Елімізде 30 жылда қанша адам өлім жазасына кесілді

Елімізде 30 жылда қанша адам өлім жазасына кесілді

Тәуелсіз ел тарихында өлім жазасына 73 адам кесілді. Жазаның ауыр түрін жою туралы халықаралық хаттама 1983 жылы қабылданды, деп хабарлайды Хабар 24.

 

Оны заң жүзінде 156 ел қолдаған. Өйткені әлемде өлімге кесіліп, артынан ақталу деректері тіркелді. Қосымша тексерулер 11 тұтқынның кінәсіз екенін көрсеткен. Өлім жазасы ежелден қоғамда ауыр қылмыс жасағандарға қолданылған. Ең белең алған тұсы 10-13 ғасыр. Ал Қазақстанда жазаның осы түрі толығымен жойылады. Тиісті заңға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Ол жаңа жылдан бастап күшіне енеді.

 

Игорь Панченко, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

 

– Биыл 16 қараша күні Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 6-шы отырысында белсенділер елдегі өлім жазасына толық тыйым салуды ұсынды. Президент бұл бастаманы қолдады. Ізінше 3 кодекс пен 2 заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Бұл ізгілікке бастар жол болды. Осылайша Қазақстан адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы халықаралық стандарттарға сай келетін үлкен қадам жасады.

 

Аса ауыр қылмыстарға қарсы күресу үшін 2003 жылға дейін алдыңғы құжат елімізде толығымен қолданыста болды. Одан кейінгі кезеңде шешім шығарылғанымен, оны орындауға мораторий жарияланды. Осы аралықта өлім жазасы қолданылуы мүмкін қылмыстар үшін, баптардың тізімі кезең-кезеңімен қысқартылып отырды. Қатаң жазаны бұрын қылмыстың 20-дан астам түріне қолдану көзделген. Кейін ол 17-ге дейін азайды. Енді толықтай жою туралы шешім қабылданды.

 

Жарқынбек Бақашбаев, ҚР Бас прокуратурасы үкімдердің заңдылығын қадағалау қызметінің бастығы:

 

– 2000 жылдары аса ауыр екі мың қылмыс тіркелетін, қазір бұл сан 700-800 қылмыстың айналасында. Яғни өлім жазасынан бас тарту немесе оған мораторий жариялау ауыр қылмыстардың өршуіне себеп болған жоқ. Екінші жағынан бұл жазадан бас тарту дегеніміз қылмыскерлер мүлдем жазасыз қалады дегенді білдірмейді. 15-20 жылы немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру түріндегі жазалар қарастырылған.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста