Ел ағасын еске алды

Ел ағасын еске алды

Мемлекет және қоғам қайраткері Кәкімжан Қазыбаевтың туғанына – 80 жыл
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Кәкімжан Қазыбаевтың 80 жылдығы сенбі күні салтанатты түрде аталып өтті. М. Әуезов атындағы академиялық мемлекеттік драма театрында аталып өткен мерейтой қайраткер туралы деректі фильм көрсетуден басталды. Оған Кәкімжан Қазыбаевтың өмір жолдары мен қызметі арқау болған.
Қайраткерді еске алу рәсімінде сөз­дің «бісмілләсін» мә­дениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед бастады. Министр той иесінің еліміздің дамуына қосқан үлесі жайына тоқталды. К. Қазы­баев­тың қазақ журналистикасын биік бе­леске көтерудегі еңбегі мен әдеби туын­дыларын ерекше атап өткен М. Құл-Мұхам­мед болашақта оның нақты зерттеу ны­са­насына айналарына сенім білдірді. Соны­мен қатар мәдениет және ақпарат ми­нистрі жазушы К. Қазыбаевтың Кеңес Одағы ыдырамай тұрып, аштық зобалаңы жайын­да жазған «Сұрапыл» романына жо­ғары баға берді. Өкінішке қарай, осы күнге дейін К. Қазыбаевтың әдеби шы­ғармалары тиісті бағасын алмай келе жат­қаны да министр назарынан тыс қалған жоқ.
Қазақстан Жазушылар Одағы бас­қармасының төрағасы Нұрлан Оразалин қайраткер келбеті турасында тоқталса, сөз алған қайраткердің басқа да замандастары мен қатарластары Кәкімжан аға жайында естеліктер айтып берді. Кешке Алматы қаласы және Ал­ма­ты облысы әкім­дік­терінің өкілдері де қатысып, қай­рат­­кер­­дің артын­да қал­­ған әу­ле­ті мен үрім­-бұта­ғына игі ті­лек­терін арнады.

Салтанатты рә­сімнің соңын­да Кә­кең­нің зайы­­бы Орынша Қа­зы­­бае­ва-Қа­ра­ба­лина осы рә­сімді ұйым­дас­ты­ру­шы­лар мен ел аға­ларына деген өзі­нің алғысын білдірді.
Мемлекет жә­не қоғам қай­раткері Кәкімжан Қазыбаевтың 80 жылдығына арналған салтанатты рәсімнің соңында ақ дастарқан жайылып, ел ағасының аруағына құран бағышталды.

Кәкімжан Қазыбаевтың повестері мен романдары:
«Кернеген кек»
«Құпия»
 «Ызғар»
«Сұрапыл»
«Октябрь өрендері»
«Ақиқатқа ар серік»
«Аманат»
«Қышыма»

Кәкімжан Қазыбаевтың қызметі:
«Лениншіл жас» газетінде әдеби қызметкер;
«Лениншіл жас» газетінің жауапты хатшысы;
«Жетісу» газеті бас редакторының бірінші орынбасары;
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің нұсқаушысы;
Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасының орынбасары;
ҚазТАГ директоры;
Қазақстан Компартиясының идеология хатшысы;
«Қазақстан коммунисі» журналының бас редакторы.

Белгілі есімнің белгісіз сыры
Кәкімжан: қазақ арасында «кәкім» түрінде қолданылатын арабтың «хәким» сөзі данышпан, дана, хәкім деп аударылады. Сонымен бірге философияны да, мистиканы да меңгерген, тылсым сырын түйсінетін, оны адамдарға түсіндіріп, таратып айтып беретін хикмет иелерін «хәким» дейді. Мұсылмандар арасында хәкімдер мен философтардың мәртебесі қашан да жоғары болған. Исі мұсылман арасында Бағдатта ашылған алғашқы Ғылым академиясы (ІХ ғасырда) «бәйт ул-хикмә» деп аталған. Бұл хикмет үйі, хәкімдер шаңырағы деген мағынаны береді.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста