқығымызды қорғайды де­ген тәртіп сақшылары, керісінше, құ­қы­ғымыз­ды қорлайтын болғаны ма? Қашанға де­йін? Қол астындағы қызметкерлерінің осындай лас тірлікпен айналысып, заңсыз іс-әрекеттерге жол беріп жүргендерін про­ку­рорлардан бұрын облыстық ішкі істер де­партаментінің бастығы, генерал Се­рім­жан Досымовтың өзі неге білмей келген? Сұрақ көп...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста