Қазақстан мұсылмандар одағы және Адам құқықтары бойынша ОрталықАзия мұсылмандары комитеті АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы директоры Майк Помпеоға жүгінді.
Олар қоғам белсендісі Мұрат Телібековтың Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аумағында соққыға жығылған күні түсірілген аэро-ғарыш суреттерін жіберуді өтінген. Құқық қорғаушылар бұл әрекетін бұзақылардың Телібековке қатысты ашықтан ашық күш көрсеткенін дәлелдей алмауымен байланыстырады. Бұл жайлы muslim-info.com порталына сілтеме жасап Caravan.kz медиа-порталы хабарлады. Ал суреттер әділ тергеу жүргізуге сеп болады деп үміттенуде.
«Американың ОББ (Орталық барлау басқармасы) жемқорлық былығына батпаған ұйымдардың бірі деп есептейміз» делінген Майк Помпеоға жолданған хатта.
Орталық барлау басқармасына хат жолдау туралы шешім М. Телібековтың атына Алматы ІІД жеке қаупсіздік басқармасының бастығы Қабдулин мырзадан ресми хат келген соң барып қабылданған. Ал ресми хатта «полиция қызметкерлері тарапынан ешқандай тәртіп бұзушлық болмаған» деген жауап болыпты.