Елімізде алғаш рет жасанды бүйрекпен жас ана өмірге сәби әкелді

«Трансплантология саласының дамуына қарап, елдегі медицинаның қаншалықты деңгейде дамығанын пайымдауға болады», – дейді мамандар. Елімізде бұл саланың қарқынды дамып келе жатқанының бір айғағы ағза алмастыру оталары жиі жасалып қана қоймай, енді ағзасының қандай да бір бөлігін ауыстырғанына қарамастан өмірге бала әкелуге талпынушылардың қатары артып келеді. Жақында ғана 16 жасында жасанды бүйрек отасы жасалған, 19 жасында тұрмысқа шыққан келіншек, 25 жасында босанып, өмірге сәби әкелді.
Қазақстан нефрологтары қауымдастығының бас хатшысы, медицина ғылымының докторы, профессор Қайрат Абдуллаұлы хабарласып, осы жаңалықты сүйіншілей жеткізгенде таң қалдым. Жасанды бүйрек түгілі, кейде елімізде сау бүйректің де «ауытқушылықтары бар», немесе басқа да себептермен «денсаулығың жарамайды» деп, өмірге сәби әкелуге рұқсат бермей жатады. Сондықтан бүйрек ауыстырған талай қыз-келіншекке үміт сыйлайтын жаңалықты дәрігердің өз аузынан есітуге асықтым. Нефролог маман Қайрат Абдуллаұлы: «Былтыр жаз айында Жазира алдын ала келіп, «бала көтергім келеді» деп рұқсат сұрады. Кез келген қыз баланың ана атану арманы, басты мақсаты. Түсінем. Бірақ жасанды бүйрек жағдайында денсаулыққа төнер қауіп көп. Қашан да «жоқ» деп қайтару оңайырақ, «Иә» деп келісім берудің жауапкершілігі мол. Алайда Жазираның ана болуға деген талпынысын көріп, жалпы жағдайын тексере келе бала көтеруге рұқсат бердім. Алдын ала ішіп жүрген дәрілерінің ішінен ұрыққа кері әсер ететін дәріні алып тастадым. Үш-төрт айдың ішінде Жазира бала көтерді. Кешенді түрде, жергілікті медициналық орындарда, Астана қаласында, Алматы қаласында емдеу курстарынан өтті. Босанар уақыты таянғанда Алматы қаласындағы Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығына жеткізіліп, аман есен бойы 52 см, салмағы 3500 г қалыпты жағдайдағы сәбиді өмірге алып келді» деді. Сосын жас анамен жолығуға асықтық. Алдымыздан түрі қуаныштан бал бұл жанған жас ананың өзі шықты.
Кім екенімізді біле сала «Бүгінгі күні күн санап медицинаның дамып келе жатқаны қуантады. Егер медицина саласы мұнша қарыштап дамымағанда менің осы уақытқа дейін жер басып жүруім де мүмкін емес еді. Осы медицинаның дамуы арқасында туа бітті бүйрек ақауымен дүниеге келгеніммен, ұдайы медицинаның бақылауында болдым. Одан соң мемлекеттік тегін медициналық көмектің арқасында Пәкістанға барып, портал арқылы бүйрек ауыстырып келдім. Енді міне сәби сүйіп отырмын. Ақ халатты жандарға алғысым шексіз» деді.
Жазира 1991 Ақтау өңірінде дүниеге келіпті. 2010 жылы тұрмысқа шығып, 4 жылдан соң, жоспарлы түрде дәрігерлердің бақылауымен бала көтеріпті. Өмірге келген баланың да жағдайы толықтай жақсы екен. Сөз соңында Жазира «қазақтың әйелдеріне бір бала түгілі 2-3 баланың өзі аз ғой. Өткенде түтікті байлаймыз деп еді, рұқсат бергем жоқ, Алла берсе тағы бала көтергім келеді» деді күліп. Біз де медицинаның дамуы мен Алланың қолдауына үміт артып, тағы бір сәбидің жасанды бүйрекпен өмірге келуіне тілектес болып қоштастық.
Айтпақшы Қайрат Абдоллаұлы қарамағында тағы бір келіншектің жасанды бүйрекпен бала көтеруге рұқсат сұрап, медициналық тексеруден өтіп жүргенін айтты.
Соңғы кездері елімізде ағза алмастыру отасы жолға қойылып келеді. Әсіресе А. Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы еліміздегі науқастардың ішкі ағзаларын ауыстыру арқылы оларға екінші өмір сыйлауға құлшына кіріскен. 1978 жылдан бері аталмыш орталықтың дәрігерлері 600-дей науқастың бүйрегін ауыстырып берген көрінеді. Жасыратыны жоқ, елімізде көбінесе туысқанына бүйрегін беріп жатады. Алайда мұндай жолмен екі бірдей адамды мүгедек қылатынымызды ұмытпауымыз керек. Егер елімізде мәйіт донорлығы жолға қойылса, талай мәселенің шешілері анық еді.
Органды алмастыру деген өмір сүруге үмітін жоғалтқан науқастарды ажалдан алып қалуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда медицина бір мезгілде бірнеше органдарды: «жүрек пен өкпе» кешенін, «бауыр мен ұйқыбез» кешенін, жіңішке ішекті және т.б. органдарды алмастыра алатындай деңгейге қол жеткізді. Статистикалық деректері бойынша жылына 1 миллион тұрғын санына шамамен 10 адам журек трансплантациясын, 10-15 адам бауыр трансплантациясын қажет етеді екен. Қазақстанда жыл сайын 200 науқас бүйрек жетіспеушілігімен жаңадан есепке алынатн көрінеді. Сондықтан, Қазақстанда бір жылда жүрек алмастыру бойынша 150 – 160 ота, бауыр алмастыру бойынша 180-200 ота, бүйрек алмастыру бойынша 200-250 ота жасалынып тұруы қажет. Яғни, ем қонбайтын бір жылда жүрек, бауыр, бүйрек, өкпе мен ұйқыбез ауруларына шалдыққан 1000-ға жуық біздің жақын адамдарымыз бен туыстарымыз ажалдан аман қалып, өмір сүруде. Сондықтан елімізде ағза алмастыру оталарының көп жасалып жатқаны қуантады. Жалпы ағза алмастыру отасын жасатқан науқастардың толыққанды өмір сүріп кетуге деген талпынысы жоғары көрінеді.
Қайрат ҚАБУЛБАЕВ, Қазақстан нефрологтары қауымдастығының бас хатшысы, медицина ғылымының докторы, профессор:
- Жыл санап елімізде диалезге таңылатын науқастардың саны артып барады. Осы бір мәселе мені ойлантады. 10 жыл бұрын елімізде диалездер саны санаулы болса, қазір 100-ден астам диалез орталықтары бар. Диалездің қолжетімді болғаны бір жағынан қуантса, екінші жағынан бұл елімізде оған деген сұраныстың артып келе жатқанын, бүйрегі жұмыс істемейтін науқастар санының артып бара жатқанын білдіреді. Дүниежүзі бойынша бүйрек ауыстырған қыз келіншектердің 3 пайызы бала көтеріп, ана атанып жатады екен. Ал біздің тәжірибемізде, елімізде жасанды бүйрекпен өмірге сәби әкелген ана бірінші рет кездесіп отыр. Қазір Алматы, Астана, Шымкент қалаларында ағза алмастыру оталары сәтті жүргізілуде. Бұл үлкен жетістік. Дегенмен халқымыз өздерінің денсаулықтарына деген жауапкершілігін арттырса жақсы болар еді. Уақытылы медициналық тексеруден өтіп тұрса екен. Қазір елімізде 3000-ға жуық науқас жасанды бүйрек күтіп, диалезге таңылып күн кешуде.  

АЛАШ АЙНАСЫ

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста