«Элиталық» жезөкшелер ай сайын түсіретін табыс көлемін ашып айтты

Дағдарыс барлық саланы қысса да жезөкшелерге жетпеген сыңайлы. Алматы полицейлері шетелден келген элиталық жезөкшелер тобын қолға түсірді. Массаж жасаймын деген желеумен жергілікті жігіттердің қалтасын қаққан жеңіл жүрісті бойжеткендер Ресей, Өзбекстан мен Белоруссиядан келгендер. NUR.KZ тілшісі қалалық Ішкі істер департаменті жүргізген арнайы операцияға қатысты.
Жеңілжүрісті қыздар қаланың қақ ортасындағы қымбат тұрғын үйде пәтер жалдап, жынойнақтың ордасына айналдырған. Ең арзан тәнін сатушының 1 сағаттық қызметі 25 мың теңге.
Ал бір түнеп шығу 85 мыңға барады. Тәнін сатып пайда табатындар үш бөлмелі пәтерді айына сегіз жүз мыңға жалдайды екен. Мұнда қонақтарды стриптиз билеп қарсы алып, май шамның түбінде түнімен көңілін көтереді.

Ким Елена (Өзбекстан) 26 жаста: Қазақстанға келгеніме 6 айдан асып кетті. Елімде бір жарым жастағы ұлым бар. Айына 3000 долларға дейін табыс табамын. Бір мың долларды Өзбекстандағы баламды қарау үшін ата-анама жіберсем, мың доллар пәтер ақысына және жарнамаға беремін. Қалғанына киім-кешек, қажетті зат аламын. Алматыға сатушы болып қызмет жасаймын деп келдім. Дұрыс жұмыс таппаған соң таныстардың айтуымен осында түстім. Әке-шешем мені Ресейде менеджер болып нәпақа табады деп ойлайды.

Барбунова Настя (Ресей) 25 жаста: Елімде дұрыс жұмыс жоқтан келдім. Ол жақта бұл іспен айналысуға жақындарымнан қорқам. Алматыға келгелі қалаға шыққан емеспін. Клиенттің қалауына қарай күні-түні қонақ күтем. Айына жүз еркекке дейін қызмет көрсетемін. Қызмет ақысы сұранысқа қарай 15 мыңнан 80 мыңға дейін барады. Тұрақты клиенттеріміз бар. Басым көпшілігі қазақ ағашкалар. Олар жақсы. Көңілін жақсы көтерсең, келісілген сомадан артық ақша тастап кетеді. Ал үйіне шақырса баға екі есеге өседі.

Ал мына бетін жасырған Беларусиялық жезөкшенің аяғы ауыр. Құрсағындағы сәбиі үш айдан асып кетсе де кәсібін тастамайды. Өзін Курбанова Малика деп таныстырған ол баланың әкесінің кім екенін де білмейді. «Өзім үшін туамын, тастамай бағамын» деп білек сыбанып отыр. Басқаларға қарағанда ақшаны аз табамын деген ол болашақ бала мен денсаулығы үшін де жезөкшеліктен бас тартар емес.

Алматының жезөкшелерін жіпке тізіп, жиі тәртіп бұзатындарына айыппұл салып, шетелдіктерін елден қуатын полицей жігіттердің бірі Нұрланның сөзінше, алып шаһардағы ең қымбат жеңіл жүрістілердің бағасы 3 000 АҚШ долларына дейін жетеді. Олардың барлығы Украина мен Белоруссияның “мисстері” екен.

Мойнына бриллиант тағып, алтынға оранған қыздар айына бір-екі рет ұшақпен келіп, қалталы қазақтарға қызмет көрсетеді
Тәртіп сақшылары мұндай бренті жезөкшелерді құрықтау мүмкін еместігін айтады. Себебі, олар бір аптаға туристік сапармен келдік деп құтылып кетеді. Тек жиі келгіштеп кеткен белоруссиялық Марозова есімді “мисс жезөкше” ғана айыппұл арқалап, бір апта темір торда отырған соң депортацияланған.

Қазір алматылық Ішкі Істер департаментінде екі мыңнан аса жезөкше арнайы тіркеуде тұр. Оның ең үлкені он сегіз жылдық тәжірибесі бар 57 жастағы жергілікті әйел болса, ең жасы 18 жаңа толғандар. Тағы бір айтары осы тәнін сатушы арулардың алпыс пайызы шетелдік кірмелер болса, қалғаны қазақ жерінің тумалары екен. Ал олардың қатары жыл сайын артпаса, азаймай отыр.
 nur.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста