Еліміздегі ең қауіпті жолдар тізімі жарияланды

Еліміздегі ең қауіпті жолдар тізімі жарияланды

Соңғы 5 жыл ішінде болған 74 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы салдарынан 11 193 адам көз жұмды. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасында көрсетілген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

«5 жыл ішінде 74 мыңнан астам жол-көлік оқиғасында 11 193 адам (8 212 ер адам, 2 974 әйел, 1 093 бала) қайтыс болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының рейтингінде Қазақстан 100 000 халыққа шаққанда 12,7 өлім көрсеткішімен әлемнің 192 елінің ішінде 107 орында тұр. Жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан азаматтардың 36%-ы жаяу жүргіншілер, 32%-ы көлік құралдарының жолаушылары, 27%-ы көлік құралдарының жүргізушілері, 5%-ы мотокөлік немесе велосипед тізгіндегендер», - делінген тұжырымдамаға енгізілген Ішкі істер министрлігінің деректерінде.

 

Ведомство барлық жол-көлік оқиғаларының 94%-ы жүргізушілердің кінәсінен болатынын атап өткен. Оның ішінде 6%-ға жуығы мас күйінде көлік басқаратындар.

 

«Былтыр адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғаларының жартысына жуығын автомектептерде оқымай, өз бетінше оқыған адамдар жасаған. Жоғарыда аталған себептермен орын алған жазатайым оқиғалардың 55% жолда жүру қағидаларын бұзу фактілерін фото-бейне жазбаға түсіретін камералардың жоқтығына және патрульдік полицияның жылжымалы техникалық бақылау құралдарымен нашар жабдықталуына байланысты жол қозғалысын қадағалау мен бақылау тұрақты емес қаланың сыртындағы жолдарда болады», - деп жазылған құжатта.

 

Сонымен бірге министрлік ұсынған ақпараттың ішінде жол-көлік оқиғасынан адам өлімі көп тіркелетін жолдар айтылған.

 

«Жамбыл облысындағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», «Алматы – Ташкент», Батыс Қазақстан және Атырау облыстарындағы «Орал-Атырау» автожолдарының учаскелерінде күрделі жағдай қалыптасып отыр. Яғни, мұнда қайтыс болғандар жалпы апаттардан көз жұмғандардың 60%-нан астамын құрайды», - деп баяндалған тұжырымдамада.

 

Жалпы, еліміздің автопаркінде қызмет ету мерзімі 20 жылдан асатын көліктердің үлесі басым. 5 жыл ішінде техникалық регламенттерге сәйкес келмейтін көлік құралын басқарғаны үшін 565,7 мың жүргізуші жауапқа тартылса, соның 266,8 мыңына техникалық байқаудан өтпегені үшін айыппұл салынған.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста