Еңбек көші-қонын реттеу – өзекті мәселелердің бірі

Еңбек көші-қонын реттеу – өзекті мәселелердің бірі

29-31 наурыз аралығында Астанада еңбек көші-қон мәселелеріне арналған өңірлік симпозиум болып өтті. Үш күнге созылған жиында Халықаралық еңбек ұйымының жетекші мамандары мен басшыларының еңбек миграциясына қатысты сараптамалары ортаға салынды. Оған Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінің өкілдері келіп қатысты.
Кеше шараның соңғы күнінде сим­по­зиумда көтерілген мәселелер төңірегінде арнайы баспасөз мәслихаты болды. Оған еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов қаты­сып, журналистердің сұрағына жауап бер­ді. Вице-министрдің айтуынша, мұндай ау­қымды шара елімізде осымен үшінші рет өткізіліп отыр. «Бұл шара осы мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуды мақсат тұтып отырғанын айта кету керек. Онда еңбек көші-қонын реттеу саласындағы бірыңғай реттеуді ұсыну туралы ұлттық заңнамаларды жетілдіру, ең­бек мигранттарын әлеуметтік қорғау және маусымдық жұмыс мақсатында ше­тел­дік мамандарды тарту тетігі жан-жақты сөз болды», – дейді Біржан Нұрымбетов.
Шарада айрықша назар аударылған мәселелердің бірі – ғаламдық сипатқа ие бо­лып отырған заңсыз миграция. Қазақ елі тұрақты түрде дамуды бастан кешіріп отырған мемлекет болғандықтан, мұндай үрдістен қашып құтылған жоқ. Мыңдаған адам жұмыс іздеп келеді. Алайда солардың барлығы көші-қон тәртібін сақтайды деп айту әсте қиын. Жыл сайын заңнама та­лап­тарын сақтамаған 18-20 мың мигрант ел­де­ріне қайтарылып жатады. Нұрымбетов мырза осының алдын алу үшін жаңа «Кө­ші-қон туралы» заң жобасы қолға алын­ғанын атап өтті. «Құжат Парламент Мә­жі­лісінің қарауында жатыр. Ол ағымдағы жылдың мамыр айында қабылданатын болады», – дейді вице-министр.
Осы заң жобасы аясында маусымдық жұмысшылар мен мәртебесі реттелмеген еңбек мигранттарының қызметін реттеу шаралары бойынша бірқатар жаңа жоба қарастырылған. «Бүгінде миграциялық қа­да­ғалау шаралары тыңғылықты атқа­ры­лу­да. Осы бағытта тиісті жедел шаралар іске асырылып жатыр. Атап айтқанда, бұл ба­ғытта заңбұзушылықтар анықталып, елімізде заңсыз жүрген шетел азаматтарын ел аумағынан шығару жұмыстары атқа­ры­ла­ды», – деп атап өтті ол.
Еңбек мигранттарын реттеу мәселесі де назардан тыс қалмаған. Бұл мәселе бүгінгі таңда шетелдік еңбек күшінің саны бойын­ша квотаны белгілеу және елімізде жұмыс істеуге арналған рұқсатнама тәртібін бел­гілеу шараларымен реттеліп келеді. Ол бел­гілі бір шектік аяда ғана беріледі. Нұ­рым­бетовтің келтірген деректеріне қа­ра­ғанда, бүгінде еліміздегі квотаның мөлшері экономикалық жағынан белсенді халық санының 0,85 пайызын құрап отыр. «Бұл абсолюттік деңгейде 2011 жылы 72 мың ше­телдік жұмысшыға Қазақстанда жұмыс істеуге болатынын білдіреді. Қазіргі кезде рұқсатнаманы алып, жұмыс істеп жатқан шетелдік мамандардың саны 29 мыңға жетіп отыр», – деген вице-министр елі­міз­дің заңнамасы бойынша шетелден келетін жұмысшы мамандардың қатаң талаптар бойынша реттелетінін айтып өтті. «Елімізде шетелдік жұмыс күшін тарту мәселесі бар. Оған қатысты Үкімет өзіндік саясат ұстанып отыр. Бұл бағыттағы саясаттың қағидаттары бірінші кезекте ішкі еңбек нарығын қор­ғау­ға негізделген. Бірақ та бүгінде Қазақ­станда үдемелі индустриялық-инно­ва­циялық бағдарламаны іске асыруға бай­ланысты шетелден жоғары білікті ма­ман­дарды тартуға мүдделіміз. Қазір Қазақ­станда қызмет істеп жүрген шетелдік жұмыс күштерінің арасында жоғары білікті мамандардың үлесі 75 пайызды құрайды», – деді еңбек және халықты әлеуметтік қор­ғау вице-министрі Біржан Нұрым­бетов.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста