Ертісбаев террористерді кім және қайда дайындауы мүмкін екенін айтты

Қазақстанның билігі қаңтар оқиғаларын алдын ала жоспарланған террорлық акт деп бағалады. Алайда террористер қайда дайындалғаны және оларды кім дайындауы мүмкін екені әлі белгісіз. Тұңғыш Президенттің бұрынғы кеңесшісі, саясаттанушы Ермұхамет Ертісбаев содырлардың көбі Қазақстан азаматтары екеніне сенімді, деп хабарлайды Экспресс К.

 

Және Ертісбаевтың пайымынша, олар кеше ғана дайындалып, алаңға шыға салған адамдар емес.

 

 

Соңғы он жылда ҰҚК жасырылған қару-жарақ таптық, террорлық топты жойдық деп келді. Ақтөбедегі террактіні еске алып көріңіз. Ол жерде Сирия мен Иракта дайындықтан өткен жас жігіттер қарулы күшке қарсы шыққан еді, — дейді Ертісбаев.

 

Саясаттанушы Алматыда да біраз адамдар қолға түскенін айтты.

 

Жалғыз өзі қарулы әскерді өлтірген Руслан Күлекбаевты еске алып көріңіз, дейді ол.

 

Яғни, ол Қазақстанда жеке күштік құрылымдар бар екенін меңзеп отыр. Олар жастар арасынан, әсіресе, жұмысы жоқ жастар мен ауылдағы жастар арасынан содырларды дайындап отырған.

 

 

Ертісбаев сондай-ақ ондай жастарды кім және нақты қайда жаттықтыруы мүмкін екенін екенін тергеушілер анықтайды дейді. Дегенмен, ол қазірдің өзінде бұл іске Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қатысы бар екені анық екенін айтады.

 

Ал мұндай жағдай ҰҚК-нің көз алдында болғаны нағыз жеңіліс және комитеттің мемлекетке қарсы жұмыс істегенін байқатады. Ұлтқа сатқындық жасамай, Алматы трагедиясы сияқты үлкен бүлік ұйымдастыру мүмкін емес, дейді экс-кеңесші.

 

Саясаттанушы жеке әскер туралы сөз қозғаған соң, ондай әскердің не екеніне тоқтала кетті.

 

Мысал ретінде Ресейдегі "Вагнердің жеке әскери компаниясын" айта кетуге болады. Бұл ұйым Қазақстанда да, Ресейде де тыйым салынған. Бірақ тыйым бұл ұйымның жұмысын тоқтата алмай отыр, — деді Ертісбаев.

 

Ресей және батыс БАҚ-тарының мәліметтеріне сүйенсек, бұл ұйымды билігі өте мықты топтар қолдайды. Сондықтан, жеке әскери отрядтардың күші сыртқы саяси немесе бизнестің мүдделерін қорғау үшін пайдаланылады.

 

Сирия, Судан, Орта-Африка Республикасынан "Вагнер" жасағының әскери әрекеттерге қатысқаны туралы мәліметтер келген. Олар қорғау миссиясы сияқты, шабуыл жасау миссияларын да орындаған. Оның үстіне, осы "ЧВК Вагнера" ұйымының әскерлері жергілікті әскерді дайындықтан өткізгені туралы да мәлімет бар.

 

Кейбір БАҚ тіпті осы ұйымға кірген адамдар қанша жалақы алатынын да жазған: Ресейдегі оқу жаттығу кезіндегі жалақылары 50-80 мың рубль шамасы, іс-сапарға шықса, 100-120 мың рубль шамасында жалақы алады. Ал, әскери іс-қимылдарға қатысса — 150-200 мың рубль, өте үлкен қақтығыстарға қатысса 300 мың рублге дейін жалақы алады.

 

Ресей билігі ресми түрде осындай жекменшік әскери компаниялар бар екенін мойындайды. Алайда "ЧВК Вагнердың" бас базасы Краснодар өңірінде және РФ Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімінің дәл қасында орналасқаны туралы мәліметтер бар.

 

Әрине, бұл Қазақстанда "Вагнер" сияқты ауқымды жекеменшік әскери компания болды деген сөз емес. Өйткені ондай компания бар болған жағдайда оны жасыру қиынға соғар еді. Дегенмен, бұл қаражат пен саяси ерік-жігер болса, жеке әскер құрып алуға болады дегенді білдіреді.

 

Әсіресе, Ермұхамет Ертісбаевтың "Алматы трагедиясында" ҰҚК қолының ізі бар деген сөзін назарға алсақ, жеке әскер құруға болады деген болжамы шындыққа жанады.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста