Елордадағы іргелі оқу ордасына – 70 жыл

Елордадағы іргелі оқу ордасына – 70 жыл

Биыл Астана гуманитарлық колледжіне 70 жыл толып отыр. Бас қаладағы орта мектептер мен балабақша мамандарын оқытып келе жатқан іргелі білім ордасының тарихы тым тереңнен басталады. Десе де, бұған дейінгі заманның құбылмалы кезеңінде үш рет ашылып жабылған гуманитарлық колледж бүгінде еңсесін тіктеп, елордадағы оқу ордаларының біріне айналып үлгерді.
Сонау соғыс кезеңін, кейіннен тың иге­ру­шілердің дәуірін бастан кешкен Ас­та­на гу­манитарлық колледжі – елорда­да­ғы бі­регей білім ордасы. Ұлағатты ұс­таз­дар даяр­лаудағы айрықша үлесі үшін аталмыш оқу мекемесі Білім және ғылым ми­нистр­лігі тарапынан лайықты құрметке де бө­ле­­ніп келеді. «Зұлмат жылдары қиындық­қа тап болған колледж тіпті Ақмоладан – Көк­­ше­тауға, кейін Қарағандыға қоныс ау­­дар­ған техникум алғашында тек бас­та­уыш сы­нып мұғалімдерін ғана даяр­лай­тын. Ке­йіннен 1943 жылы Ақмолаға біржола қо­ныстанғаннан кейін жұмысын жал­­ғас­тыр­ды», – деп еске алады кол­ледж­дің ар­да­гер ұстазы Алтынай Ермек­бай­қызы. Со­дан бері білім ордасы отыз мыңға жуық бас­тауыш сынып мұғалімін даяр­лап шы­ғарған. Кейіннен мұнда қа­зақ тілі мен әде­биеті, шетел тілі, музыка, ең­бек, де­не­шы­нықтыру және спорт, мек­теп­ке дейінгі даяр­лық мекемелерінің ма­ман­дарын оқыту қолға алынған. Тәуел­сіз­­дік жыл­дарына дейін техникум аталған ір­­гелі білім ошағы сол тұстан бастап гу­ма­ни­­­тар­лық колледж дәрежесін иеленген еді.
Бүгінде 70 жыл бойы үздіксіз жұмыс іс­теп келе жатқан колледжде ұстаздар мен сту­денттер үшін ғылыми жұмыспен шұ­ғыл­дануға мол мүмкіндік жасалған. «За­ман­ның ағымынан қалыспаған білім ор­дасы өзінің мәуелі миссиясын әлі де жал­ғастыра бермек. Бала тәрбиесінің бағ­банына айналған ұстаздардың аймақ, рес­публика бойынша өткен додалардағы ерен жетістігі бүгінгі студенттерімізге үлгі», – дейді колледж оқытушысы Маржан Қа­зығұлова. Жетпіс жылдығын салтанатпен атап өткен гуманитарлық колледж алдағы уақытта түрлі үйірмелерге айрықша көңіл бөлмек.
Марал АХМЕТОВА, Астана гуманитарлық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
– 90-жылдар басындағы қиын кезеңде колледж тағдыры да толқымалы еді. Соған қарамастан маман даярлауда айрықша үлесі бар білім ошағы назардан тыс қалған жоқ. Бүгінде біздің колледжге түсуге ынталы жастардың көптігі қуантады. Қазіргі таңда 1500-ден астам студент бес-алты мамандықта білім алып жатыр.

Алтынай ЕРМЕКБАЕВА, білім беру ісінің озық қызметкері, ардагер ұстаз:
– Бала тәрбиесі қиыншылықсыз бол­май­ды. Біз қызмет еткен жылдары колледж тех­никум еді. Мектептен ауысып келген бізге студенттерді оқыту оңайға түскен жоқ. Педагогикалық бағытта маман даяр­лап отырғандықтан жауапкершілік жо­ға­ры. Сондықтан бұрынғы Ақмола, қазіргі Ас­тана тарихында бұл колледждің орны ерек­ше деуімізге болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста