Емші коронавирус пен пневмонияның бір дерт екенін айтып дабыл қақты

Халық және рухани емшілер мекемесінің мүшесі Динара Орынтайқызы коронавирус инфекциясы мен пневмонияның бір дерт екенін айтып дабыл қақты. Дәстүрлі және халықтық медицинаны ұштастырған Ол, әлемде өршіп бара жатқан ауруға арналған вакцинаның құрамына кәдімгі тұзды пайдалану керек,-дейді. Бұл жаңалығын халық емшісі «ZhambylNews» ақпарат агенттінінің редакциясына хабарласып айтты.

Жасөспірім кезінде белгісіз дертке шалдығып, Жаратушының сыйлаған қасиетінің арқасында «көзі рентген әйел» атанған Динара Орынтаеваның есімімен әулиеата жұртшылығы кеңінен таныс. Бүгінде Ол Тараз қаласында тұрады. Талай адамның дертіне шипа сыйлап, Құранмен емдеп, шөп дәрі жасайды. Медицина саласында білім алып, оқу орнын тәмамдаған емші қазіргі әлемде тараған дертке қатты алаңдаулы. Ал елімізде соңы өлімге соқтырып жатқан пневмонияның коронавирус екенін айтады:

-Күн сайын жасы егде тартқан қарттар да, жастар да өкпе қабынуынан яғни пневмониядан қайтыс болып жатыр. Коронавирус пен пневмония бір дерт, екеуін бөліп-жаруға болмайды. Пневмония коронавирустың көрінісі,-дейді халық емшісі.

Аталған дертпен Динараның өзі де ауырған. Екі апта бойы әлсіреп, жөтел қысып, қатты науқастаныпты. Қазір жағдайы дұрысталған:

-Бұл дертпен өзім де ауырдым. Бірақ әлсіреп тұрсам да қимыл-қозғалысымды азайтпадым. Аузым мен мұрнымды үнемі тұзды сумен шайдым. Ол барлық ауруға ем. Күнделікті тұтынатын тамақты, көкөністерді, қызанақты ащылау яғни тұздылау етіп тұтындым. Суды көп пайдаландым, нәтижесінде ауруды жеңіп шықтым,-дейді.

Бүгінде Динара Орынтайқызы қатерлі ісікке шалдыққан, ауыр дерт түрлерін емдеуге үлес қосып жүр. Қашықтықтан дем салып, диагноз қойып та береді. Алайда бал, құмалақ ашпайды. Аты аңызға айналған көріпкел, аузы дуалы Оқшы бабаның ұрпағы індеттен айығу үшін вакцина әзірлеу қажеттігін де алға тартты:

 

-Осыған дейін әлемді жайлап бара жатқан мына дерттен айығудың бір жолы –Құран кітапты көкке көтеру деген болатынмын. Сонымен қатар, ғалымдарымыз вакцина әзірлегенде құрамына тұзды пайдалануы керек. Нәтижесінде өлім азаяды. Көптеген адамдарды құтқарып қалуға болады , — дейді Динара Орынтаева.

Сондай-ақ, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізгенде де тұзды сұйықтықты көбірек пайдаланса вирустың таралуы азаятынын жеткізді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста