Электрон темекіге тыйым салудан да тиімді жол қайсы?

Электрон темекіге тыйым салудан да тиімді жол қайсы?

Елімізде электрон темекіні ересектерге қарағанда жасөспірімдер көп тұтынатынады екен. Мұны денсаулық сақтау саласының мамандары айтып отыр.

Жуырда Мәжіліс депутаты Мәди Ахметов ел пандемиямен күресіп жатқан кезде жасөспірімдер арасында бір рет қолданатын вейп эпидемиясы таралып жатқанын айтты. Ол вейптерді дүкен сөрелерінен алып тастап, сатуға тыйым салуды ұсынды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүше 195 елдің 30-ында электрон темекі шегуге тыйым салынған, ал 65 мемлекет реттеу шараларын енгізді, оның ішінде жарнамаға тыйым салған. Қазақстанда заң бойынша темекі өнімдері 21 жастан асқан азаматтарға сатылады. Алайда балалар мен жасөспірімдерге электрон темекілер, вейптер, сонымен бірге IQOS (айкостар) қолжетімді. Мұндай өнімдердің жарнамасын интернет және әлеуметтік желі арқылы оқушылар да көреді.

«Вейпинг» дегеніміз не?

«Вейпинг» ағылшынның «vapе» — «буды жұту және шығару» сөзінен шыққан. Вейп – аккумулятор және буландырғыштан тұратын электрон темекінің бір түрі. Оның құрамында тұрмыстық химия заттарында кездесетін пропиленгликоль бар. Сонымен қатар аллергияға себеп болуы мүмкін хош иістендіргіштер мен глицерин кіреді. Мұның адам ағзасына зиян емес екені туралы бірде-бір дәлелденген ақпарат жоқ.

Өнім сыртынан қарағанда сигараны немесе темекі тартатын түтікшені еске салады. Оны көбінесе шылыммен алмастыру үшін немесе есірткі заттарынсыз хош иісті буды жұтқысы келетіндер қолданады.

22 жастағы Елдар (кейіпкердің өтініші бойынша аты өзгертілді) вейп шегуді студент кезінен бастаған. Оның сөзінше, электрон темекі шегуіне араласатын ортасы әсер еткен.

Достарымның көбі оқуында, жұмысында немесе жеке өмірінде болған проблеманың кесірінен электрон темекіге әуес болған. Ал өзіме нақты бір жағдай әсер етті деп айта алмаймын. Мен тек басқаларға қызығып, байқап көргім келді. Оның үстіне, әлеуметтік желіде түтінмен трюк жасайтын түрлі адамды көремін. Осыдан кейін менде де қызығушылық пайда болды. Электрон темекінің түрі көп және оған құйылатын сұйықтық та әртүрлі болады, — дейді Елдар.
Елдардың ай сайын вейпке жұмсайтын шығыны да аз емес екен. Ол алғаш рет вейпті 7 000 теңгеге сатып алған.

Қолданбас бұрын құрамында никотин көп екенін білмедім. Соның әсерінен жүрегім айныды, басым айналды, мазасыздық қатты білінді. Кейін құрамында никотині аз вейпті 25 мың теңгеге сатып алдым. Оның сұйықтықтарын ауыстырып тұруға да көп ақша жұмсауға тура келеді. Мысалы, сапасына, шығарған еліне қарай 2 мыңнан 10 мың теңгеге дейін бар. Сапалы сұйықтық 1 айға ғана жетуі мүмкін. Ал бір реттік вейп шегуге айына 20 мың теңгеге жуық ақша жұмсадым, — дейді Елдар.

Қарасай ауданаралық көпсалалы ауруханасының нарколог-дәрігері Айша Аманбайқызы электрон темекіге арналған сұйықтықтардағы никотин баланың психикалық дамуына кесірін тигізетінін айтты.

Адам ағзасына, әсіресе, балаға никотиннің кез келген түрі айтарлықтай әсер ететіні белгілі. Әуелі ми зардап шегеді, содан кейін басқа органдарға кесірін тигізеді. Сонымен қатар тыныс алу мүшелері қатты зардап шегеді. Жасөспірімдердің психикасы әлі дұрыс қалыптасып үлгермеген. Сондықтан балаларға электрон темекі шегудің зияны физикалық ғана емес, психологиялық деңгейге де әсер етеді, — дейді нарколог.
Дәрігердің айтуына қарағанда, электрон темекіге арналған сұйықтық құрамында никотин мен дәм қоспаларынан басқа, глицерин, хош иістер, пропиленгликоль және басқа да заттар бар. Адамдарға зиянсыз глицерин 300 градусқа дейін қызуы керек. Ал электрон темекіде глицерин 350 градусқа дейін қызады.

Өндірушілер шығарылған сұйықтықтарға кей жағдайда диацетил, пропионил, ацетоин қосады. Бұл заттар улы. Олар бронхиолитке себеп болуы мүмкін, — дейді нарколог-дәрігер.
Айша Аманбайқызының сөзінше, электрон темекі, вейп, IQOS сияқты бу шығаратын өнімдер темекіге қарағанда тым қауіпті.

Мәселен, электрон темекінің құрамында дәм беруші иістендіргіштер мен бояулардан құралған химиялық сұйықтықтар бар. Глицерин мен прополингликоль адамның тыныс алу жүйесін зақымдап, өкпенің қатерлі ісігі, созылмалы ауруы, демікпе, қанайналым жүйесі ауруларын тудырады. Сонымен қатар ағзаның инфекциямен күресу қабілетін төмендетіп, иммундық жүйеге кесірін тигізеді. Электрон темекі жүйке жүйесін әлсіретеді, адам ашушаңдыққа бейім болады. Сол себепті электрон темекілерді балалар мен жасөспірімдердің тұтынуына жол бермеу керек. Сонымен бірге балалардың жанында шегуге болмайтынын ересектер ескерсе екен деймін,- дейді ол.

Жасөспірімдер электрон темекіні кәдімгі темекі өнімдеріне қарағанда қауіпсіз және жеңіл балама ретінде қолданып көреді. Оларды мұндай құрылғылардағы дәмнің көптігі одан сайын еліктіреді.

Кәдімгі шылым мен вейптің ұқсас тұсы көп. Электрон темекі жай темекіге қарағанда түрлі дәмі мен иісіне қарай ерекшеленіп тұрады. Жеміс-жидек, көкөніс дәмдері адамды еліктіреді. Сол себепті қазір көп жасөспірімдер вейпке тәуелді. Алғашында «тек байқап көремін» деген сөздің арты тәуелділікке әкеледі, — дейді Елдар.
Елдардың айтуынша, шылым шегушілердің көбісі бұл әдеттен арылғысы келеді. Алайда денсаулыққа одан әрі зиян келмейтіндей қалай арылуға болатынын білмейді.

Кейбір адам вейпті кәдімгі темекіні тастау үшін шегеді. Достарымның арасында 1-2 ай темекі шекпей, өздерін енді оған тәуелді емеспін деп сендіріп, кейін қайта шегіп жүргендер бар. Тауар шығарушылар вейптің темекіні тастауға көмектесетін емдік қасиеті бар деп көзбояушылық жасайды. Менің ойымша, бұл — маркетинг. Өзім қазір темекінің кез келген түрін шекпеуге тырысамын. Өмір темекісіз де қызық. Қатты темекі шеккім келсе, тауға шығамын. Таза ауа ешқандай зияны жоқ табиғи наркотик қой, — дейді Елдар.


Қалай алдын алуға болады?

Әр ата-ана профилактика жүргізуге міндетті. Адамдар темекінің не екенін және оның зиянын білуі керек. Қазір жастар кәдімгі темекіде никотин көп, ал электрон темекінің еш зияны жоқ деп ойлайды, — дейді нарколог.
Маман сонымен бірге баламен бұл тақырыпта жиі әңгімелесуге кеңес берді. Бұл баланың темекіні немесе оған балама құрылғыларды шегуге тырысу ықтималдығын барынша төмендетеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста