Екі жүректің сырында егіздік бар

Белгілі қоғам және мемлекет қайраткері, жазушы Кәкімжан Қазыбаевтың 4 томдық таңдамалы шығармалар жинағы жарыққа шықты. Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әлеуметтік маңызды әдебиет түрлерін шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрген кітапта жазушының әр жылдары жазылған романдары, повестері, очерктері, өлеңдері мен ой-толғаныстары қамтылған. Осы кітапта сонымен қатар қайраткер қаламгер жайлы замандастарының лебіздерімен де танысуға болады.

Кезінде «Лениншіл жас» газетінің жауапты хатшылығынан Республиканың идеология хатшысы қызметіне дейін өрлеген қайраткер шығармашылыққа адал болды. Соның бір көрінісі – осы 4 томдық таңдамалы шығармалар жинағы. Осы жинаққа Кәкеңнің Кеңес Одағы ыдырамай тұрып, аштық зобалаңы жайында жазған, әлі күнге толыққанды бағасын алмаған «Сұрапыл» романы да енгізіліп отыр. Сонымен қатар жинаққа «Ызғар», «Ақиқатқа ар серік», «Аманат», «Құпия құты», «Қышыма» романдары мен повестері де қамтылған.
Баршаға белгілі, өткен жылы Кәкімжан Қазыбаевтың 80 жылдығы елімізде салтанатты түрде аталып өткен болатын. Осыған орай туған жері Алматы облысы Сарқант ауданы Қойлық ауылындағы Кәкімжан Қазыбаев атындағы Мәдениет үйінің алдында қайраткердің ескерткіші ашылды. Сондай-ақ Сарқант ауданы Бақалы ауылында Кәкімжан Қазыбаев атындағы орта мектепте қайраткердің мүсіні бой көтеріп, Кәкеңнің мұражайы ашылған болатын.

Сонымен қатар, Кәкімжан Қазыбаевтың жары, көрнекті қоғам қайраткері, кезінде ел Үкіметін басқарып, репрессия құрбаны болған Ұзақбай Құлымбетовтің қызы, белгілі педагог Орынша Қарабалина-Қазыбаеваның «Жүрек сыры» деп аталатын ғұмырнамалық хикаяты да жарық көрді. Онда ардагер ұстаздың ел басынан өткерген сындарлы күндері турасындағы естеліктері, ұстаздық қызметтің қыр-сыры мен өмір тәжірибесінен түйген ой-орамдары қамтылған.
Ұлағатты ұстаздың Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов қолдауымен жарыққа шыққан бұл еңбегі «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында елге жолдама алып отыр. 60 жылдай жалықпай ұстаздық қылған Оқу-ағарту ісінің үздігі, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері Орынша апаның бұған дейін «Ұстаз жүгі қашан да ауыр», «Ұстаз бақыты» және «Тағдыр» атты кітаптары жарық көрген болатын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста