Еркектер әйелдерден жезөкшелікті тартып алды

Еркектер әйелдерден жезөкшелікті тартып алды

Әйел заты ертеректе ерлерден шалбарды алса, осы күні ерлер әйелдерден жезөкшелікті тартып алды. Ғаламторда Қазақстанда ерлер арасындағы жезөкшеліктң белең алғандығы туралы кейінде жиі айтыла бастады. Айтылған былай тұрсын, кешегі күні «Vox  populi» журналында анадан жаңа туғандай кейіпте қазақтың жігіттері өздерін жарнамалап жатты. Тыр жалаңаш.  Ерлігін емес, азаматтығын емес, жезөкшелігін. Абыройларын тілдей қағазбен жауыпты. Онысына «түгенбай см», «пәленбай см» деп жазыпты.Ұят-ай! Құрсын! Өзімен кетсін. Қазақтың еркек кіндігінің тірідей жерге көмілгені бұл  деп білдік...
Әйелдер жезөкшелігін «заңдастырамыз ба, жоқ па?» деп бірнеше жыл талқыға салып, әзірге толас тапқан мәлесе енді жаңа «толқынымен» толықты сөйтіп. Лесбиян мен гейлерді айтып, еңірегенде етегіміз жасқа толып жүргенде, қазақ жігіттерінің жезөкшелігі көз жасымызды көлге айналдыруға шақ қалды. Қазақтың жігіттерін рух тастап, көшіп барады. Намысты қолдан бермейтін халықтың ұлдары неге ұждансыз? Қайдан келе жатқанымыз белгілі. Қайда барамыз? Ол жағы әзірге беймәлім. Бір білеріміз - демократия абыройды сату емес-тін.
Сатылмағанынан сатылғанымыз көп еді. Қалғаны - намыс, жігер, ерлік-тін. Оны да ұсақтап, қиқымдап,  сатып тыныппыз. Қазына байлығын түгел саудалаған  жұрттың жігіттеріне ендігі қалғаны, бұйырғаны - тәнін сату екен. Кеше тілі, ділі бөтен журналдағы  жалаңаш бауырларымыздың сиқынан ұққанымыз  - осы болды. Ал қазақ жігіттерін жалаңштап қойған журнал қазақты да жалаңаштап тұрғандай сезілді. Әлде, расымен солай ма? Айдай әлемге қазақ жігіттерін жезөкше етіп жария еткенде бұл журнал не ұтты?  Ұтқаны көп шығар. Бірақ біздің ұтылғанымыз анық. Намыссыз мігіттердің осындай ездіктерінен елдің еңсесі түсіп тұр. Бұндай ұлдардың барынан жоғы. Анасы байғұс ұл тудым деп қалжа жегенде, ол ұлы жезөкше болады деп ойламағаны белгілі. Ананың сүтін, атаның үмітін ақтамаған, халықтың намысын қорлаған бұларды Сталин заманы болса, қабырғаға теріс қаратып қойып, атып тастар еді. Біз не ата алмаймыз, не аса алмаймыз. Бармағымызды қарш-қарш шайнаудан басқа дәрмен жоқ.
Ғаламторға мүмкіндік молайған сайын түрлі-түрлі сайттарға қол жетімділік те пайда болды. Жақсысы бар, жаманы бар. Бірақ соның «жақсысынан үйреніп, жамынан жиренгеніміз» шамалы. Керісінше, жаман әдет жұққыш. Жамандық атаулыны бойға жинап жатырмыз, жинап жатырмыз. Ол жамандықтар ұлттық құндылықтарды  тәрк еткізуде. Сонда қандай қадір-қасиетіміз қалмақ? Әзірге мұны ойлауға мұрша жоқ.
Аңдаусызда қандай да бір сайтты ашып қалсаңыз, анайы суреттері алдыңыздан атойлап атып-атып шығады. Құрыды дегенде, жалаңаш әйел. Ұлы сөзде ұяттық жоқ. Болмаса, аталық мүшесін жарнамалған ер адам. Бұл күні бала қасыңызда отырғанда ғаламтор ашудан қорқасыз. Ал балаларымыз күні бойы интернетте екенін ескерсек, немен азықтанып жүргенін түсіну қиын емес. Біз ғаламтор арқылы балаларды бейәдепке тәрбиелеп келеміз. Бұған қандай да бір тосқауыл болуы тиіс. Гей де, лесбиян да, жезөкше де, маньяк та сонда.  Мұны неге айтып отырмыз? Қазақтың арасында еркектер жезөкшелігінің кең таралуына  интернеттің  әсері зор болып тұр. Оған сонда күпінің битіндей қаптаған хабарландырулар дәлел.
Кейбір басылымдар айтқандай жезөкше жігіттерді табу ғаламторда аса қиын емес. Мысалы, «муж по часам», «срочно нужен спонсор для симпатичного парня», «встречусь с женщиной для тайных встреч», «услуги сделаю приятно женщине» т.с.с бұлар, кешірерсіздер, «кітап оқып»,бірге отырып,  «теледидар қарауды» меңзейтін хабарландырулар емес шығар енді. Мұндайлар жыртылып айырылады. Жас мөлшеріне қарасаңыз, өңшең ай-хой жиырма мен пай-пай жиырма бестің ортасындағылар. Жап-жас өрімдей қазақтың жігіттері. Желіккендік пе, әлде еріккендік пе, не табыс көзі ме? Неде болса, оңғандық емес, әйтеуір. Азғындық түрлі-түрлі болса, соның ішінде ең сұмырайы.
Мұндайларды жинап-теріп, әскерге бір жыл емес, 3 жылға жіберу керек. Жыны қағылып, қозған делебесі басылып келсін. Бойына күш-қуаты сыймай бара жатса, елдің шетін, жұрттың тыныштығын күзетсін. Жалпы Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуді де қайта қарайтын кез жетті. Бір жыл емес, екі жыл болуы тиіс. Екі жылда ештеңеден құр қалмайды жігіттер. Қайта шынығады, еті тіріледі. Әйтпесе, бұл күні жігіттеріміз  ешкінің асығындай ғана.  Көрер көзге қораш, тіпті. Не қыз деуге, не ұл деуге аузыңыз бармайды. Алпамсалықтан жұғын да қалмаған.
Махамбеттің заманы болса, жезөкшелердің басын алып, есекке теріс мінгізіп қоя берер еді? Абайдың заманы болса, аттың  жалына, түйенің қомына салып өлтірер еді. Әттең!... Кейде білектің күші мен қылыштың жүзі арқылы шешілген сол замандарды сағынасыз.
...Абылайдың түсіндегі бақа-шаян, құрт-құмырсқа осы ұрпақ екеніне шүәбіміз мүлдем қалмады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста