Есік базарындағы бесік

Бесік – қазақ халқының қарапайым, алайда, құны жоғары құндылықтарының бірі. Ғасырлық ғұмырында көшпенді жұртының байыппен зерделеп, ойлап тапқан ақылдылығының айғағы.
Алып базарды аралап келемін. Көздің жауын алатын Түркияда жасалған түрлі киімдер, көрші қытайдың көз тартар бұйымдары санаңды сансыратады, таңдау қиын. Бірін кисең, екіншісі ерекше көрінеді. Көңіл тоқтатып бір бұйыммен шектелу мүмкін де емес. Қойшы әйтеуір, өзіме ұнаған көрікті бір күртешені иығыма жаптым.
«Жүргенге жөргем ілінеді» деген. Осы күнге дейін сәбидің бесігі базарда сатылады деп ойламаппын. Бұл көзқарас ұлттық бұйымдарға, киелі де қасиетті бесікке деген құрметімнен болса керек, дір еттім.
Күні кеше бала кезімде, көршіміз Дүйсенбай әйелі тұңғыш ұлын жарық дүниеге әкелгенде, өз қолымен тоғайдан тал шауып әкеліп, суға салып иіп, тәп-тәуір бесік жасағаны бар-тын. Бұл кереметті көрген мен: «әрбір әке өз баласына бесікті өз қолымен жасайды» – деп, түйген едім. Бір қызығы, әлгі бесікке бес баласы бірінен соң бірі бөленіп өсті.
Кілем, төсек, киім секілді бұйымдармен қатар Есіктің базарында бесіктің сатылғаны көңіліме мұң ұялатты. Бұл үшін әрине адамды кінәлау әбестік. Нарықтың ісі, амал нешік...
Жанар Тоқымбетова 2004 жылдан бері саудаға бет бұрған.
«Ол жылдары бесік тіптен аз сатылатын. Айына үш, төрт бесік өтетін. Қазір шүкір алушы көп» – дейді.
Бір кереметі бесік, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан және өзіміздің Түркістаннан әкелініп арнайы қоймаға түседі. Оны саудагерлер сол жерден саудалап алады. Алайда, жарық дүние есігін ашқан сәбиіңіз үшін бесік алмақ болсаңыз, саудагерлермен саудаласпайсыз, қанша сұрайды, сонша беруіңіз керек. Бұл ежелден бүгінге дейін мұрты бұзылмаған қазақ халқының қатаң сақтаған ырымдарының бірі. Алайда, саудалайтындары да табылады. Жанардың айтуынша саудалап сатып алған жастар, кейіннен үйдің үлкендері ұрысқан соң, қайта келіп бастапқы бағасына толтырып ақшасын беріп кетеді. Салтқа салғырт, ырымға пейілі жоқ пенделер де нарықтың ісі болса керек.
«Түркістан қаласынан әкелінген және Өзбекстаннан келген бесіктер төзімді, ал Қырғыз бесіктері шамалы» – дейді Жанар.
Сонда, Қазақ жерінде өзге елден бесік таситындай шебер қалмаған ба? Біздің аналар ұл тумаған ба?. Дәл осы кезде Дәркембай Шоқпарұлы ағамыздың жоқтығына налыдым. Қасиетіңнен айналайын ұста, зауыт соқпас затымызды қор қылмас едің, амал нешік...
Бір қуантқаны, қазіргі күнде айына 20-дан аса бесік сатылады. Демек, біраз ұл-қыздарымыздың өз дәстүріміздің, салтымыздың аясында тербетіліп өсіп жатықанының айғағы бұл. «Алайда, орыс тілді қазақ жастары манежге құмартады» – дейді Жанар. Жанар да жаны күйіп, өз ішінен өртеніп жүр, ойын жайып салды. «Көбіне бесікті оралман қандастарымыз алады, оңтүстіктен келген адамдар алады, қысқасы қазақы тек көрген адамдар алады» – деп ағытты әңгіме тиегін. 2014 жылы Еңбекшіқазақ ауданында 1-ші қаңтар мен 21-і желтоқсан аралығында 4425 сәби дүниеге келген. Төрт мың бала бесікке бөленді ме екен? Әлде, манежде жатырма екен? Әйтеуір айына сатылатын 20 бесікпен көңіл жұбатып қайттым базардан. Сіз ше? Сәбиіңізді манежге саласыз ба? Әлде, бесікке бөлейсіз бе? Мен бе? Мен қазақпын ғой, «қазақпын». Ал қазақ баласын бесікке бөлеген ежелден.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста