Екібастұздық ата-аналар мектепке конвектордың орнатылуынан қауіптенеді

Екібастұздық ата-аналар мектепке конвектордың орнатылуынан қауіптенеді

Екібастұз мектептерін жылытуға екі күннің бірінде ақау шығатын ЖЭО-ның күші жетпейді. Сол себепті білім ошақтарында электр конвекторлар орнатылып жатыр, деп хабарлайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алайда, биліктегілердің қоғамның талқылауынан өткізбей, көпшіліктің келісімін алмай қондырғыны орнатып жатқанына ата-аналар алаңдаушылық танытуда. Олар балаларының қауіпсіздігі үшін қорқады. Өйткені, конверторларды қолдану үшін қосымша 2МВт электр энергиясы қажет. Яғни, үлкен кернеуді көтере алатын трансформаторлар болуы керек. Ең біріншіден, бұндай қосалқы жабдықтарда техникалық сараптамадан өткен және арнайы сертификаты болуы тиіс. Әйтсе де, Екібастұз қалалық білім беру бөлімі ондай құжаттарды журналистерге жарияламай отыр. Оның үстіне мектептерде конверторларға қызмет көрсететін арнайы мамандар да жоқ. Ертең аяқ асты өрт шықса кім жауап бермек?

"Алаңдайтын ешнәрсе жоқ. Жүктеме болмау үшін техникалық тұрғыдан дайындықтарды жүргізіп жатыр. Арнайы мамандар шақырып, техникалық есеп-қисабын жасады", - дейді Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин.

Дегенмен шаһар басшысы, Ресейде өндірілетін ковекторларды сатып алуға жұмсалған қаржының қай көзден шыққанын айта алмады. Қазір бюджетті қарайтын мәслихаттар жоқ. Сондықтан көкейде сауал қалады. Бәлкім, ТЖ резерві ме, әлде Екібастұздың ЖЭО қаражат бөлді ме? Ол жағы белгісіз. Осы күндері Екібастұз қаласының мектептерінде жылу теңгерімі төмен болғандықтан оқушылар қашықтықтан білім алып жатыр.    

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста