Ерлердің денсаулығына алаңдайтын орталық ашылды

Ерлердің денсаулығына алаңдайтын орталық ашылды

«Бала санын арттыруда басты рөлде ойнайтын еркектердің жәйін мүлдем естен шығарғандаймыз. Бүгінде олардың халі адам аярлықтай. Оларды күйзеліске түсіріп отырған күнкөрістің қиындығы ғана емес, қоғамымызда еркектерге деген белгілі бір көзқарастың жоқтығы. Еркектердің денсаулығын жақсартуға арналған бірде-бір бағдарлама да, орталық та, тіпті кабинет те жоқ» деп «Алаш айнасында» жазып едік. Айта-айта ақыры арманымызға да қол жеткіздік. Оған дәлел, жуырда Оңтүстік Қазақстан облысында «Ерлер денсаулығы орталығы» ашылды.
Елімізде алғашқы болып ашылған ор­та­лықтың тіпті ТМД-да теңдесі жоқ. Таң­даудың оңтүстіктің орталығына түсіп отырғаны да тегін емес. Халық тығыз қо­­­ныс­­танған, соған орай ерлер ара­сындағы түрлі дерттердің дендеп кеткені алаң­даушылық туғызған болатын. Оның үстіне, өткен жылдың қараша айында Аста­надан ат арытып арнайы келген бес профессор да ерлердің денсаулығының тіптен на­шарлап кеткенін айтып, дабыл қаққаны себеп болған-тын. Облыстық клиникалық аурухана базасында осындай орталық ашу үшін құжат дайындау ісі сол кезден бас­талған болатын. Оған облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Жұмағали Исмаилов пен облыстық ауру­хананың бас дәрігері Мұқан Егізбаев қол­дау көрсетіп, ашылуына мұрындық болды. Облыстық бюджеттен 4,5 миллион теңге қаржы да бөлінді. Облыста бұрын қаны жерге тамбай тұрған бір ғана андролог маман бар деп аттандайтынбыз. Сөйтсек, басқа облыстар­да ол да жоқ екен. Осы аса қажетті, нағыз керекті маман Мырзахмет Жанадилов осы орталықтың тізгінін қолына алды. Санкт Петербургте, Мәскеуде, Мароккода, Ита­лияда оқып келген маман енді ерлеріміздің денсаулығын арттыруға атсалысуда. Еуро­палық урологтар ассоциациясының мүшесі болып саналатын Жанадилов еліміздегі ер-азаматтардың денсаулығы, расында да, тым мүшкіл дейді. Ең алдымен, маман жетіс­пеушілігі басым. Аудандарда андро­лог түгіл, тіпті уролог та жоқ. Туу көрсеткіші тым кеміп кеткен. Бедеулік пен белсіздік белең алған. Еркектер мен әйелдердің өмір сүру жасында айырмашылық көп. Еркектер әйелдерге қарағанда 12-14 жыл кем өмір сүреді. Ерлер арасында им­потенция, простатит, белсіздік, жүрек-қан тамырлары аурулары, қатерлі ісік дерттері тым көбейіп кеткен. Бала сүйе алмай жүрген отбасыларға бұрын мониторинг жүргізілетін. Қазір ондай жоқ. Сосын есеп те жүргізілмейді. Соның салдарынан нақты қанша баласыз отбасылар бар екенін білу мүмкін емес. Тіпті Статистика департаменті де нақты есепті бере алмайды. Онда тек қана некеге тұрушылар, ажырасқандардың ғана есебі бар. Айтылып жүрген статистика тек долбар ғана. Алдағы уақытта осы орталық нақты есеп жүргізбек. Сондай-ақ скринингтік тексеру жүргізетін болады. Жастар тәрбиесі, оның ішінде сексуалды денсаулық, қауіпсіз жүктілік, жыныстық инфекциялардан сақтану жолдарын насихаттайтын «Салауатты өмір салтын қалыптастыру мектебі» де қоса жұмыс істемек. Жоспар бойынша алдағы уақытта 8-9 облыста осындай орталық ашылса, оның бәрінің басын біріктіретін есеп базасы болады. Онлайн конференция өткізетін бейне-интернет жұмысын жолға қою да жоспарда қарастырылыпты. Науқастарды осындай тәсіл арқылы профессорларға көрсететін болады.
Мырзахмет Жанадилов, «Ерлер денсаулығы орталығының» меңгерушісі:
– Жасамыс еркектердің тестес­те­рондарын тексеріп тұру керек. Ерлер­дің ағзасындағы осы тестестерон азайса, адам тез қартаяды. Дер кезінде емде­сек, ол ұзақ өмір сүретін болады. Бел­сіздікті ақысыз емдеу, квота жүйесі жоқ елімізде. Біз әр кезең бойынша жұмыс істеп, бұл мәселені үкіметтік дең­гейде шешуге қол жеткіземіз деген үмітіміз бар. Еркектерді көбіне уро­логтар қарайды. Мен андролог ретінде эндокринологиялық, психологиялық тұрғыда қараймын. Кардиолог, уролог, эндокринолог төрт маман біріге отырып, нақты диагноз қоямыз. Ер­кек­тің денсаулығы мықты екенін дә­лелдейтін бес көрсеткіш бар. Яғни бөксесі 94 сантиметрден кем болуы керек, одан үлкен болса, онда семіздік дертіне тұсауланғаны. Ұйқысы қалыпты болуы тиіс. Түнде несеп шығаруға тұр­мауы тиіс. Төсекке құлшынысы қа­лыпты болуы тиіс. Біз үнемі сауалнама жүр­гізіп отырамыз. Сонда белгілі болғаны 60 пайызында аталған мәсе­лелер бар. Андрологиялық мәселелер көп. Па­циенттердің тек 10 пайызы ғана дәрі­герге қаралады. Қалғандары жеке кли­никаларға, емшілерге қаралып, жазылдым деп жүре береді... Базасы мықты ауруханамызда урология бөлім­шесі бар. Сонда ота жасаймыз, ЭКО орталық бар. Сонда репродуктивті технология бойынша көмек қолын созуға болады. ОҚО-да алғашқы бо­лып ашылуының себебі мұнда орта­лықтандырылған барлық бөлімдер бар. Шетелдерде ерлерді емдейтін клиникалардың бәрі де – жекеменшік. Онда тек өте бай адамдар ғана емделе алады. Ал бізде қара­пайым адамдарға арналған арнайы орталық ашып, әрі оны тегін ем­дейміз.

Расында, маманның келтіріп отырған дәйектемелеріне бас шайқамастан басқа амал кем. Белсіздіктің салдарынан неке бұзатындардың көбейіп кеткені, расында, ащы шындық. Бұрынғы апа-әжелеріміз 7-8 баладан қайыратын. Бүгінде бұл арман болып қалды. 10-15 жылда әлем бойынша денсаулығы мықты деген еркектердің өзінің денсаулығы нашарлап кеткені белгілі болып отыр. Еркектердің 16 пайызы қосағының алдында дәрменсіз. Яғни белсіздік дертіне тұсалған. Әрбір алтыншы отбасыға бала сүю бақыты бұйырмаған. Генофонд құртылып барады. 20-30 жыл­дан кейін елімізде 8-9 миллион ғана халық қалуы мүмкін деген де қорқыныш жоқ емес. 15 жылдың ішінде туу көрсеткіші көтерілмеген. Осындай-осындай шетін мәселелерді бірден шешіп тастаймыз десек артық айтқандық болар. Дегенмен дерттің дендеп кетпеуіне атсалысатын осындай орталықтың ашылғаны да көңілге демеу. Аталмыш орталық мамандары дәл осы саланы кепілдендірілген медициналық тегін көмектердің тізіміне ендіруге күш салып отыр. Елімізде балалар, жас­өс­пірім­дер андрологы мүлдем жоқ десе де болады. Жастайынан дертін емдетпеген соң, есейген шақта оны ауыздықтау мүмкін емес екені белгілі. Мамандар осы мәселе де ескерілсе дейді.
Бұл орталықта ерлерді емдеумен қатар түрлі аурулардың алдын алу жұмыстары да қоса атқарылуда. Облыстағы қай аудандар қауіпті, қандай мәселелер көп, соның бәрін де есепке алып отырады. Мәселен, Созақ ауданы. Онда уран өндірілетіні бел­гілі. Соған байланысты онкологиялық аурулармен қатар, онда белсіздік көбеюі мүмкін. Кентау да экологиялық аумаққа жатады. Осы аймақтар ерлердің ұрық безінің кемдігіне әкеп соқтыруы бек мүм­кін. Соған байланысты «мына аймақта мынадай мәселе бар» деген сияқты карта жасалынады. «Ерлер денсаулығы» орта­лығында бүгінде 300-ден астам науқас уроандрологиялық аурулармен есепте тұр. Жылына төрт рет осында тестес­терон, спер­мо­грамма, уретроскопия, УДЗ тек­серуден өте алады. Оңтүстіктің бөрік­тілері алысқа ат арытып сабылмай-ақ, осы орталықта дерттеріне дәру ала­тын­дықтарына қуанулы. Расында, қо­ғамы­мызда ерлердің денсаулығына деген қамқорлық енді бастау алғанының нақты дәлелі осы...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста