Екі хаттама – бір шешім

Екі хаттама – бір шешім

«№175 «Жаңа ғасыр» мектеп-гимназиясының басшылығы мектеп оқушыларының барлығына бірдей мектеп нөмірі жазылған білек белгісін таққызу туралы шешім шығарыпты» деген әңгіме келіп жетті бізге. Сұрастырып білгеніміздей, шүберектен жасалған бір жапырақ эмблеманың құны  350 теңге тұрса керек. Оны біз хабарласқан ата-аналар да растап отыр.

 

untitled-159

Ең алдымен, эмблема бағасы төңірегіндегі әңгімеге кідіре кетсек, шыны керек, көзіқарақты кім болса да, ол білек белгісінің 350 теңге тұратындығына сезіктене қалары сөзсіз. Дәл солай, бізге де «тым қымбат екен» деген ой келді бірден. Демек, мектеп басшылығы мен сол эмблеманы тіккен тігін ательесінің арасындағы келіссөз екі жаққа да тиімді жүргізілуі ғажап емес. Былайша айтқанда, мектеп басшылығы да мүдделі болып отырғанға ұқсайды. Болмаса, ателье өз қызметін тым жоғары бағалап жіберген. Бұл ретте сөз болып отырған мектеп басшылығы білек белгісінің аса қымбат екендігін айтып, бас тартса керек еді.

Осыдан барып туындаған негізгі мәселе мынау: оқушыларымыз қашанғы пайда табудың көзі бола бермек? 

Бұл сұраққа жауапты біз, ең алдымен, Алматы қаласы Білім басқармасынан іздедік. Аталған басқарманың Орта білім беру бөлімінің бастығы Максима Темірбекова:

– №175 мектеп-гимназиясындағы бұл жағдайды мен ең бірінші – сіздерден, дәл қазір ғана естіп отырмын. Негізі, барлық мектеп оқушыларына бірыңғай форма енгізілген. Ал ол формаға қандай да бір қосымша белгі тағу туралы мәселе жергілікті Білім басқармасының, болмаса құзырлы министрліктің арнайы бұйрығымен шешілуі тиіс. Ал біздің тарапымыздан ондай бұйрық берілген жоқ. Бұл мәселені біз анықтап, тексеретін боламыз, – дейді.

Мына бір жұмбақ жайларға айрықша тоқтала кеткенді жөн санап отырмыз. Біріншіден, мектеп директоры мен директордың орынбасары «оқушыларға эмблема тағу туралы шешім мектебіміздің «Сұңқар» өзін-өзі басқару ұйымының отырысында қабылданды» дейді. Әңгіме барысында директор қолымызға әлгі жиналыс кезінде толтырылған хаттаманың қаламмен жазылған нұсқасын берді. Ал кетер кезде директордың орынбасары шығарып салып тұрып «мынау эмблема тағу туралы шешім қабылданған жиналыс барысынан хаттама» деп директор табыстаған  хаттаманың компьютермен жазылған тағы бір данасын ұстатты. Бір қызығы,  екеуі берген бір нөмірлі хаттаманың толтырылған мерзімдері екі басқа. Хаттаманың бірінде «хатшы Құсманова» деп көрсетілсе, екіншісінде Боранбаева деген адамның аты-жөні жазылған. Мұның өзі сол хаттаманың шынымен болғанынан күмән тудырып тұрған жоқ па?!

Екіншіден, мектеп басшылығы «эмблеманы «Орбита 2» ықшамауданында орналасқан жекеменшік ательеде дайындаттық» дейді. Ал ательенің нақты мекенжайын бергілері жоқ. Олар бұл орайда өздерінің ательеге бармағанын және ателье тігіншілерінің мектепке өздерінің келгендерін алға тартады. Алайда мектепте 1303 оқушы бар болса, оны 350 теңгеге көбейтсек, 456 050 теңге шығады делік. Арада осыншама қомақты қаржы жүргенде, мектеп басшылығының бұл шаруаға жеңіл-желпі қараулары тағы күмәнді. Жоқ, әлде біздің ателье басшылығымен кездеспеуімізді қалай ма екен? Неге?

Осы тұста айта кетейік, №175 «Жаңа ғасыр» мектеп-гимназиясының басшылығы «тек эмблема ғана емес, біздің мектептің өзінің  әнұраны, туы бар» дейді онысын мақтан тұтып. Біздің оған қарсы айтар уәжіміз жоқ. Алайда қаладағы барлық мектептерде осындай жағдай. Қанша мектеп, сонша әнұран, сонша ту. Осы қаншалықты керек? Баршамызға ортақ әнұранымыз бен туымыз бар. Тек соған ғана бас иіп, тек сонымен  рухтансақ, сол жетпей ме, деген ой ғой біздікі.

Ал енді мектеп директорына қояр бірнеше сауалымыз бар.

Бір қызығы, әуелде «ол эмблемадан мүлде бейхабармын» деп салған мектеп директорының әңгіме ауаны артынша өзгеріп шыға келді.

«Мен эмблема жайында сіздер хабарласқаннан кейін ғана білдім», – дейді Гаухар Мәнекеева.

Сауалымыз: Сонда қалай, Гаухар Мәнекееваның өзі басқарып отырған мектептің 1-сыныптан бастап, 11-сыныпқа дейінгі оқушылары түгел дерлік тағып жүрген белгіден бейхабар болғаны ма?

 «Біздің мектептің өзінің жарғысы бар. Сол жарғыны басшылыққа алып, Өзін-өзі басқару комитеті белгілі бір уақыттарда жиналыс өткізіп тұрады. Сіздер айтып отырған эмблема «форма ретінде қабылдансын» деген шешім сондай бір жиналыста қабылданған-ды. Міне, мынау хаттама», – дейді Гаухар Мәнекеева.

Сауалымыз: Мектеп директоры таныстырған №1 хаттама мен «артық болмас» деп директордың орынбасары да берген дәл сондай №1 хаттамадағы хаттама толтырылған мерзім неге екі түрлі?

«2008 жылдың 1 желтоқсанында жарық көрген «Жаңа ғасыр» №175 мектеп-гимназиясының жарғысында «Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған барлық қызмет түрлерін жүзеге асыра алады» деген тармағы бар. Біз соған жүгіндік», – дейді Гаухар Мәнекеева.

Сауалымыз: Әрбір мектеп өзі жарғы шығарып, ойына келгенін жасай берсе, не болады? Біздің түсінбегеніміз, ондай жарғыдан жергілікті Білім басқармасы неге бейхабар?

Аманатқа қиянат жасамайық, Гаухар Мәнекеева: «сіздер оқырмандарға жауап жазарда мектебіміздің осы сынды бастамалары бір жағы, оқушыларды елін сүюге үндейді әрі ұйымшылдыққа ынталандырып, өзін-өзі басқарудағы тәлім-тәрбиеге оң ықпал етеді» деген еді, онысын да ұмыт қалдырмаспыз. Иә, «Жаңа ғасыр» жаңа көзқараста екен... Алайда жеткіншекті жақсы қасиетке баулудың басқа да жолдары толып жатыр емес пе?

Рас, бас сынып, көз шыға қойған жоқ. Алайда білім ошақтарының «үй ішінен үй тігулері» сияқты әрекеттері әдетке айналып барады. Құзырлы басқарма дер кезінде тоқтау салып отырмаса, тізгінсіздік арты тағы бір былық-шылыққа әкеп тіремесіне кім кепіл?!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста