Елордадан 17 шақырым жердегі Ұлттық пантеонға кімдер жерленеді

Елордадан 17 шақырым жердегі Ұлттық пантеонға кімдер жерленеді

Ұлттық пантеон елордадан 17 шақырым қашықтықта орналасқан. Онда мемлекет дамуына үлес қосқан қазақстандықтар жерленеді. Пантеонға кімдер жерленетінін KAZ.NUR.KZ материалынан оқып, біліңіз.

Жоспарға сәйкес, Ұлттық пантеон - мемлекет, мәдениет және ғылымға қызмет еткен көрнекті қазақстандықтарды жерлеуге арналған орын. Олардың қатарына ел дамауына елеулі үлес қосқан азаматтар да кіреді.

Пантеон аумағына төменде көрсетілген тұлғалар жерленеді:

*Қазақстан президенттері мен олардың отбасы мүшелері;

*Премьер-министрлер мен олардың орынбасарлары, парламент палаталарының төрағалары мен орынбасарлары, мемлекеттік хатшылар, Президент әкімшілігінің жетекшілері, Конституциялық кеңес,

Жоғарғы сот және Ұлттық банк төрағалары;

*Министрлер, Қазақстан президенті тікелей бағынышты мемлекеттік орган жетекшілері, облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдері;

*"Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған тұлғалар;

*Алтын Қыран", "Отан", "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев", "Еңбек Даңқы" ордендерімен марапатталған азаматтар;

*"Кеңес Одағының батыры", "Социалистік еңбек ері" атағына ие болған тұлғалар;

*"Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" құрметті марапатына ие болған азаматтар;

*Қазақстан президентінің шешімімен басқа да тұлғалар.

Айта кетейік, пантеон елордалық атқарушы органның қарауында. Әкімдіктегілер марқұмның туыстарының өтініші бойынша жерлеу рәсімін ұйымдастырады.

Билік өкілдері жерлеуге тиісті құжаттарды жинап, марқұмның денесін пантеон аумағына апарып, жерлеуді қамтамасыз етеді.

Жерлеу рәсімдері бірыңғай формада болуы керек: рұқсатсыз жерлеуге және жерлеу орындарын тіркеуге болмайды.

Сондай-ақ, пантеонда қайтыс болған адамдар туралы мәліметтерді көрсететін тіркеу кітабын жүргізілетінін атап өткен жөн.

Еске сала кетсек, 2018 жылы лауазымды тұлғаларға арналған пантеонның құрылысына қанша қаржы жұмсалатыны белгілі болған.

Сол кездегі Нұр-Сұлтан әкімі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, аталмыш жобаны іске асыру үшін шамамен 958 миллион теңге бөлінген. Алғашқы кезеңіне 287 миллион теңге жұмсалған.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста